Об утверждении Положения "О порядке содержания зала игровых автоматов на территории города Алматы" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласының аумағында ойын автоматтары залын ұстау тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 11.10.2004 № 4/829 қаулысымен.
Тарау 1
Алматы қаласында ойын автоматтары залын ұстау жөніндегі қызметті тәртіпке келтіру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкіметті және атқарушы өкімет органдары туралы" Заңын орындау үшін Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Алматы қаласының аумағында ойын автоматтары залын ұстау тәртібі туралы" Ереже бекітілсін (N 1 Қосымша).
Тармақ 2
2. Ойын бизнесі саласындағы заңдылықты сақтауға бақылау жөніндегі Комиссияның құрамы бекітілсін (N 2 Қосымша).
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Қ.Е. Жанбыршинге жүктелсін.
Басқа 5. ЕРЕЖЕ
Алматы қаласының Әкімінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 827 шешіміне N 1 Қосымша Алматы қаласының аумағында ойын автоматтарын залын ұстау тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ереже ойын автоматтарын пайдаланып, ақша ұтыстарының табысын алуға бағытталған ойын бизнесі ретінде ойын автоматтары залын ұстау жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүргізудің бірыңғай тәртібін анықтайды.
Тармақ 1.2
1.2. Осы Ереженің қолданысы Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін ойын автоматтар залына тарайды.
Тармақ 1.3
1.3. Осы Ережеде мынадай негіздер анықталады: Ойын автоматтары залы - ойын автоматтары қондырылған және пайдаланылатын жеке жай немесе жайдың бөлігі, сондай-ақ қолданыстағы заңдарда тыйым салынбаған басқа қызмет түрлерін көрсетеді. Ойын автоматтары - ойнаушылар ақы ұтысын алуға бейне, дисплей, электр роликтер арқылы ақшалы ұтысты ойын автоматтары жиынтығы. Тексеруші орган - өзінің құзыреті шеңберінде тексеруді өткізуге заңмен өкілденген мемлекеттік орган. Ұстаушы - ақшалы ұтыстың ойын автоматтарын пайдалануды ұйымдастырушы заңды немесе жеке тұлға. Арнайы комиссия - ойын бизнесі саласында заңдылықты сақтауды бақылау жөніндегі Алматы қаласының жанындағы комиссия.
Тарау 2. 2. Ойын автоматтарын залын ұстау
2. Ойын автоматтарын залын ұстау
Тармақ 2.1
2.1. Ойын автоматтарының залына талап.
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Ойын автоматтарының залы балалар бақшаларында, мектептерде, медициналық жайларында орналастырылмайды. Ойын автоматтарын залының тұрған жайы санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздік нормаларына сәйкес болып, қоғамдық тәртіп сақтап, сондай-ақ Ұстаушының материалдық игіліктерін сақтайды.
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Ойын автоматтары залының жайы келушілерге қызмет көрсету аумағынан тұрады, онда ойын автоматтары болады, сондай-ақ кассирдің жұмыс орны немесе кассир мен техниктің жұмыс орнынан тұрады.
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Кассир немесе кассир техниктің жұмыс орны басқа ойын автоматтары залынан бөлек болады, мұнда келушілермен есептесетін кассалық аппарат болады, Ұстаушының ақша қаражаты және материалдық құндылығын есептеуге бақылауға және сақтауға қажетті басқа жабдықтар болады.
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Келушілер кассирдің жұмыс орнына кіруіне тыйым салынады.
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Ойын автоматтары залында орналасқан Ұстаушының иелігінде болады, қолданыстағы заңдарға сәйкес жалға немесе оған лизингке немесе басқа негізде беріледі.
Тармақ 2.2
2.2. Ойын автоматтары залының жұмыс тәртібі
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Ойын автоматтары залының жұмыс тәртібін Ұстаушы өз бетінше белгілейді. Бұл жағдайда ауысым уақытысында немесе техникалық үзіліске дейін оны өзгерте алмайды. Тәуліктік жұмыс тәртібінде техникалық үзілісті енгізуі тиіс.
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Ұстаушы ойын автоматтары залына келушілерге жол ашып, оларға әртүрлі қызықты ойын түрлерін ұсынып, кино және бейнефото шығармашылықтарды жүргізуге толық рұқсат алғанша, сондай-ақ суық қаруды өзімен алып кіруге тыйым салады (құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ойын автоматтары залына қажетті қызмет бабымен келеді және өздерінде табельдік қаруы болады).
