Об утверждении положения о государственном учреждении "Департамент труда, занятости и социальной защиты населения Северо-Казахстанской области" Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысының «Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 29.08.2001 № 108 өкімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтудың мемлекеттік жәрдем қорының және мемлекеттік халықты жұмыспен қамту қызметтерінің мәселелері» жөніндегі 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 68 қаулысын орындау үшін және облыс әкімінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы №5 өкімін және 1999 жылғы 31 наурыздағы ел Парламенті Палаталарының біріккен отырысында сөйлеген сөзінде оның берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 сәуірдегі № 85 шешіміне сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты қорғау департаменті мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін (қоса берііледі).
Тармақ 2
2. Аудандар мен Петропавл қаласы әкімдеріне, 1999 жылдың 30 сәуіріне дейін осы шешімнің негізінде аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері туралы ереже әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 3
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы И.Е.Шнитко азаматтық Кодекстің 42 бабына сәйкес мемлекеттік мекемелерді қайта тіркесін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінің 1999 жыл 22 сәуірдегі № 86 шешімімен бекітілді "Солтүстік Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен камту және халыкты әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі жөніндегі ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. "Солтүстік Қазақстан облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі, облыс әкімі аппаратының дербес атқарушы органы болып табылады және өз қызметін Конституцияға, Заңдарға, Президент пен Республика Үкіметінің актілеріне, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің негізгі қызметі еңбек және оны қорғау, Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы еңбекке қабілетті тұрғындарды, тұрмысы жұқа тұрғындар жігін әлеуметтік қорғау және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңды актілеріне сәйкес осы салаларда реформаны іс жүзінде жүзеге асыру жөніндегі облыстың басқа мемлекеттік органдарының жұмыстарын үйлестіру.
Тармақ 3
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының ел-таңбасы бейнеленген, мемлекеттік тілде атауы көрсетілген мөрі және жүктелген қызметін орындау үшін қажетті банкте есеп-шоты мен басқа да шоттары болады.
Тарау 2. 2. Еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің негізгі міндеттері мен қызметі
2. Еңбек, жұмыспен камту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің негізгі міндеттері мен қызметі
Тармақ 4
4. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің негізгі міндеттері мен қызметі мыналар болып табалады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Еңбек заңдарын жүзеге асыру, нақтырақ: "Еңбекті қорғау туралы"; "Қазақстан Республикасының еңбек мәселелері жөніндегі кейбір заңды актілеріне өзгерістер енгізу туралы»; «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарды, Халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының басқа да заңды актілерін жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) Еңбекті ұйымдастыру және жалақы халықты жұмыспен камту жұмыссыз азаматтарды алеуметтік қорғау қамтамасыз ету салаларында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу:
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтығы жоқ азаматтар мен Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрақты тұратын шет еңбек және басқа әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыруларын бақылау, оларға қолданылып жүрген заядарда көзделген әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қауіпсіз және зиянсыз еңбекті мотивациялау, өндірістік қауіптерді жинықтау және оларды жою жөніндегі ұсыныстардың орындалуын бақылау;
Тармақша 5
5) өндірістегі бақытсыздық оқиғалар мен кәсіптік ауруларға зерттеулер жүргізу;
Тармақша 6
6) меншік нысандарына қарамастан, барлық деңкеилерде оқыту және кәсіптік даярлау үшін еңбекті қорғау бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындарда, мекемелерде және тиымдарда қолайсыз еңбек жағдайында еңбек ететін жұмысшыларды қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) еңбекті қорғау мәселесі бойынша органдар мен ұйымдарды мемлекеттік басқаруды және олардың байланыс әрекеттерін үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) Жалақы мен демалыстық сомалардың дер уақытта төленуіне, қызметкерлердің еңбек кітапшаларын толтыру ісі мен оны толтырудың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) еңбек туралы заң, еңбекті қолдау жөніндегі ережелер және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң бұзылған жағдайларда, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес санкциялар қабылдауға;
Тармақша 11
11) еңбек келісім-шарттарының (контрактлардың) дұрыс жасалуын бақылау;
Тармақша 12
12) халықтың тұрмыс және кіріс деңгейін көтеру, еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) үш жақты келісім-шарттар, әлеуметтік әріптестік негіздерінде еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі келісімдер мен ұжымдық келісім шарттарды әзірлеуге іс жүзінде көмек көрсету, меншік иелерінің өкілдері мен (жұмыс берушілер) және еңбеқ ұжымдары араларындағы еңбекақы төлеу, еңбек жағдайы, техникалық қауіпсіздік және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері бойынша даулы жағдайларды шешуге қатысу;
