Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Респбуликасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 2, 3 тармақшалары негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысын орындау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаулы мүдделі жақтарға жолдансын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Тәжібаевқа жүктелсін.
Басқа 5
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
10 желтоқсандағы № 371
қаулысымен бекітілген қосымша
"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж
азаматтарды есепке алу және кезекке қою"
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
Тармақ 2
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің (Заңнамалық акт, Қазақстан Республикасы Президентінің актісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі) атауы мен бабы (тармағы): Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 17 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы.
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызметті ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы: Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі, 25 а, тел. 2-15-55, 2-15-62.
Тармақ 5
5. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің аяқталуы нысаны: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаты: Жеке тұлғалар.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
Тармақша 1
1) Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген сәттен, талон алғаннан бастап және тағы сол сияқты) электронды сауал берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1 ай мерзім ішінде.
Тармақша 2
2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезде және тағы сол сияқты) кезек күтуге, электрондық сауалды қалыптастыруға рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 3 күн;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғарғы мөлшері: 3 күн.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегіндігін көрсету. Ақылы болған жағдайда құның, төлеу нысаның мемлекеттік қызметтің құның алым, (төлем) төлеу кезінде толтырылуы талап етілетін құжаттың қажетті нысандарын (түбіртегін) көрсету: Мемлекеттік қызмет көрсету тегін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандартын міндетті түрде орналастыру орны: Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі, 25 а, тел. 2-15-55, 2-15-62.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесі (күндер, сағаттар, үзілістер): дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері. Сағат: 08.30-18.00 дейін, үзіліс 12.30-14.00-ге дейін.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары: Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жұмыс кабинетінде түсініктер беріледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
Тармақша 1
1) Арыз;
Тармақша 2
2) Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен аз қамтылған отбасына жататындығы туралы, яғни атаулы әлеуметтік көмек алынатындығы жөнінде анықтама;
Тармақша 3
3) Аудандық Әділет басқармасынан жанұялық құрамы туралы анықтама (поквартирная карточка);
Тармақша 4
4) Құрманғазы аудандық Әділет басқармасынан арызданушының және онымен ұдайы тұратын отбасы мүшелерінің меншік құқығында оларға тиесілі үй-жайдың мәліметі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) Жеке куәлік көшірмесі;
Тармақша 6
6) СТН (РНН) көшірмесі;
Тармақша 7
7) Селолық округі әкімі аппаратының үйге мұқтаждығы туралы берген анықтамасы.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін толтырылуы қажет бланк берілетін орын: Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған бланкілерді, нысандарды, өтініштерді және басқа да құжаттарды қабылдайтын орын: Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі, 25 а, тел. 2-15-55, 2-15-62.
Тармақ 15
15. Тұтынушының мемлекеттік қызметті алу үшін немесе мемлекеттік қызметті алған күні белгіленген барлық қажетті құжаттарды тапсырғаның растайтын құжаттың атауы: барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайтын анықтама беріледі.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсету нәтижесін жеткізу тәсілдері мен регламенттері (электрондық почта, сайт арқылы, жеке бару, курьер және тағы сол сияқты): Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін сайтқа сілтемені беру, жауапты адамның мекен-жайын мен кабинетінің нөмері көрсету: жеке бару, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту негіздері:
Тармақша 1
1) Қажетті құжаттардың толық болмауы;
Тармақша 2
2) Құжаттардағы түзетулер немесе дұрыс толтырылмаса.
Тарау 3. 3. Жұмыс қағидаттары
3. Жұмыс қағидаттары
Тармақ 18
18. Мемлекеттік органның тұтынушыға қатысты қызмет көрсетуде басшылыққа алатын жұмыс қағидаттарын санамалау: сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпараттар беру, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялығын қамтамасыз етеді, тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі, 25 а, тел. 2-15-55.
Тармақ 22
22. Шағым берілетін мемлекеттік органның атауын, мекен жайы және лауазымды қызметкер: Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі, 25 а, тел. 2-15-55.
Тармақ 23
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды көздейтін құжаттың атауы, шағымның қаралуы барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері: Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі, 25 а, тел. 2-15-62.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпараты
6. Байланыс ақпараты
Тармақ 24
24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган, мекеме немесе өзге де субъект басшысының, оның орынбасарларының және жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Көшекбаев көшесі, 25 а, тел. 2-15-55.
Тармақ 25
25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат: қосымша ақпараттар қажет етілмейді.
Басқа 49
Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштің нормативтік мәні
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні
Көрсеткіштер дің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1. Уақтылығы
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)
100%
100%
100%
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)
80-85%
80-85%
80-85%
2. Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылрдың % (үлесі)
90%
90%
90%
2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)
100%
100%
100%
3. Қол жетімділік
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90%
90%
90%
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)
80%
80%
80%
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)
50%
50%
50%
4. Шағымдану үдерісі
4. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)
0,5%
0,5%
0,5%
4.5. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылмаған негізделген шағымдардың % (үлесі)
100%
100%
100%
4.6. Шағымдардың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90%
90%
90%
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90%
90%
90%
5. Сыпайылық
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
90%
90%
90%
Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz).