ИНСТРУКЦИЯ о порядке обеспечения и пользования специальной одеждой, специальной обувью, другими средствами индивидуальной защиты и первой медицинской помощи Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.01.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арнайы киiммен, арнайы аяқкиiммен, жеке қорғанудың басқа да құралдарымен және алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етудiң және оларды пайдаланудың тәртiбi туралы НҰСҚАМА 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 22-а бұйрығымен. Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы      Денсаулық сақтау министрлiгiмен    Еңбек және халықты      1997 ж. 02 маусымында              әлеуметтiк қорғау      келiсiлген                         министрлiгiнiң                                         1997 ж. 2 маусым N 90-П                                         бұйрығымен бекiтiлген      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасы      Iшкi iстер министрлiгiмен          Әдiлет министрлiгiнде      1997 ж. 6 маусымда                 1997 ж. N 321      келiсiлген                         тiркелiнген Осы Нұсқама қызметкерлердi арнайы киiммен, арнайы аяқкиiммен, жеке қорғанудың басқа да құралдарымен және алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етудiң, сондай-ақ азаматтардың осы құралдарды өмiрi мен денсаулығына зиянды және қауiптi қызметтердi атқарған кезде пайдалануының тәртiбiне қойылатын талаптарды айқындайды.
Тарау 1. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы заңының 15-бабына сәйкес жұмыс берушi еңбек шарттары бойынша меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлердi арнайы киiммен, арнайы аяқкиiммен және жеке қорғанудың басқа да құралдарымен (бұдан әрi- жеке қорғану құралдары) мемлекеттiк басқару органдарының және ұжымдық шарттың ережелерi бекiтетiн нормалардан кем емес нормада қамтамасыз етуге мiндеттi.
Тармақ 1.2
1.2. Ұйымдардың қызметкерлерi еңбек процесi барысында жұмыс берушi қаражаты есебiнен медициналық қызметпен және алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етiлуге құқылы.
Тармақ 1.3
1.3. Автомобильдi немесе көлiктiң басқа түрiн жеке меншiгi ретiнде пайдаланатын не адам өмiрi мен денсаулығына зиянды әрi қауiптi қызметтiң өзге түрiн орындаушы азаматтарда қолданылып жүрген нормалар мен ережелерге сәйкес жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдары болуға тиiс.
Тармақ 1.4
1.4. Осы Нұсқаманың күшi ұйымдарға, жеке кәсiпкерлерге, меншiк және шаруашылықты жүргiзу нысандарына қарамастан кез келген заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - жұмыс берушi), еңбек мiндеттерiн тұрақты немесе уақытша жалданып атқаратын қызметкерлерге, сондай-ақ адам өмiрi мен денсаулығына зиянды әрi қауiптi басқа да қызметтермен айналысатын азаматтарға қатысты.
Тармақ 1.5
1.5. Қызметкерлерге жеке қорғану құралдарын тегiн берудiң нормаларын (бұдан әрi - норма) Қазақстан Республикасының салалық министрлiктерi мен ведомстволары, кәсiподақтармен немесе қызметкерлердiң басқа да өкiлеттi органдарымен келiсетiн бiрлестiктер әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi не оның жергiлiктi жерлердегi уәкiлеттi бөлiмшелерi бекiтедi.
Тармақ 1.6
1.6. Бiрлестiкке енбейтiн заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмаған жұмыс берушiлер министрлiктер мен ведомстволардың экономиканың тиiстi саласы үшiн әзiрлеген нормаларын басшылыққа алады. Осы құжаттарда қажеттi кәсiптер мен лауазымдар болмаған жағдайда осыған ұқсас кәсiптер мен лауазымдардың нормалары қолданылады.
Тармақ 1.7
1.7. Нормаларда: кәсiптер мен лауазымдардың атаулары; арнайы киiм мен арнайы аяқкиiмнiң (жазғы және қысқы) түрлерi; жеке қорғану құралдарының басқа да түрлерi мен атаулары (респираторлар, қорғаныш көзiлдiрiктерi, противогаздар және т.б.); айлар бойынша пайдаланылу мерзiмдерi көрсетiлуге тиiс.