Тармақша 14
14) меншік иелерінің (жұмыс берушілердің) меншік нысандарына қарамастан еңбек туралы, "Еңбек қорғау туралы" және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдардың орындалуына мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) еңбек жағдайларына сараптама жүргізу және жұмыс орындарын аттестациялау, оларды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды пысықтау, берілген ұсыныстардың өндірілуі мен іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 16
16) қысқартылған жұмыс күні белгіленетін және қосымша демалыс беретін өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің және лауазымдардың өнімдерінің дұрыс пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 17
17) ең төменгі жалақы туралы, әлеуметтік зерттеулер негізінде есептік көрсеткіш көлемі туралы жоғары тұрған органдарга ұсыныстар енгізу;
Тармақша 18
18) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, статистика және талдау жөніндегі облыстық басқарманың ең төменгі сұраныс минимумының орта-тоқсандық көрсеткіштері туралы мәліметтері негізінде кедейшілік шегін және тұтынушылар себетін айқындау;
Тармақша 19
19) меншік нысандарына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелерге біріңғай тарифтік жүйесін өндіру және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 20
20) еңбек рыногындағы жағдайларды талдау және болжау, халықты жұмыспен қамтудың перспиктивалық және ағымдағы бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 21
21) аймақтың әлеуметтік-экономикалық өзгерістеріне, жұмыспен қамту қызметіне келгендердің кәсіптік құрамының жеке жұмыссыздардың бос жұмыс орындарына сәйкестіктеріне талдаулар жүргізу, баланстың бұзылу сезебін айқындау және еңбек рыногін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;
Тармақша 22
22) Жұмыссыз тұрғындарды кәсіптік оқыту, оқу орындарындағы сұраныстарды айқындау, оқу бағдарламаларын таңдау, оқу орындарымен және кәсіпорындармен өндіріс орындарында оқыту үшін шаруашылық есептегі келісім-шарттар жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 23
23) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында мемлекеттік тапсырысы орналастыру арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
Тармақша 24
24) кәсіптік оқыту және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қаржыларының тиімді пайдаланылуын талдау;
Тармақша 25
25) еңбек рыногындағы кадрлар жағдайына болжамдық-талдау тұрғысында (оқу орындары түлектерінің кәсіптік және жұмыспен қамту қызметіне келгендердің құрамдарына, еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес) бағалау;
Тармақша 26
26) азаматтарды ерікті түрде көшіру бағдарламасы аясында еңбек ресурстарын аумақ бойынша қайта бөлуді ұйымдастыру және шетелдік жұмыс күшін әкелу мен әкетуді бақылау;
Тармақша 27
27) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты еңбек рыногы туралы құлақтандыру,
Тармақша 28
28) тиімді жұмыс орнын сақтап қалуға және қосымша жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;
Тармақша 29
29) облыстың еңбек рыногындағы жағдайларға қарай азаматтардың ерікті түрді көшулеріне жәрдемдесу;
Тармақша 30
30) азаматтар мен жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға мемлекеттік тапсырыс орналастыру үшін еңбек жөнінде делдалдықпен айналысатын, жеке және барлық нысандағы заңды тұлғаларға конкурстық негізде талдаулар жасалсын;
Тармақша 31
31) мүдделі атқарушы өкімет органдарымен келісім бойынша әлеуметтік-еңбек меселелерін, тұрғындардың аз қамтамасыз етілген жиін қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі аймақтық бағдарлама жобаларын әзірлеу және өз құзіреті аясында олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 32
32) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес еңбекке орналастыру мәселелерінде делдалдық қызметті лицензиялауды ұйымдастыру;
Тармақша 33
33) халықтың өмір деңгейі мен кірісін көтеру, жалакы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 34
34) жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен төленетін женілдіктер мен өтемақы және жәрдемақы тағайындаулардыңды және олардың орнын толтыру жөніндегі қолданылып жүрген заңдардың жүзеге асырылуын және орындалуын бақылау;
Тармақша 35
35) үй шаруашылығын дамыту және жеке және орта бизнесті дамыту мақсаттарында көпбалалы отбасыларын, аз қамтамасыз етілгендерді және жұмыссыз азаматтарды микрокредиттеу жөніндегі бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 36
36) отбасын, аналарды, әкелерді және балаларды, мүгедектерді, Ұлы Отан соғысына қатысқандарды және олардың отбасыларын, сондай-ақ әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындардың басқа жіктерін қолдау жөнінде шаралар әзірлеу және іске асыру;
Тармақша 37
37) мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптама жасауды және сауықтыруды, тұрғындарға протездік ортопедиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 38
38) атқарушы өкімет органдарымен бірлесе отырып, мүгедектерді, еңбек етуге жарамсыз егде азаматтарды сауықтару және оларға әлеуметтік кызметтер көрсету жөнінде жергілікті жерлер бойынша мамандандырылған қызметтер ұйымдастыру;
Тармақша 39
39) облыста мүгедектер қарттар және психохрониктар үшін үй интернаттар қызметін ұйымдастыру және ұстау;
Тармақша 40
40) азаматтардың ұсыныстарын, өтініштері мен араз-шағымдарын, олар бойынша қажетті шаралардың қабылданылуын қарау, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жөне консультациялау.
