ПОЛОЖЕНИЕ о порядке применения к банкам второго уровня ограниченных мер воздействия Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану тәртiбi туралы" Ереже жөнiнде 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 13 шілдедегі N 279 қаулысымен. Қазақстан Республикасында екiншi деңгейдегi банктердiң қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану тәртiбi туралы" Ереже бекiтiлсiн және ол 1997 жылдың 1 мамырынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.) осы Қаулы мен жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық басқармасына (Алматы аумақтық Бас басқармасына) және екiншi деңгейдегi банктерге хабарласын.
Тармақ 3
3. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
Басқа 4. Екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану тәртібi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 119 Қаулысымен Бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану тәртібi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жасалады. Ереже қолданылып жүрген банк заңдарында көзделгендей, екiншi деңгейдегi банктерге ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуға тиiстi нормалар мен лимиттердi, сондай-ақ қолданылып жүрген заң талаптарын бұзушылық, оған қоса банк қызметкерi тарапынан банктiң қаржылық тұрақтылығына не депозиторлардың, клиенттердiң және корреспонденттердiң мүддесiне зиянын тигiзетiн заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiк) бар деп тапқан жағдайда банкке мынадай ықпал етудiң шектелген шараларының бiрiн қолдануға құқылы:
Тармақша а
а) мiндеттеме-хатты талап ету;
Тармақша б
б) банкпен жазбаша шарт жасасу;
Тармақша в
в) ескерту жасау;
Тармақша г
г) орындалуға мiндеттi жазбаша нұсқау беру; Ұлттық Банк жоғарыда аталған ықпал ету шараларының бiрiн немесе бiрнешеуiн, оның iшiнде тәртiп бұзушылықтың(тардың) сипатына қарай олардың әрқайсысына бiр мезгiлде не әр түрлi негiзде қолдануға құқылы.
Тармақ 3
3. Ықпал етудiң шектелген шараларын қабылдаумен қатар банкке қолданылып жүрген банк заңдарында көзделген санкциялар да қолданылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Банкке ықпал етудiң шектелген шараларының бiрiн қолдану оған арналған бұрынғы қабылданған шаралардың iс-әрекетiн тоқтатпайды және қысқартпайды.
Тармақ 5
5. Осы Ережеде көзделген ықпал етудiң шектелген шаралары Ұлттық Банктiң мынадай мәселелер бойынша: - банктi қаржылық жағынан қалпына келтiру, басшылықты ауыстыру немесе банктi қайта ұйымдастыру қажеттiгi туралы; - депозиттер қабылдауды шектеу туралы; - жарғылық қорды ұлғайту туралы; - дивидендтер төлеудi және провизияларды ұлғайтуды тоқтату туралы; - жекелеген филиалдар мен өкiлдiктердi жабу арқылы, сондай-ақ қосымша қызметкерлер жалдауды тоқтату немесе шектеу арқылы шығындарды азайту туралы; - банктiң кез-келген лауазымды адамын немесе қызметкерiн қызметiнен шеттеу туралы; - жоғары дәрежеде тәуекелi бар банк операцияларының кейбiр түрлерiн тоқтату немесе шектеу туралы ұсыныс енгiзуiне мүмкiндiк бередi.
Тармақ 6
6. Ұлттық Банк банкке байланысты ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану туралы банктiң Байқаушы кеңесiне (оның Төрағасы мен мүшелерiне) хабарлауға құқылы. Осы мәселе жөнiндегi Ұлттық Банктiң тiкелей банк басшылығына арналмаған ақпараты оның Байқаушы кеңесiнiң құрамына енген адамдарға почтамен жөнелту тапсырысы арқылы жiберiледi.
Тармақ 7
7. Осы мәселе бойынша банкке тиiстi құжаттардың келiп түскен күнi (оны қызметкерлерге қол қоюға берген күн) Ұлттық Банктiң ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану туралы шешiмiмен көзделген шарттар мен iс-шараларды банктiң орындау мерзiмiнiң басталуы болып есептеледi.