Тармақ 1.8
1.8. Нормаларға толықтырулар мен өзгертулер енгiзу оларды бекiту тәртiбiндегi сияқты жүргiзiледi.
Тармақ 1.9
1.9. Қорғау белдiгi, электр өткiзбейтiн галоштар мен қолғаптар, электр өткiзбейтiн резеңке төсенiштер, қорғаныш көзiлдiрiктерi мен қалқаншалар, респиратор, противогаз, қорғаныш дулыға, дулыға астынан киетiн баскиiм, мұрын қорғағыш, каска, иық қорғаныш, шынтақ қорғағыш, антифондар, дыбыс бәсеңдеткiш, шудан қорғайтын дулығалар, жарық сүзгiштер, дiрiлдi өткiзбейтiн қолғаптар мен басқа да заттар сияқты жеке қорғану құралдары нормада көзделмеген жағдайда олар қызметкерлерге орындайтын жұмысының сипаты мен жағдайына қарай олардың тозығы жеткенше немесе керек кезiнде пайдалануға берiледi.
Тармақ 1.10
1.10. Еңбек мiндеттерiн орындауға қатысты емес азаматтарға арналған жеке қорғану құралдарының және алғашқы медициналық көмектiң нормалары мен түрлерi тиiстi нормативтiк құқылық актiлерде көзделедi.
Тарау 2. 2. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарын пайдалану көзделiнетiн шарттар
2. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарын пайдалану көзделiнетiн шарттар
Тармақ 2.1
2.1. Жеке қорғану құралдарын мiндеттi түрде пайдалану азаматтар адам өмiрi мен денсаулығына қауiптi әрi зиянды факторлармен байланыста еңбек еткенде немесе басқа қызмет атқарғанда көзделедi.
Тармақ 2.2
2.2. Салалық нормалар негiзiнде қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау жөнiндегi талаптарға сәйкес жұмыс берушi кәсiподақпен не қызметкерлердiң өзге де уәкiлеттi органымен бiрлесе отырып сол ұйымда жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуге жататын қызметкерлер кәсiптерi мен лауазымдарының тiзбесiн (тiзiмiн) жасауға тиiс. Осы тiзбе (тiзiм) және қызметкерлерге медициналық қызмет көрсету мен оларды алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттер ұжымдық шартқа енгiзiледi, ал ол болмаған жағдайда жалданып жұмыс iстеу шартында көзделедi.
Тармақ 2.3
2.3. Демалысты (туризм, саяхат және т.б.) не азаматтар қарастырылатын шараларды ұйымдастырғанда және олардың адам өмiрi мен денсаулығына қауiптi әрi зиянды факторлармен қатынаста болуы мүмкiн болған жағдайда осы шараларды қамтамасыз ететiн ұйымдар өздерiнiң Жарғысына (Ережесiне) сәйкес азаматтарды тиiстi жеке қорғану құралдарымен және алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етудi көздеуге тиiс.
Тарау 3. 3. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын сатып алудың және оларды берудiң тәртiбi
3. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын сатып алудың және оларды берудiң тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Жұмыс берушiлер жеке қорғанудың және алғашқы медициналық көмектiң сертификатталған құралдарын ғана сатып алуға тиiс. Республика аумағында шығарылатын осы бұйымдарды министрлiктер олардың түрiне қарай сертификаттайды.
Тармақ 3.2
3.2. Жеке қорғану құралдары қызметкердi жұмысқа қабылдағанда немесе басқа жұмысқа ауыстырғанда не осы құралдардың пайдалану мерзiмi бiткенде берiледi.
Тармақ 3.3
3.3. Жеке қорғану құралдарының пайдаланылу мерзiмi күнтiзбелiк арқылы белгiленедi және оларды нақты берген күннен бастап есептеледi.
