О специальных социальных услугах Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы Осы Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
Тармақша 4
4) әлеуметтік бейімсіздік - жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
Тармақша 5
5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;
Тармақша 6
6) әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;
Тармақша 7
7) әлеуметтік орта - адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуы мен қызмет атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының жиынтығы;
Тармақша 8
8) өмірлік қиын жағдай - адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын, осы Заңда көзделген негіздер бойынша танылған ахуал.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерге қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері
4-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен міндеттері
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясат:
Тармақша 1
1) адамның құқықтарын сақтау;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ізгілік, еріктілік, құпиялылық, атаулылық және қолжетімділік;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасыларының), арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілермен өзара іс-қимылы;
Тармақша 5
5) кешенділік;
Тармақша 6
6) әлеуметтік ықпалдасу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту;
Тармақша 7
7) кемсітпеушілік қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде оны еңсеру үшін жағдай жасау;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің мониторингі және оның сапасын бағалау жүйесін дамыту;
Тармақша 5
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінің дамуын қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ
2-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ
Бап 5. 5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері
5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады.
Тармақ 2-1
2-1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
Тармақ 3
3. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық және делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер көрсетуді қамтуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаты есебінен көрсетеді.
Тармақ 6
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 7
7. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекітеді.
Тармақ 8
8. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Бап 6. 6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер
6-бап. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер
Тармақ 1
1. Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін:
Тармақша 1
1) жетімдік;
Тармақша 2
2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
Тармақша 3
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
Тармақша 5
5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;
Тармақша 6
6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
Тармақша 7
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;
Тармақша 8
8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
Тармақша 9
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;
Тармақша 10
10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
Тармақша 11
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;
Тармақша 12
12) пробация қызметінің есебінде болу.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып айқындайды. Жасалған әрекеттерге қатысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездік таныту нысандары болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3-тарау. АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы құзыреті
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекітеді;
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін айқындайды;
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 8. 8-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
8-бап. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) мыналарды: халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын; білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік жұмыскерлерді аттестаттау қағидаларын; әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын; білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидаларын; халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын; арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын; арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды; халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) мыналарды: арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді; халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді; арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мыналарды: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды; арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді; жеке және заңды тұлғалармен, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8-1. 8-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
8-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) мыналарды: халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын; денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) мыналарды: денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді; халықтың денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді; денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мыналарды: денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды; денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіруді; жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Бап 10. 10-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
10-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 4
4) әлеуметтік қызметкерлер мамандықтарының тізбесін, оларды даярлау мен біліктілігін арттыру стандарттарын бекітеді;
Тармақша 5
5) мыналарды: арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді; халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігіне талдау жүргізуді; арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) мыналарды: арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды; жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
11-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Тармақ 1
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) мыналарды: жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мыналарды: арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсетуін; халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
Тармақша 6
6) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсетудің тізбесі мен тәртібін әзірлейді және оларды облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдарының бекітуіне ұсынады;
Тармақша 7
7) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
Тармақша 8
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
Тармақша 6
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 8
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетiгi
3-1-тарау. Ұлттық алдын алу тетiгi
Бап 11-1. 11-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
11-1-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге және осы қатысушылардың баруы (бұдан әрі – алдын ала бару) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарға барады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.
Тармақ 5
5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Бап 11-2. 11-2-бап. Үйлестіру кеңесі
11-2-бап. Үйлестіру кеңесі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл құратын комиссия Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан сайлайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені; ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін; алдын ала бару үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін; алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; алдын ала бару қорытындысы бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.
Тармақ 3
3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің Азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 11-3. 11-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
11-3-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті немесе айыпталушы;
Тармақша 3
3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;
Тармақша 4
4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
Тармақша 5
5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
Тармақ 2
2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.
