Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері
📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысымен
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бес вице-министрі, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болуына рұқсат етілсін.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.09.30. N 1074 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Мыналардың:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 сәуірдегі N 418 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 127-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 40, 343-құжат) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағының;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі N 1301 қаулысында , көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 14-тармағының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы Ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 21 қазандағы
N 1578 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын және дипломатиялық қызмет органдарының біртұтас жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрлiктiң ведомствосы бар, олар - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегi комитет.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.03.21. N 421; 1-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.01.31. N 166 ; ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1060 қаулыларымен .
Тармақ 2
2. Министрлік өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметінің халықаралық шарттарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде есепшоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Министрліктің заңдарда белгіленген жағдайларда және тәртіппен мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Министрлік өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен міндетті күші болатын бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Министрліктің штаттық саны лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Министрліктің құрылымын және штаттық санын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штаттық сан лимиті шегінде Сыртқы істер министрі белгілейді.
Тармақ 6
6. Министрліктің заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.
Тармақ 7
7. Министрліктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі" мемлекеттік мекемесі (Сыртқыісмині).
Тармақ 8
8. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Министрліктің қызметін қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрліктің өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге құқығы жоқ.
Тарау 2. 2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 10
10. Министрліктің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамалары мен негізгі бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне тиісті ұсыныстар табыс ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру және сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекарасының мызғымас беріктігін, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасында оның саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен қорғауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
Тармақша 6-1
6-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1060 қаулысымен .
Тармақша 7
7) сыртқы экономикалық байланыстар аясында шарттық-құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарына кіруі жөнінде жұмыстар жүргізу;
Тармақша 8
8) дүние жүзіндегі саяси және экономикалық жағдайда, шетелдік мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін зерделеу;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдарды сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру болып табылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.01.31. N 166 қаулысымен .
Тармақ 11
11. Министрлік заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін дипломатиялық жолдармен және әдістермен іске асыру;
Тармақша 3
3) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізуін және халықаралық шарттарға қол қоюын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде ғаламдық және аймақтық мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға ықпал ету;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тікелей шетелдік инвестициялар мен қаржы ресурстарын тарту мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жәрдемдесу;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Әлемдік мұхиттың ресурстарын игеру, ғарыштық кеңістікті зерделеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандығын, оның қорғанысын және ұлттық қауіпсіздігін, құқықтық тәртіпті қорғауды, Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық және қаржы байланыстарын, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де алмасуларын дамыту мен кеңейтуді қамтамсыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдарының сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялардың мәжілістерін дайындау және өткізу жөніндегі бірлескен жұмысын үйлестіру;
Тармақша 9-1
9-1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.09.26. N 1060 қаулысымен.
Тармақша 10
10) жоғары және үкімет деңгейлеріндегі мемлекетаралық алмасуларды протоколдық қамтамасыз ету;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) шет елдерде де, Қазақстан Республикасының аумағында да Министрліктің орталық аппаратын және оның өкілдіктерін кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, дипломатиялық қызмет кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
📌 ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.01.31. N 166 қаулысымен.
Тармақ 12
12. Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, өзге де ұйымдардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ заңдардың талаптарын ескере отырып, аталған ұйымдарға ақпарат беруге;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары жобаларының Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес келуін бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінен, консулдық мекемелерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың жанындағы өкілдіктерінен (бұдан әрі - шетелдегі мекемелер) келіп түсетін, Қазақстан Республикасының шет елдермен сауда-экономикалық байланыстарын жақсартуға жәрдемдесетін инвестициялық жобалардың, өтінімдердің, басқа да ұсыныстардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қарауына сыртқы саясат және дипломатиялық қызмет мәселелері жөніндегі заң және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 5
5) шетелдегі мекемелерді құру туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 6
6) Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту және елдің шетелдерде оң шырайын қалыптастыру жөнінде бастамашыл ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 7
7) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдауға;
Тармақша 8
8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп, шет елдегі мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметіне тексерулер мен тексерістер жүргізуге қатысуға;
Тармақша 10
10) берілген құқықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында және шетелдерде Қазақстан Республикасының жер учаскелеріне, ғимараттарына, құрылыстарына және өзге де мүлкіне иелік етуге, оларды пайдалануға және басқаруға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзіне жүктеген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Министрліктің мүлкі
3. Министрліктің мүлкі
Тармақ 13
13. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
Тармақ 14
14. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 15
15. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Сыртқы істер министрі (бұдан әрі - Министр) басқарады.
Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - вице-министрлері, оның ішінде бір бірінші вице-министрі болады.
Тармақ 17
17. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы, оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
Тармақ 18
18. Министр осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзінің вице-министрлері мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Тармақша 2
2) заңдарға сәйкес Министрліктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңдарда белгіленген тәртіппен Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
Тармақша 6
6) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Министрліктің жанынан сандық және жеке құрамын Министр бекітетін Алқа құрылады.
Алқа халықаралық жағдайдың, Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің, Министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің, оның шетелдегі мекемелерінің практикалық жұмысының негізгі мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тарау 5. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 20
20. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.