Жеке тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін газды пайдалану нормасын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін газды пайдалану нормасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі №400 «Монополистік-Кәсіпорындардың қызметінің бағасы мен тарифтерін мемлекеттік реттеудің қосымша шаралары туралы» қаулысына сәйкес және тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында, Мұнайлы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мұнайлы ауданы бойынша есептегіш құралдары жоқ болған уақытта және тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін, айына адамға газдың пайдалану нормасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Е.К.Ізбергеновке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Мұнайлы аудандық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы _________________Қ.Чарқатбаев «14» қараша 2008 ж.
Басқа 4
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «17» қараша №200-қ қаулысына 1-қосымша Мұнайлы ауданы бойынша есептегіш құралдары жоқ болған уақытта және тұрғын үйлерді жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін, айына 5 адамға газдың пайдалану нормасы ҚР СНиП 4.02-05-2001ж. келісілді «Жылу, желдеткіш және салқындатқыш». Газдың жеке тұрғын үйлердегі 5 адамға 1 айға шаққанда жылу және ыстық суға шығындау нормасы: № Жылытатын ғимараттың көлемі, м2 Ені, м. Ұзындығы, м. Тәуліктік шығыны, м3 Айлық шығыны, м3 1 50-ге дейін 7,00 7,00 69,72 2091,6 2 50-ден 100-ге дейін 10,00 10,00 99,88 2996,4 3 100-ден 150 ге дейін 12,25 12,25 124,1 37,23 4 150-ден 200-ге дейін 14,14 14,14 145,55 4366,5 5 200-ден 250-ге дейін 15,80 15,80 165,27 4958,1 6 250-ден 300-ге дейін 17,32 17,32 184,04 5521,2 7 300-ден 350-ге дейін 18,71 18,71 201,81 6054,3 8 350-ден 400-ге дейін 20,00 20,00 218,81 6564,3 9 400-ден 450-ге дейін 21,21 21,21 235,21 7056,3 10 450-ден 500-ге дейін және жоғары 22,3 22,35 251,06 7531,8