Тарау 2. II. Ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану жөнiндегi негiзгi талаптар
II. Ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану жөнiндегi негiзгi талаптар
Тармақ 8
8. Банктiң ықпал етудiң шектелген шараларын қолданумен байланысты iс-шараларды ресiмдеуi, орындау тәртiбi және Ұлттық Банк тарапынан бақылау жасау осы Ережедегi талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Банкке осы Ереженiң 2-тармағының "а" және "г" тармақшаларында көзделген ықпал етудiң шектелген шараларын қолданған жағдайда, банк жетi күннiң iшiнде Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне (бұдан әрi - Банктiк қадағалау департаментi) мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаудың орындалуы бойынша шараларды көрсете отырып хат беруге мiндеттi. Банктiң хатына мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаудың (бұдан әрi - кесте) шарттарын орындау бойынша жоспарланған iс-шаралардың кестесi мен нақтылығын дәлелдейтiн қаржылық негiздемесi қоса берiлуi тиiс. Банк олар бекiткен кестенi бұзған жағдайда мiндеттеме-хат немесе жазбаша нұсқау орындалмаған деп есептеледi.
Тармақ 10
10. Банктiк қадағалау департаментi берiлген кестемен келiскен жағдайда ол жөнiнде банкке он күн iшiнде хабарлайды. Ұлттық Банк кестемен келiспеген жағдайда мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша нұсқаудың орындалуы бойынша шараларды көрсете отырып беретiн банктiң хатының нақты мерзiмi мен шарттарын белгiлеуге құқылы.
Тармақ 11
11. Банк Ұлттық Банкке мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаудың орындалуы бойынша iс-шаралардың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде аяқталғаны жөнiнде дер кезiнде хабарлауға мiндеттi. Банктiк қадағалау департаментi банк қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуына бақылау жасайды.
Тармақ 12
12. Өзiне қолданылған ықпал етудiң шектелген шараларынан туындаған шарттарды орындамаған банк Ұлттық Банк Басқармасының 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 292 Қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық стандарттарға көшу тәртiбi туралы ережеге сәйкес банктердiң бiрiншi тобына жатқызылмайды.
Тармақ 13
13. Банк өзiне қолданылған ықпал етудiң шектелген шараларынан туындаған iс-шараларды орындамаған жағдайда Ұлттық Банк оған банк операцияларының қосымша түрлерiн жүргiзуге лицензия беруден және/немесе филиал ашуға келiсiм беруден бас тартуға құқылы.
Тарау 3. III. Ықпал етудiң шектелген шараларының жекелеген түрлерiн қолдану ерекшелiктерi
III. Ықпал етудiң шектелген шараларының жекелеген түрлерiн қолдану ерекшелiктерi 3.1. Мiндеттеме-хат
Тармақ 14
14. Банктiң мiндеттеме-хатында банктiң өзiнде бар кемшiлiктерiн мойындайтын және банк басшылығы жоспарланған iс-шараларды көрсете отырып, оларды екi айдан аспайтын уақытта, қатаң белгiленген мерзiм iшiнде жоюға дайындық фактiлерi мазмұндалуы тиiс.
Тармақ 15
15. Ұлттық Банк банктен мiндеттеме-хатты мына жағдайларда:
Тармақша а
а) өтiмдiлiк коэффициентiн бұзғанда, оған қоса клиенттiң қаржы аудару бойынша тапсырмасын орындамағанда немесе дер кезiнде орындамағанда, есеп айырысу және аударым операциялары бойынша шартты мiндеттемелер тиiстi түрде орындалмағанда, банктiң корреспонденттiк шотына арналған картотекалар бере болғанда;
Тармақша б
б) ең төменгi резерв талаптарын сақтамағанда;
Тармақша в
в) Ұлттық Банктiң жазбаша сұрауы бойынша мәлiметтердi (ақпараттарды) және/немесе құжаттарды бермеуi немесе дер кезiнде бермегенде;
Тармақша г
г) банктiң басшы қызметкерлерi өздерiнiң лауазымдық қызметтерiн Ұлттық Банктiң тиiстi келiсiмiнсiз белгiленген мерзiмiнен артық атқарғанда;
Тармақша д
д) банктiң банк заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда заңды тұлғалардың жарғылық қорына қатысқанда;
Тармақша е
е) банктiң шетелдiк қатысуы арқылы қаржыларды iшкi активтерге орналастыру бойынша талаптарды бұзғанда;
Тармақша ж
ж) Ұлттық Банкке есептемелер мен мәлiметтердi бермегенде;
Тармақша з. 3.2. Жазбаша келiсiм
з) Ұлттық Банкке бiле тұра күмәнді есептемелер мен мәлiметтер бергенде талап етуге құқылы. Ұлттық Банк мiндеттеме хатты өз ұйғарымы бойынша басқа жағдайда да талап етуге құқылы. 3.2. Жазбаша келiсiм
Тармақ 16
16. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған кемшiлiктердi тез арада жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты алғашқы шараларды бекiту туралы банк пен Ұлттық Банктiң арасындағы келiсiм.
