О мерах по усилению контроля за качеством реализуемого зерна и продуктов его переработки Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сатылатын атсық және оны өндеуші өнімдердің сапасына бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2000.06.29 N 137ұ өкімімен. Тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы «Астық және оны өндеуші өнімдерді ішкі сату жіне экспорттау кезеіндегі кажетті құжаттарды ресімдеу тәртібін ықшамдау туралы» N 21 Қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Барлық сауда мәмілесі кезінде, оның ішінде сауда биржалары мен көтерме базарларда сатушының өткізілетін партияға Қарағанды облысы бойынша «Республикалық нан сараптау» еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен берілген сапа сертификатының міндетті түрде болуы анықталсын.
Тармақ 2
2. Облыстық кеден басқармасы (Н.Х.Тілемісов) астық және оны өндеуші өнімдердің экспортына құжаттар ресімдеуді Қарағанды облысы бойынша «Республикалық нан сараптау» еншілес мемлекеттік кәсіпорнымен берілген сапа және «Қарағанды МСО» РМК Қарағанды филиалымен берілген сәйкес келу және өту сертификаты болған жағдайда ғана жүргізсін.
Тармақ 3
3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Т. Тұңғышбековке жүктелсін.