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Ұстаушы келушілерге олардың ойын автоматтары залында болуында өз тәртібін белгілейді. Бірақ, мыналарға тыйым салынады: - ойын автоматтары залына ішімдікті пайдалануға немесе нашақорлыққа жол берілмейді; - 16 жасқа толмаған азаматтарға ойын автоматтарында ақшалы ұтыспен ойнауға; - ойын автоматтары залы аумағында қандай да болмасын улайтын жанар-жағар май немесе жарылатын заттарды алып келуге.
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Ойын автоматтары залына келуші азаматтарға жалпы талап: - ойын автоматтары залындағы Ережені ұстану; - өзін жақсы ұстау, бейпіл сөз айтпау, басқалардың мазасын алмау; - ойын автоматтары залының қызметкерлерінің талабын мүлтіксіз орындау. Бұл жағдайда келушілер қызметкерлерге Ұстаушыға өтініш айтады. Бұл үшін ойын автоматтары залында көрнекті жерде Ұстаушының реквизиттерінің мәліметтері болуы тиіс.
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Ойын автоматтары залындағы ақпараттар жұмыс тәртібі, ойын тәртібі және адамдардың жеке тәртібі көрнекті жерге ілінуі тиіс. Олар ресми мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.
Тармақ 2.3
2.3. Ойын автоматтарына талап
Тармақ 2.3.1
2.3.1. Ойын автоматтары Ойын автоматтары залында қондырылады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарт талабына сертификаты сай болуы тиіс.
Тармақ 2.3.2
2.3.2. Ойын автоматтарында жағдайға байланысты ұтысты алуға рұқсат берілген ойындар ғана ойналады.
Тармақ 2.3.3
2.3.3. Ойын автоматтары жалпылама басқалар ойнағанда бір-біріне кедергі келтірмейді.
Тармақ 2.3.4
2.3.4. Әрбір ойын автоматында реттік инвентарлық нөмірі бар кесте ілінеді.
Тармақ 2.4
2.4. Ойынды жүргізу
Тармақ 2.4.1
2.4.1. Ойын автоматтары залындағы ставкалар теңгемен төленеді. Ұтыс белгіленген тәртіп бойынша теңгемен касса арқылы жүргізіледі. Ұстаушы төлем ақша мөлшерін белгілейді. Төлем ақша мөлшері жөніндегі ақпаратпен кассаның жанындағы ойын автоматында танысуға болады. Ақшаны алысымен кассир ойын автоматында егер де несие немесе жетон болса, онда ойнаушыға тиісті жетондардың мөлшерін береді. Ойыншы қолындағы бар жетонын қолма қол ақшаға ауыстыра алады.
Тармақ 2.4.2
2.4.2. Ойынның басталуы ойын автоматтары залындағы белгіленген уақытпен өткізіледі. Бұл уақытта ойын автоматтарының барлығы ойынға әзір болуы тиіс.
Тармақ 2.4.3
2.4.3. Ойынның өткізілуі белгіленген ойын автоматтары залындағы жұмыс уақытысымен аяқталады. Осы уақыт болғанға дейін ойын автоматтары уақытша тоқтатылады. Оған "БОС ЕМЕС" деген жазу жазылады. Егер де ойыншы оған өзінің "несие" карточкасын тастап кетсе. Автоматтың ойын мезгілін ұстаушы анықтайды. Қысқаша мерзімдегі берілген уақытта келушілер үшін нақты жазылады. Ойын автоматтарының залы жабылар алдында кассир 30 минут бұрын бұл туралы ойыншыларға хабарлайды. Осы уақыт аяқталысымен ойын автоматтарының залы жабылады.
Тармақ 2.5
2.5. Ойын автоматтары залының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тармақ 2.5.1
2.5.1. Ойын автоматтары залының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс істеуін ұстаушы анықтайды.
Тармақ 2.5.2
2.5.2. Ойын автоматтары залын қорғаған жағдайда оның нұсқаулығын ұстаушы (келісуімен) бекітіледі.
Тармақ 2.6
2.6. Ойын автоматтары залындағы ақша айналымы мен жетондар қозғалысының есебін жүргізу тәртібі
Тармақ 2.6.1
2.6.1. Ойын автоматтары залындағы ақша айналымы мен жетондар қозғалысының есебін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2.6.2
2.6.2. Ойын автоматтары залындағы ойнаушылармен есеп айырысу кезінде бақылау кассалық аппараттар болады. Ойын автоматтары залындағы ойнаушылармен есеп айырысу кезінде бақылау кассалық аппараттарын пайдалану Қазақстан Республикасының нормалық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2.6.3
2.6.3. Ойын автоматтары залындағы ойнаушылармен есеп айырысу кезінде бақылау кассалық аппараттарының санын ұстаушы анықтайды.
