Об утверждении тарифов на медицинские услуги Күшін жойған
Басқа 0
Медициналық қызмет тарифтерін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Заңының 44 бабына сәйкес клиникалық-шығындар топтары бойынша стационарларда көрсетілетін дәрігерлік кепілді көмек көлемінің шығындарын өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қаңтардағы "Мемлекеттік тапсырыс шегіндегі республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, азаматтарға тегін көрсетілетін дәрігерлік көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекіту туралы" N 70 қаулысына орай облыс Әкімінің шешімі:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын қаржыландырудың бірыңғай тарифі мынадай сомамен бекітілсін:
- жалпы облыс бойынша емделіп шыққан бір науқас үшін - 5636 теңге;
- колледждің бір оқушысы үшін - 1439 теңге.
Тармақ 2
2. Көрсетілген қызмет жөніндегі бағдарлама бойынша қаржыландырылатын кәсіпорындарға (Алматы облыстық қан орталығы, Талдықорған аймақтық қан орталығы, Талдықорған қ. қалалық жедел жәрдем станциясы, облыстық сергек өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы) орындалатын жўмыс көлеміне бір ай үшін жалпы 2651 мың теңгеден аспайтын сома белгіленсін.
Тармақ 3
3. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы облыстың әрбір қазыналық кәсіпорнына Медициналық қызметке ақы төлеу жөніндегі орталықтың Алматы облыстық бөлімшесімен мақўлданған тарифті бекітсін.
Тармақ 4
4. Әкім шешімінің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің орынбасары Ж.Ә. Әмірхановаға жүктелсін.