Об обеспечении выборов депутатов в Парламент Республики Казахстан, областной, городские и районные маслихаты Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарды Қазақстан Республикасы Парламентіне депутаттар сайлауды қамтамасыз ету туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен. "Қазақстан Республикасы Парламентіне депутаттар сайлауды қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 тамыздағы № 1216 Қаулысына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Инфрақұрылым және құрылыс департаменті сайлау учаскелерін жылумен, тұрақты электржабдықтарымен, үзіліссіз телефон және пошта байланысымен қамтамасыз ету жөнінде қажетті жұмыстар жүргізсін.
Тармақ 2
2. Ішкі істер басқармасы сайлау учаскелерін күзету, сондай-ақ сайлау өтетін күні дауыс беретін жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түбегейлі шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма, мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы сайлау учаскелерінде өртке қарсы шаралар кешенін өткізуді ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына депутаттыққа кандидаттардың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сөйлеу құқын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентіне, биліктің жергілікті өкілетті органдарына депутаттар сайлауды кең түрде көрсетуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандар әкімдері сайлау учаскелерін орналастыру үшін бөлмелер бөлу, оларды материалдык-техникалық қамтамасыз ету, оларға көлік, ұйымдастыру техникасын және байланыс құралдарын бөлу мәселелерін жеке бақылауларына алсын.