Бап 11-4. 11-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
11-4-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушысы:
Тармақша 1
1) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізе алуға;
Тармақша 3
3) құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен алдын ала баруды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының пiкiрi бойынша тиiстi ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесу жүргізуге;
Тармақша 5
5) алдын ала баруға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларға баруға;
Тармақша 6
6) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарлар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы заңды қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болып табылады.
Бап 11-5. 11-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
11-5-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары өз өкілеттіктерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала баруға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Алдын ала бару жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде ол алдын ала баруға қатысудан бас тартуға міндетті.
Тармақ 4
4. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарлар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті. Қабылданған хабарлар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің қарауына беріледі. Қабылданған және берілген хабарлар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы Заңның ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 11-6. 11-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату
11-6-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) осы Заңның ережелері бұзылған;
Тармақша 2
2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініші;
Тармақша 3
3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
Тармақша 6
6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады.
Бап 11-7. 11-7-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі
11-7-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала баруы былайша бөлінеді:
Тармақша 1
1) төрт жылда кемінде бір рет тұрақты негізде жүргізілетін кезеңдік алдын ала бару;
Тармақша 2
2) алдыңғы кезеңдік алдын ала бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ алдын ала баруға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары әңгімелесу жүргізген адамдарды қудалаудың алдын алу мақсатында, кезеңдік алдын ала бару аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала бару;
Тармақша 3
3) азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарлардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала бару.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала бару мерзімдері мен және алдын ала баруға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды.
Бап 11-8. 11-8-бап. Алдын ала бару тәртібі
11-8-бап. Алдын ала бару тәртібі
Тармақ 1
1. Алдын ала баруды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құратын топтар жүргізеді.
Тармақ 2
2. Алдын ала бару үшін топтарды құру кезінде ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала баруға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда, алдын ала баруға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазбаша хабар береді.
Тармақ 4
4. Әрбір алдын ала барудың нәтижелері бойынша топтың атынан Үйлестіру кеңесі бекіткен нысан бойынша жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала баруды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді.
Бап 11-9. 11-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
11-9-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
Тармақ 1
1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын олардың алдын ала бару нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып дайындайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасында: уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар; Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар да қамтылады. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала бару жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.
Тармақ 3
3. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және оны Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады.
Бап 11-10. 11-10-бап. Құпиялылық
11-10-бап. Құпиялылық
Тармақ 1
1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары алдын ала бару барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуге құқылы емес.
Тармақ 2
2. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 11-11. 11-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
11-11-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына олардың заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді. Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнің қолданылу фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабар береді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару нәтижелері бойынша есептері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхатпен жүгінуге құқығы бар.
Тарау 4. 4-тарау. ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМҒА (ОТБАСЫНА) АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
4-тарау. ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН АДАМҒА (ОТБАСЫНА) АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 12. 12-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері
12-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының):
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруге;
Тармақша 2
2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу шарттары туралы ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға;
Тармақша 4
4) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және (немесе) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауға;
Тармақша 5
5) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға;
Тармақша 6
6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
Тармақша 7
7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.
Тармақ 2
2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы):
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау және оларды көрсету туралы шешім қабылдау үшін толық және дұрыс ақпарат беруге;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау процесіне кедергі келтірмеуге;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді осы қызметтерді көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге міндетті.
Бап 13. 13-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруі
13-бап. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне өтініш білдіруі
Тармақ 1
1. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұратын жері бойынша (осы Заңның 15-бабының 7-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда) арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне:
Тармақша 1
1) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге ақылы қызметтерге;
Тармақша 3
3) мыналарға: әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтер ұсынатын субъектілерге; тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерге; баспанасыздық салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін кызметтер ұсынатын субъектілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және (немесе) кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлеміне жазбаша өтініш беру арқылы жүгінеді.
Тармақ 2
2. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) мүддесі үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы өтінішті адамның (отбасының) өз бетінше оны бере алмау себебін көрсете отырып:
Тармақша 1
1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;
Тармақша 2
2) қамқоршысы (қорғаншысы);
Тармақша 3
3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхаты бар адам;
Тармақша 5
5) мынадай: әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау; баспанасыздық салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъект;
Тармақша 6
6) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған көмек көрсету жөніндегі ұйым бере алады.