Тармақ 3.4
3.4. Қызметкерлерге берiлген жеке қорғану құралдары жұмыс берушiнiң меншiгi болып саналады, оларды пайдалануға бергенде ол қызметкерлердiң есебiне енгiзiледi.
Тармақ 3.5
3.5. Жұмыс берушi жұмыстың сипаты мен жағдайына қарай кәсiподақпен немесе қызметкерлердiң өзге де уәкiлеттi органымен бiрлесе отырып жеке қорғану құралдарының кезекпен ұжымдық пайдаланылуын белгiлейдi.
Тармақ 3.6
3.6. Кезекпен пайдаланылатын жеке қорғану құралдары тиiстi өндiрiстiк бөлiмшенiң қоймасында жатуға тиiс және қызметкерлерге олар көзделген жұмыстарды орындайтын кезде ғана берiледi немесе белгiленген жұмыс орындарына бекiтiледi (мәселен, жол күзеттерiнде киетiн тұлыптар, электр қондырғыларын орнатқан кезде киетiн электр өткiзбейтiн қолғаптар) және бiр сменадан екiншi сменаға өткiзiледi. Бұл реттерде жеке қорғану құралдары мастерлердiң немесе әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерi қатарындағы басқа адамдарға берiледi. Олардың пайдаланылу мерзiмдерi нормаларға сәйкес жеке пайдаланылуға берiлетiн жеке қорғану құралдары түрiнiң пайдаланылу мерзiмдерiне сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 3.7
3.7. Нормада көзделген жылы арнайы киiмдер мен аяқкиiмдер (астары жылы мақта-матадан тiгiлген костюмдер мен курткалар, суықтан қорғайтын курткалар, терiден жасалған костюмдер, тұлыптар, қысқа тондар, пималар, құлақшындар, терi қолғаптар және т.б.) қызметкерлерге суық түскенде берiледi және күн жылына бастағанда жұмыс берушiге келесi маусымға дейiн ұйымдастырылған түрде сақтау үшiн өткiзiледi.
Тармақ 3.8
3.8. Жылы арнайы киiмдер мен аяқкиiмдер пайдаланылып болғаннан кейiн профилактикалық өңдеуден өткiзiледi, ал оларды қабылдап алғанда иесiздiктi болдырмау үшiн осы арнайы киiмдер мен аяқкиiмдердiң жеке-жеке аты жазылып тiзiм бойынша өткiзiледi. Сақталуда болғаннан кейiн жылы арнайы киiмдер мен аяқкиiмдер сақтауға өткiзген қызметкерлердiң өздерiне қайтарылады.
Тармақ 3.9
3.9. Оқытудың топтық және жеке нысанындағы оқушыларға, кәсiптiк-техникалық училищелердiң, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, орта арнайы оқу орындарының оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттерiне өндiрiстiк практикадан өтiп жүрген (өндiрiстiк оқу) кезiне жеке қорғану құралдары тиiстi кәсiптiң қызметкерлерiне арналған нормалар бойынша берiледi.
Тармақ 3.10
3.10. Кәсiптi қоса атқаратын немесе қосымша жұмыстарды үнемi, соның iшiнде кешендi бригадаларда орындайтын қызметкерлерге негiзгi кәсiбi бойынша оларға берiлетiн жеке қорғану құралдарынан басқа орындайтын жұмысына қарай қосымша атқаратын кәсiп үшiн көзделген жеке қорғану құралдарының басқа да түрлерi сол пайдаланылу мерзiмiне берiледi.
Тармақ 3.11
3.11. Жұмыс берушi жеке қорғану құралдарының қызметкерлерге берiлуiне тиiсiнше есеп жүргiзiп, бақылау жасауға мiндеттi.
Тарау 4. 4. Жеке қорғану құралдарына және олардың сақталуына қойылатын талаптар
4. Жеке қорғану құралдарына және олардың сақталуына қойылатын талаптар
Тармақ 4.1
4.1. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдары стандарттарға және техникалық шарттарға сай келуге тиiс.