Тарау 3. 3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің құқы.
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің құқы.
Тармақ 5
5. Еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне қойылған міндеттерді және жүктелген қызметтерді атқару үшін мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) облыстың жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысандарын қарамастан ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан белгіленген тәртіпте құжаттар, қорытындылар, анықтамалар еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне жүктелген қызметтерді жузеге асыру үшін қажетті басқа да материалдар сұрауға және алуға;
Тармақша 2
2) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментнің құзіретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың қызметтеріне әдістемелік басшылық жасауға, еңбек, жұмыспен ету және халықты әлеуметтік қорғау салаларында заңдылық. Оларды пайдалану жөнінде түсініктемелер беруге;
Тармақша 3
3) өз қүзіреті аясында еңбекті қорғау жөнінде ережелер мен нормалар, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстар жүргізуге, ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық талаптарды белгілеуге және бекітуге;
Тармақша 4
4) ұйымдардағы еңбек туралы заңдылықтардың, еңбек қорғау жөніндегі ережелердің және «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңның сақталуын бақылауды іске асыру және осы мақсаттар үшін департаменттің лауазымды ұлғалары тәулік мерзіміне қарамастан еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция туралы ережеге сәйкес ұйымдардың, мекемелердің және кәсіпорындардың аумағына кедергісіз кіруге;
Тармақша 5
5) кәсіпорындарға, ұйымдарға және жекелеген тұлғаларға еңбек жағдайын талдау және бағалау жөніндегі жұмыстар жүргізуге аттестация кіргізуге және сертификаттар мен лицензия беруге;
Тармақша 6
6) нысандарды пайдалануға беруді кабылдау жөнінде мемлекеттік комиссиялар жұмысына қатысуға;
Тармақша 7
7) еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлап шығару кезіндегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының мемлекеттік емтихандық комиссиялардың жұмыстарына қатысуға;
Тармақша 8
8) еңбекті қорғау жөніндегі талап нормаларына жауап бермейтін кәсіпорындарды, жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын және жабдықтарды пайдалануды тоқтатуға (тиым салуға);
Тармақша 9
9) заңдарда белгіленген тәртіпте кәсіпорындардың басшыларына, лауазымды тұлғаларға, жұмысшыларға еңбек туралы заңды бұзғаны, дер уақытында жалақы төлемгені, еңбек және жұмыспен қамтуды қорғау жөніндегі нормалық актілерді сақтамағандары үшін айып салуға, көрсетілген тұлғаларды лауазымды қызметтерінен шеттету жөнінде ұсыныстар жасауға, қажет болған жағдайларда, оларды заңдарға сәйкес жауапқа тарту туралы мәселені шешу үшін прокуратура органдарына материалдар беруге;
Тармақша 10
10) еңбек туралы заңдылықтардың, «Халықты жұмыспен қамту» және «Еңбекті қорғау туралы» заңдардың бұзылуын жою жөнінде міндетті болып табылатын жазбаша ескерту беруге;
Тармақша 11
11) өндірпстік және әлеуметтік түрмыстық сипаттағы нысандарды салу, реконструкцшшау және техникалық қайта жарақтандыру барысына, еңбекті қорғау талаптарын сақтау бойынша, алдын ала қадағалау жүргізуге ;
Тармақша 12
12) еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департа-ментінің/қарауына жататын жекелеген мәселелерді қарау және әзірлеу және проблемаларды шешу үшін, келісім-шарт негізінде, ғылыми мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандары мен қызметкерлерін тартуға;
Тармақша 13
13) бюллетендер, журналдар мен басқа да басылымдар шығаруғы;
Тармақша 14
14) Алқа отырыстарында, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің құзіретіне жататын меселелер бойынша меншік нысандарына қарамастан, ұйым, кәсіпорын және мекеме басшыларының есептерін тыңдауға;
Тармақша 15
15) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банктерде бюджеттен тыс есеп шоттар ұстауға;
Тармақша 16
16) қолданылып жүрген заңдарда және облыс өкіміні шығаратын нормативтік актілерде қарастырылған басқа да өкілеттіктерді іске асыруға;
Тармақша 17
17) жұмыс берушілерден нәтижесінде болуы мүмкін, қызметкерлерді қысқарту ықтимал құрылымдық өзгерістер және басқа шаралар, сондай-ақ босатылатын, қабылданатын және босатылған қызметкерлердің саны мен кәсіптік-біліктілік құрылымы туралы ақпараттар алуға;
Тармақша 18
18) олардың аумағында орналасқан ұйымдарда жалақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізуге.
