Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
Ойын бизнесі объектілеріне салық төлеушілер үшін жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 419, 420, 421, 422 баптарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ойын бизнес объектілеріне тіркелген жиынтық салық ставкалары 2009 жылдың 1 қаңтар айынан бастап қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шет ауданы бойынша салық басқармасына бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірінғай салық ставкаларын қолдану тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Жүніске жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Шет ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салықты есептеу мен төлеушілер үшін ставкаларын бекіту туралы.
Аудандық Мәслихаттың
2008 жылғы 25 желтоқсанындағы
Х сессиясының N 10/134 шешіміне
қосымша
Шет ауданы бойынша ойын бизнесі объектілеріне тіркелген жиынтық салықты есептеу мен төлеушілер үшін ставкаларын бекіту туралы.
N
Атауы
Саны
Өлшем бірлігі
Салық ставкасы
1
Ақшасыз ұтыс ойын автоматы
1
Айлық есептік көрсеткіш
5
2
Жеке компьютер
1
-"-
1
3
Бильярд үстелі
1
-"-
10
4
Ойын жолы
1
-"-
50
5
Карт
1
-"-
10