Тармақ 4.2
4.2. Жеке қорғану құралдары техника қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беруге, алып жүруге ыңғайлы болуға, қозғалысқа кедергi жасамауға, пайдаланушыға өздерiнiң бойы мен денесiне лайықты етiп таңдап алынуға және берiлуге тиiс.
Тармақ 4.3
4.3. Талаптарға сай келмейтiн немесе қызметкерге қатысты емес себептерге байланысты белгiленген пайдаланылу мерзiмiнен бұрын iстен шыққан арнайы киiмдер мен аяқкиiмдер ауыстырылуға жатады.
Тармақ 4.4
4.4. Жеке қорғану құралдары (респираторлар, противогаздар, өзiн өзi құтқарушылар, қорғаныш белдiктерi, мұрын қорғағыштар, дулығалар мен басқа да заттар) үнемi сынақтан өткiзiлiп, тексерiлiп тұруға жатады, ал сүзгiштер, стеклолар мен қорғау құралдарының қорғағыш қасиеттерi төмен заттар өз уақытында ауыстырылуға жатады. Жеке қорғану құралдарына тексеру жүргiзгеннен кейiн олардың келесi сынақтың өткiзiлу мерзiмi көрсетiлiп белгi (таңба, штамп) қойылуға тиiс.
Тармақ 4.5
4.5. Жеке қорғану құралдары өздерiнiң төлқұжаттарына сәйкес кейiн осы заттарды пайдаланатын қызметкерлерге зиян келтiруi мүмкiн уытты, улы заттар мен материалдардан аулақ жеке құрғақ бөлмелерде сақталуға тиiс.
Тармақ 4.6
4.6. Денсаулыққа қауiптi әрi зиянды жұмыстарда пайдаланылатын жеке қорғану құралдары (қорғасын, оның қорытпалары және қосындылары, сынап, этильдi бензин, радиоактивтi заттар және т.т.) санитарлық бақылау органдары бекiтетiн нұсқамалар мен сiлтемелерге сәйкес сақталуы керек.
Тарау 5. 5. Жеке қорғану құралдарын қолдану тәртiбi
5. Жеке қорғану құралдарын қолдану тәртiбi
Тармақ 5.1
5.1. Адам өмiрi мен денсаулығына қауiптi әрi зиянды факторларының әсерi бар жұмыс не басқа қызмет кезiнде азаматтар жеке қорғану құралдарын пайдалануға тиiс.
Тармақ 5.2
5.2. Жұмыс берушi қызметкерлердiң жұмыс кезiнде өздерiне берiлген жеке қорғану құралдарын пайдалануын қадағалауға және олар үшiн жауап беруге мiндеттi.
Тармақ 5.3
5.3. Жеке қорғану құралдарын пайдалануға, оларға күтiм жасауға қойылатын талаптар ұйымның iшкi еңбек тәртiбiнiң ережелерiнде не жалдап жұмыс iстеудiң шартында (контрактiсiнде) көрсетiлуге тиiс. Белгiленген жеке қорғану құралдарынсыз, не олар гигиеналық талаптарға сай келмесе, не бұзық болған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
Тармақ 5.4
5.4. Осы құралдарды пайдаланушылар жеке қорғану құралдарына ұқыпты болуға тиiс.
Тармақ 5.5
5.5. Қызметкерлер жеке қорғану құралдарын тазалау, жуу, кептiру, жөндеу, газсыздандыру, активсiздендiру, дезинфекциялау, майын және шаңын кетiру (бұдан әрi - профилактикалық өңдеу) қажеттiгi туралы жұмыс берушiнi дер кезiнде хабардар етуге тиiс.
Тармақ 5.6
5.6. Жұмыс берушi жеке қорғану құралдарының түрiн берген кезде қызметкермен осы құралдарды пайдалану және олардың бұзық еместiгiн тексерудiң қарапайым әдiсi бойынша нұсқамалық жұмыс жүргiзуге, ал тiптi қажет болған жағдайда оларды пайдалану жөнiнде жаттықтыру жұмысын жүргiзуге тиiс.