Тарау 4. 4. Мүлік және қорлар
4. Мүлік және қорлар Мекеменің мүлкін негізгі қорлар жөне айналым қорлары, сондай-ақ дербес баланста құндары көрсетілетін басқа да құндылықтар құрайды. Мекеменің мүлкі облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен қалыптастырылады. Мекеме негізгі қорларға жататын оларға бекітілген мүлікті Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің келісімінсіз игіліктен шығаруға хақылы емес.
Тарау 5. 5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің кызметін ұйымдастыру
5. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің кызметін ұйымдастыру Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келісімі бойынша қызметке тагайындайтын және одан босататын бастық басшылық етеді, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің құзіретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттік билік органдарында, өкілетті және сот органдарында және басқа органдар мен ұйымдарда бастық: - еңбек жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің қызметіне басшылық жасайды және озіне жүктелген міндеттер мен кызметтерді атқарылуы үшін дербес жауапкершілік ұстайды; - оның департамент бастығымен тағайындалатын және жұмыстан босатылатын орынбасарлары болады, олардың араларындағы міндеттерін бөледі және оларға еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің жекелеген салаларына басшылық жасауға жауапкершілік жүктейді; - оның ведомство қарауындағы ұйымдар мен мекемелердің ережесін бекітеді; - департаментің құрамына енетін бөлімдердің, оның ведомстволық рауындағы ұйымдардың жұмыстарын бақылайды, бұйрықтар мен өкімдер шығарады, орындалуға міндетті нұсқаулар береді; - еңбек, жұмыспен қамту жөне халықты әлеуметтік қорғау департаментінің құрылымын және бекітілген ассигнация шеңберінде шығыстар сметасын белгіленген жалақы қоры мен қызметкерлер санының штаттар кестен бекітеді; - белгіленген тәртіпте, басқару аппаратының және ведомство арасындағы қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; - белгіленген тәртіпте, котермелеу, материалдық көмек корсету, тәртіптік сөгістер беру мәселелерін шешеді; - оған заңдарда берілген басқа да өкілеттіктерді іске асырады; - бастық болмаған жағдайда оның міндетін оның нұсқауы бойынша орынбасарлардың бірі атқарады.
Тармақ 7
7. Маңызды аймақтық және салалық проблемаларды талқылау және шешу үшін еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментінде құрамына бастық (алқа торағасы), лауазымдары бойынша оның орынбасарлары және басшылық ететін қызметкерлер кіретін алқа құрылады. Алқаның дербес құрамын департамент бастығы бекітеді. Алқаның шешімі департамент бастығының бұйрығымен, немесе алканың ресми хаттамасымен іске асырылады. Құрылымдық бөлімшелер мен ведомство қарауындағы ұйымдар өз қызметтерін олар туралы жеке ережелер негізінде, ондай болмаған жағдайда осы ереже негізінде жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Мекеменің қызметін кайта ұйымдастыру және тоқтату тәртібі
6. Мекеменің қызметін кайта ұйымдастыру және тоқтату тәртібі Мекемені кайта ұйымдастыру (бірігу, косылу, бөліну, бөлініп шығу, кайта ұйымдастыру) колданылып жүрген заңдарда қарастырылған жағдайларда жасалады. Занды тұлғаның орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Университетский көшесі, 64 үй, индексі 642015. 📌 Ескерту. 6-тарауға өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 16.09.1999 № 174 шешімімен