Бап 14. 14-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау
14-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер айқындайтын өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және айқындау негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау кезіндегі критерийлер:
Тармақша 1
1) тыныс-тіршілігінің шектелуі;
Тармақша 2
2) әлеуметтік бейімсіздік;
Тармақша 3
3) әлеуметтік депривация;
Тармақша 4
4) қолайсыз әлеуметтік орта болып табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыскер осы Заңның 13-бабында көрсетілген адамдардан өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы бойынша осы Заңның 8-бабы 2) тармақшасының бесінші абзацында белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалауды және айқындауды жүргізеді.
Тармақ 4
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау негізінде қорытынды дайындайды, онда қызметтің түрі, алушының санаты, қызмет көрсетілетін жер, қызметтің көрсетілу ұзақтығы, қызметтің мазмұны, жеке ерекшеліктері айқындалады.
Бап 15. 15-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
15-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
Тармақ 1
1. Адам саудасына және баспанасыздыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемнен тыс көрсетілетін қосымша көлемдерін ұсыну бюджет қаражаты есебінен көрсетілген жағдайда олар аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдайды. Аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдағанға дейін осы адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын немесе тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерге көмек көрсететін субъектілерде, олар бюджет қаражаты есебінен ұсынылған (көрсетілген) жағдайда тұра алады.
Тармақ 3
3. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынудан бас тартылған жағдайда аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалауды жүргізу және оны айқындау үшін ұсынылған құжаттарды қайтарады.
Тармақ 4
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден бас тарту үшін:
Тармақша 1
1) осы Заңның 6-бабында көрсетілген негіздерге сәйкес келмеуі;
Тармақша 2
2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дұрыс еместігі негіз болып табылады.
Тармақ 5
5. Бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер оларды көрсету туралы шешім қабылданған күннен бастап жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер жасасқан шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Баспанасыздық, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тұратын жеріне қарамастан ұсынылады.
Тармақ 8
8. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді таңдауды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырады.
Бап 16. 16-бап. Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері
16-бап. Әлеуметтік қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қызметкердің:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына жаңа әдістемелер енгізуге, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
Тармақша 3
3) кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтардан басқа:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті мамандарды тартуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қызметкер:
Тармақша 1
1) өзінің кәсіби құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді меңгеруге;
Тармақша 2
2) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) туралы құпия ақпаратты жария етпеуге;
Тармақша 4
4) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;
Тармақша 4-1
4-1) құқық қорғау органдарына халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлауға;
Тармақша 5
5) кәсіби шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруға;
Тармақша 6
6) кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге;
Тармақша 7
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша жеке жоспар жасауға;
Тармақша 8
8) денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын сақтауға міндетті. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкер, осы баптың 3-тармағында белгіленген міндеттерден басқа, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке сапалы бағалау жүргізуге және оны айқындауға міндетті.
Бап 17. 17-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
17-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер:
Тармақша 1
1) бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған конкурстарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заңнамасына сәйкес қатысуға;
Тармақша 2
2) ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түрлеріне бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер:
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасауға;
Тармақша 3
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелерінің қадір-қасиетін құрметтеуге;
Тармақша 4
4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар мен олардың отбасы мүшелеріне адамгершілікпен қарауға және кемсітушілік іс-әрекеттерге жол бермеуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезіндегі құпиялылықты қамтамасыз етуге;
Тармақша 6
6) әлеуметтік қызметкерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 18. 18-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
18-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау
Бап 19. 19-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру
19-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;
Тармақша 2
2) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуден алынған қаражат;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 20. 20-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау
20-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъект осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда, уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) тексеру аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы орындалуға міндетті ұйғарымдар жібереді;
Тармақша 2
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіні (оның лауазымды адамдарын) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін қажетті шараларды қолданады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым жасалуы мүмкін .
Бап 21. 21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
21-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Бап 22. 22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.