Тармақ 5.7
5.7. Қызметкерлерге берiлген жеке қорғану құралдарын сақтау үшiн жұмыс берушi санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған (шешiнiп-киiнетiн) бөлме беруге мiндеттi.
Тармақ 5.8
5.8. Жекелеген жағдайларда жұмыс шарты бойынша жеке қорғану құралдарының жоғарыда аталған сақталу тәртiбiн сақтау мүмкiн болмаған реттерде (мәселен, ағаш дайындау, геологиялық барлау жұмыстарында) олар жұмыстан тыс кезде қызметкерлердiң өздерiнде қалуы мүмкiн, ал бұл ұйымның iшкi еңбек тәртiбi ережелерiнде немесе ұжымдық шарттарда көрсетiлуге тиiс. Жеке қорғану құралдарының сақталуы үшiн жауапкершiлiк қызметкерлердiң өздерiне жүктеледi.
Тарау 6. 6. Жеке қорғану құралдарына күтiм жасау
6. Жеке қорғану құралдарына күтiм жасау
Тармақ 6.1
6.1. Жұмыс берушi меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен белгiленген мерзiм iшiнде жеке қорғану құралдарына тиiсiнше күтiм жасауды ұйымдастыруға мiндеттi. Профилактикалық өңдеуден өткiзуге, сондай-ақ жеке қорғану құралдарын жөндеуге тиiс.
Тармақ 6.2
6.2. Ал бұл еңбек шарты бойынша талап етiлетiн реттерде ұйымдарда (цехтарда, учаскелерде) кептiргiштер, жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеуге арналған камералар мен қондырғылар орнатылуға тиiс.
Тармақ 6.3
6.3. Жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеуден өткiзу және жөндеу қызметкерлер жұмыс iстемейтiн кезде (демалыс күндерiнде) немесе сменааралық үзiлiстер кезiнде жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 6.4
6.4. Егер нормаларда жұмысшылармен қызметшiлерге арнайы киiм мен арнайы аяқкиiмнiң екi немесе үш топтамасын беру (мәселен, радиоактивтiк заттармен жұмыс iстегенде) көзделген болса жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу басқа уақытта жүргiзiлуге тиiс, демек қызметкерлерге осы уақыт үшiн сменалық топтамалар берiледi.
Тармақ 6.5
6.5. Жеке қорғану құралдары кiрлеп қалғанда немесе оны белгiленген уақытынан бұрын жөндеу қажет болған реттерде профилактикалық өңдеу мен жөндеу мерзiмiнен бұрын жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 6.6
6.6. Жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеуден өткiзген кезде олардың қорғау қасиетi қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тармақ 6.7
6.7. Адам өмiрiне қауiптi әрi зиянды жұмыстарда (қорғасын, оның қорытпалары мен қосындылары, сынап, этильдi бензин, радиоактивтi заттар және т.б.) iстейтiн қызметкерлердiң жеке қорғану құралдарын профилактикалық өңдеуден өткiзу санитарлық қадағалау жасайтын органдардың нұсқамаларымен сiлтемелерге сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 6.8
6.8. Қызметкер жұқпалы аурумен ауырғанда оның пайдаланған жеке қорғану құралдары мен олар сақталған бөлмеге тиiсiнше дезинфекция жасалуға тиiс, соның iшiнде оны дезостанциялар немесе санитарлық эпидемиялық станциялардың дезинфекциялық бөлiмдерi жасауға тиiс.
Тармақ 6.9
6.9. Арнайы аяқкиiм үнемi тазаланып, майланып отыруға тиiс, ол үшiн қызметкерлерге тиiсiнше жағдайлар (аяқкиiм тазалайтын орындар, щеткалар, майлар және т.б.) жасалынуға тиiс.
Тарау 7. 7. Жұмыс орындарын алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз ету
7. Жұмыс орындарын алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз ету
Тармақ 7.1
7.1. Зардап шегiшуге алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында жұмыс берушi өндiрiстiк, коммерциялық және қауiп-қатерi жоғары өзге бөлiмшелердегi жұмыс орындарын, автомобильдердi және көлiктiң басқа түрлерiн алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз етуге және олардың осылармен жабдықталуына жауапкершiлiктi тағайындауға мiндеттi.