Тармақ 2.6.4
2.6.4. Ойын автоматтары залындағы ойнаушылармен есеп айырысу кезінде бақылау кассалық аппараттары Мемлекеттік реестрге енгізіледі, салық органдарында тіркеледі және кассалық бақылау аппараттарын қызмет көрсету техникалық ұйымдарына есеп беріп тұрады. Бақылау кассалық аппараттарды қондыру туралы құжаттың көшірмесі ойын автоматтары залында салық органдарына есеп үшін болады.
Тармақ 2.6.5
2.6.5. Ойын автоматтары залын ұстау ерекшелігінің есебі кассир операциясының кітабына міндетті түрде жазылады. Сонымен бірге оның сомасы жұмыстың басталуы және аяқталуы, оның ішінде: ойыншыларға сыйақы беру, кассадан кіріс және шығыс бойынша төлемдер, банкілерге инкассациялар және басқалар болады. Кассир операциясының кітабы нөмерленген, желімделген және салық инспекторының басшының, бас аға бухгалтердің қолы қойылып, ұстаушының мөрі басылады.
Тармақ 2.6.6
2.6.6. Ауысым аяқталысымен есеп қорытындысын көреді. Ақшаның айналымы туралы есеп жазады, онда ауысымның басталысы, ақшаның айналымы, кассалық операциялар, ауысымның соңындағы кіріс пен шығыстың қалдығын есептейді. Есепке бақылау кассалық чегі қоса беріледі (бақылау лентасы ауысымның аяғына дейін). Кассалық есеп бақылау кассалық чегі қосылысымен және басқа қаржы құжаттармен ұстаушының бухгалтериясына тапсырылады. Ойын автоматтары залындағы табыстар белгіленген тәртіп бойынша ұстаушының кассасына тапсырылады немесе тиісті құжаттар рәсімдеу арқылы банкіге беріледі.
Тармақ 2.6.7
2.6.7. Бір "несие" (ұпай) немесе жетон құнын ұстаушының бұйрығымен белгіленеді.
Тармақ 2.6.8
2.6.8. Ойын автоматтары залындағы қалыпты жұмыс үшін ұстаушының бұйрығымен ойыншылар арасында ұтыс мөлшерінің сомасы ұстаушының кассадағы қалған лимиті бойынша анықталады.
Тармақ 2.6.9
2.6.9. Ойын автоматтары залындағы кассирдің жұмысына бақылауды ұстаушы жүргізеді.
Тарау 3. 3. Ойын автоматтары залын ұстаудағы бақылауды ұйымдастыру
3. Ойын автоматтары залын ұстаудағы бақылауды ұйымдастыру
Тармақ 3.1
3.1. Ойын автоматтары залын ұстаудағы бақылау қызметін жүргізуді ұстау үшін қолданыстағы заңды және осы Ереженің талаптарын қадағалау үшін жүзеге асырады.
Тармақ 3.2
3.2. Ойын автоматтары залын ұстау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады, қолданыстағы заңдарға сәйкес өкілетті басқа да мемлекеттік органдар. Ескерту: 3.2. тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімінің 10.02.2003 № 14 шешімімен .
Тармақ 3.3
3.3. Тексеруші орган ойын автоматтары залының қызметін тексереді және тексеру нәтижесі бойынша хаттама (акті) жасайды, яғни, қолданыстағы заңдарға сәйкес. Хаттама (акті) тексеруді жүзеге асырушылар және ұстаушы қол қояды. Ұстаушы немесе оның өкілі хаттамаға (актіге) қол қоймаса, онда тиісті жазба жазылады.
Тармақ 3.4
3.4. Тексеруші орган өзінің құзыреті шегінде ойын автоматтары залындағы тексеру нәтижесіндегі болған тәртіп бұзушылық туралы ескерту жасайды.
Тармақ 3.5
3.5. Ұстаушы осыларды орындамаған жағдайда немесе қолданыстағы заңдар талаптарына осы Ережеге сәйкес заңдылықты бұзған жағдайда, Тексеруші органның талабын орындамаған жағдайда бұл жөніндегі материалдар Арнайы комиссияда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес шара қолдану үшін қабылданады.
Тармақ 3.6
3.6. Лауазымды тексеруші органның адамдары әділетті болулары тиіс және тексеру кезінде ұстаушының құпиясын және тексеру барысындағы оған мәлім жағдайларды жария етпеуі тиіс.
Тармақ 3.7
3.7. Залдың қызметкерлері тексеру барысында тексеру органының өкілдеріне барлық жағдай жасаулары тиіс. Оларға тиісті құжаттармен зал қызметіне байланысты мәліметтерді беруі тиіс.