Тармақ 17
17. Жазбаша келiсiм Ұлттық Банк пен банк басшылығы банк қызметiнде бар заң бұзушылықтар мен кемшiлiктердi жою үшiн едәуiр уақыт қажет деген шешiмге келген жағдайда жасалады.
Тармақ 18
18. Жазбаша келiсiм осы Ереженiң 15-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, мынадай жағдайларда жасалуы мүмкiн:
Тармақша а
а) Ұлттық Банктiң тиiстi рұқсатынсыз дауыс беру құқығымен жиырма бес проценттен астам банк акцияларын тiкелей немесе жанама иелену, банк құрылтайшысына (акционерiне) өкiмдiк жүргiзу және/немесе басқару;
Тармақша б
б) банктiң орталықтандырылған кредит ресурстары бойынша мерзiмi өткен қарызының болуы. Жазбаша келiсiм Ұлттық Банктiң ұйғарымы бойынша басқа жағдайларда да жасалуы мүмкiн.
Тармақ 19. 3.3. Жазбаша нұсқау
19. Жазбаша келiсiм екi дана етiп жасалып, Ұлттық Банктiң атынан Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары, ал екiншi жақтан - банк Басқармасының Төрағасы мен банктiң бас бухгалтерi қол қояды. 3.3. Жазбаша нұсқау
Тармақ 20
20. Ұлттық Банктiң жазбаша нұсқауы - бұл белгiленген уақытта анықталған кемшiлiктердi жоюға бағытталған нақты шараларды қабылдау қажеттiгi туралы нұсқау.
Тармақ 21
21. Ұлттық Банк осы Ереженiң 15, 18-тармақтарында көзделгендерден басқа мынадай жағдайлар анықталғанда:
Тармақша а
а) бiр займшыға өз қаржыларының коэффициентiнiң жеткiлiктiлiгi мен ең жоғары тәуекелдiң, оған капиталдың терiс мөлшерiнiң бар екенiн қосқанда, екi есеп беру күнiнен кем емес уақытқа бұзылғанда;
Тармақша б
б) белгiленген ең төменгi мөлшерге жарғылық қордың мөлшерi сәйкес келмегенде;
Тармақша в
в) банктiң жарғылық қорын заңсыз қалыптастыру анықталғанда;
Тармақша г
г) банк мiндеттеме-хаттың не жазбаша нұсқаудың шарттарын орындамағанда немесе бұзғанда жазбаша нұсқау жiберуге құқылы.
Тармақ 22. 3.4. Жазбаша ескерту
22. Ұлттық Банктiң ұйғарымы бойынша жазбаша нұсқау басқа жағдайларда да жiберiлуi мүмкiн. 3.4. Жазбаша ескерту
Тармақ 23
23. Жазбаша ескерту дегенiмiз банк заңдарында көзделген санкцияларды Ұлттық Банктiң банкке қолданылуы мүмкiн екендiгi туралы хабарлауы болып табылады.
Тармақ 24
24. Жазбаша ескерту осы Ереженiң 15, 18, 21-тармақтарында көзделген негiздерден басқа мына жағдайларда:
Тармақша а
а) жазбаша нұсқаудың шарттарын орындамағанда;
Тармақша б
б) қолданылып жүрген заң талаптарын бұзғанда банкке жiберiлуi мүмкiн.
Тарау 4. IV. Қорытынды ережелер
IV. Қорытынды ережелер
Тармақ 25
25. Ықпал етудiң шектелген шараларын қолдану туралы Ұлттық Банктiң шешiмiне банк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа шағым бере алады. Ықпал етудiң шектелген шараларына байланысты сотқа шағым беру олардың орындалуын тоқтата алмайды.
Тармақ 26
26. Осы Ереже арқылы реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешiлуi тиiс.