Тармақ 7.2
7.2. Азаматтың жеке пайдалануындағы автомобиль не басқа көлiк жол жүру Ережесiне сәйкес алғашқы медициналық көмек құралдарымен және өрт сөндiргiш заттармен жабдықталуға тиiс.
Тармақ 7.3
7.3. Алғашқы медициналық көмек құралдары жұмыс орындарындағы арнайы дәрiханаларда немесе пайдалануға ыңғайлы жақын жерлерде сақталуға тиiс.
Тармақ 7.4
7.4. Шағын дәрiханалар сертификатталған алғашқы медициналық көмек құралдарымен уақытында және толығынан жабдықталуға тиiс.
Тармақ 7.5
7.5. Шағын дәрiханаларды жабдықтауға арналған дәрi-дәрмектердiң тiзбесiн, олардың сақталу мерзiмдерi мен қолданылу нормаларын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлейдi.
Тарау 8. 8. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз ету және олардың пайдаланылуы үшiн жауапкершiлiк, оларды бақылау мен қадағалау
8. Жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз ету және олардың пайдаланылуы үшiн жауапкершiлiк, оларды бақылау мен қадағалау
Тармақ 8.1
8.1. Заңға сәйкес қызметкерлердi жеке қорғану құралдарымен уақытында әрi толығымен қамтамасыз ету, олары профилактикалық өңдеу, жөндеу, сондай-ақ жұмыс орындарын алғашқы медициналық көмек құралдарымен жабдықтау үшiн жауапкершiлiк жұмыс берушiге жүктеледi.
Тармақ 8.2
8.2. Арнайы киiмде, арнайы аяқкиiмдi және жеке қорғану құралдарының басқа түрлерiн жоғалтып алуына немесе ұқыпсыздығынан бүлдiрiп алуына, алғашқы медициналық көмек құралдарына немесе басқа жағдайларға (ұрлап алу немесе қасақана бұзу) байланысты жұмыс берушiге келтiрген зияны үшiн қызметкерлерге материалдық жауапкершiлiк жүктеледi.
Тармақ 8.3
8.3. Кәсiпкерлер өз жұмысын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған түрде азаматтарды жинаған жағдайда олардың жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз етiлуi үшiн жауап бередi.
Тармақ 8.4
8.4. Адамдардың жеке пайдалануындағы автомобильдердi және басқа жүру құралдарын шағын дәрiханалармен және өрт сөндiргiш заттармен жабдықтау үшiн жауапкершiлiк олардың иелерiне жүктеледi.
Тармақ 8.5
8.5. Осы Нұсқаманың қағидаларының орындалуы үшiн жауапкершiлiк еңбектi қорғау және еңбек жағдайы үшiн мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк автоинспекция және Мемлекеттiк санитарлық эпидемиялық қадағалау комитетiне жүктеледi.
Тарау 9. 9. Қорытынды ережелер
9. Қорытынды ережелер
Тармақ 9.1
9.1. Жеке қорғану, алғашқы медициналық көмек құралдарын беру және оларды пайдалану жөнiндегi еңбек таластарын еңбек таластары жөнiндегi комиссия қарайды.
Тармақ 9.2
9.2. Осы Нұсқаманың 1 тарауында көрсетiлген жеке қорғану құралдарын қызметкерлерге тегiн берудiң нормалары әзiрленгенге және бекiтiлгенге шейiн КСРО-ның еңбек жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi мен Кәсiптiк Одақтар Бүкiлодақтық Орталық Кеңесi Президиумының 1978-1982 жылдардағы кезеңге арналған, 1984-1991 жылдары өзгерiстер енгiзiлген қаулысымен бекiтiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге арнайы киiмдер мен арнайы аяқкиiмдердi және жеке қорғанудың басқа да құралдарын тегiн берудiң Үлгiлiк салалық нормалары қолданылады.