Тармақ 3.8
3.8. Ойын автоматтары залының қызметкерлері кассалық құжаттардан басқа өз иеліктерінде мыналар болуы тиісті: - ұстаушының құрылтайшы құжаттарының көшірмесі; - құқық меншігін растайтын құжаттардың көшірмесі немесе жайды пайдалану жөніндегі басқа құқықтар; - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандартының талаптарына сай ойын автоматтарының сертификатының көшірмесі; - бақылау кассалық аппараттарының тіркелгені жайлы көшірмесі; - ойын автоматтары залындағы ақша қаражаты мен жетондардың айналысы туралы есеп тәртібін анықтайтын ұстаушының бұйрығының көшірмесі; - ұстаушының ойынның ең аз мөлшері туралы бұйрығы, өкімі, көшірмесі; - ойын аппараттарын тіркеу туралы салық комитетіндегі құжаттар көшірмесі; - ойын автоматтары залында қондырылған автоматтардың типі, шығарған фирмасы, автоматтарды пайдалану құқығын растайтын құжаттар тізбесі.
Тарау 4. 4. Арнайы комиссия қызметінің тәртібі
4. Арнайы комиссия қызметінің тәртібі
Тармақ 4.1
4.1. Арнайы комиссия тексеру органдарының іс-қимылдарын үйлестіруді жүзеге асырады, олардың өкілдері Арнайы комиссияның құрамына кіреді, ойын автоматтары залының қызметіне бақылау жасау жүйесін жетілдіреді, Алматы қаласы Әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің және органдарының ұсынысын қарастырады және ойын автоматтары залы қызметінің бақылау жүйесіндегі өз құзыреті шегіндегі жұмыс істейтін ұйымдарға көмек көрсетеді.
Тармақ 4.2
4.2. Арнайы комиссияның құқықтары: - Алматы қаласындағы ойын автоматтары залының қызметін бақылау жөніндегі өткізілген жұмысқа атқарушы өкімет органдарының өкілдерін тыңдайды; - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бұзған қызметі үшін ойын автоматтары залының ұстаушыларына әкімшілік немесе басқа шараларды қолдану туралы тиісті органдарға өтінім жасайды немесе осы мәселелерді қарастырады; - комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті материалдарды және ақпараттарды сұрастырады.
Тармақ 4.3
4.3. Осы Ереженің талаптарын орындаушы Арнайы комиссияның өкілетті органы Алматы қаласы аудан әкімдерінің аппараттары болып табылады. Ескерту: 4.3. тармақ өзгерді - Алматы қаласы Әкімінің 10.02.2003 № 14 шешімімен .
Тармақ 4.4
4.4. Арнайы комиссияның мәжілісі айына бір рет қажетіне қарай өткізіледі және оған қатысушылардың жартысынан көбі қатысса өкілетті болып табылады.
Тармақ 4.5
4.5. Арнайы комиссияның шешімі көпшілікпен, ашық дауыспен қабылданады, Комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия Төрағасы немесе оның орынбасары мәжілісте төрағалық етушілер қол қояды.
Тармақ 4.6
4.6. Арнайы комиссия қабылдаған шешімдер оның құзыреті шегінде Алматы қаласы Атқарушы өкімет органдары, ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар үшін осы шешім міндетті болып табылады.
Басқа 61. Комиссия мүшелері:
Алматы қаласының Әкімінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 827 шешіміне N 2 Қосымша Алматы қаласында ойын бизнес саласындағы заңдылықты сақтауды бақылау жөніндегі арнайы комиссияның құрамы 1. Қ.Е.Жанбыршин - Комиссия төрағасы - Алматы қаласы Әкімінің орынбасары 2. А.У.Сәрсенов - Салық комитеті Төрағасының орынбасары - комиссия Төрағасының орынбасары 3. Т.Б.Жайсанбаев - Комиссия хатшысы - Алматы қаласы Әкімі орынбасарының көмекші-кеңесшісі Комиссия мүшелері: 4. П.Е.Орлов - Экономика Комитеті Төрағасының орынбасары 5. Қ.С.Тыныбеков - Алматы қалалық ІІББ әкімшіліктік қызмет полициясының бастығы 6. В.А.Меркер - Санэпид басқармасының бастығы 7. С.Д.Кребаев - Өртке қарсы қызметтің бастығы 8. В.И.Колтушкин - Ойын бизнес қызметкерлерінің Қазақстандық ассоциациясы (келісуі бойынша) 9. Е.Г.Чадияров - Ойын бизнес қызметкерлерінің Қазақстандық ассоциациясы (келісуі бойынша)