Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасының түзету коэффициенттерін бекіту туралы
ҚАЗЖаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасының түзету коэффициенттерін бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасының түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасының түзету коэффициенттерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 100
- Қабылданған күні
- 24.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2013 · қолданыстағы 43537_215348.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08LG000068
- ЭКБ идентификаторы
- 43537
- Редакция идентификаторы
- 43537_215348
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:15
0 Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және базалық ставкасының түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы "Қазақстан Республикасының Жер Кодексі" Кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) 1-қосымшаға және базалық ставкасының түзету коэффициенттері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жаңақорған аудандық мәслихатының
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 100 шешіміне 1-қосымша
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінің жерлерін аймақтарға бөлу
СХЕМАСЫ
(Қағаз жүзінде қараңыз)
4 Жаңақорған аудандық мәслихатының
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 100 шешіміне 2-қосымша
Жаңақорған ауданындағы аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ нөмірі
Аймақтардың жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
I
1,5
II
1,4
III
1,3
IV
1,2
Аймақ нөмірі
Жер кадастрлық кварталдар қиылыстары шегіндегі бағалық аймақтардың шекаралары
Нысаналы мақсаты
Аймақ көлемі, га
I
Аймақтың шекарасы солтүстік шығысы Жаңақорған автожолымен және Самара-Шымкент автожолымен, оңтүстік шығысы кент шекарасы бойлай Жаңақорған шипа-жайын бойлай батысынан темір жол көпірімен шектесе, Тайпақкөл каналының бойымен темір жолға келіп тіреледі. Мал өнімдері өндірілетін цех осы аймаққа кіреді, солтүстігі Абай көшесі, солтүстік шығысы Раушан көшесімен Самара-Шымкент автожолымен шектеседі.
Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.
996,7
II
Кенттің солтүстік батысы темір жолмен бастап оңтүстігі Абай көшесін бойлай, Раушан көшесін және Самара-Шымкент трассасымен шектеледі.
Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.
578,6
III
Аймақ шекарасы оңтүстігі Ы.Алтынсарин көшесін бойлай батысынан Тайпақкөл каналымен шектеседі.
жеке тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.
417,6
IV
Бірінші учаскесі: Бұл аймақ солтүстігі Ы.Алтынсарин көшесінен басталып, солтүстік шығысынан темір жол көпіріне дейінгі жолды бойлай, шығысынан темір жолмен және оңтүстігі Сырдария өзенімен шектеседі.
жеке тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.
210,0
Екінші учаскесі: Кенттің солтүстік шығысын алып жатыр. Солтүстік батысы Жаңақорған - Шалқия автожолымен, оңтүстігі Самара-Шымкент автожолымен шектеседі.
Әкімшілік мекемелер, халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар, банкілер, жеке тұрғын үйлер, көп қабатты тұрғын үйлер, кафелер, дүкендер, т.б. нысандар орналасқан.
350,3