Об утверждении Положения о порядке подготовки специалистов для работы на рынке ценных бумаг, контроля за использованием выданных квалификационных свидетельств, приостановления их действия и отзыва Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ереженi" бекiту туралы Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ереженi" бекiтсiн.
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы ереженi тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы атқарушы аппаратының Рынокты реттеу басқармасына жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап күшiне енедi.
Тармақ 5
5. Жоғарыда аталған ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 желтоқсандағы "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" N 151 қаулысының күшi жойылсын.
Басқа 0. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ереже
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 2 қыркүйектегi N 138 қаулысымен бекiтiлдi Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ереже
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы осы Ереже (Бұдан әрi - Ереже) оқу курстарының тыңдаушыларын оқытудың, бiлiктiлiк куәлiктерiн алуға үмiткерлердi аттестациялаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолдануын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 1.2
1.2. Курс тыңдаушыларын аттестациялау бағалы қағаздар рыногында мiндеттерiн бiлiктi атқаруға үмiткерлердiң даярлықтарын айқындау және бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының қажеттi кәсiби деңгейiн ұстап тұру мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 1.3
1.3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының Аттестациялық комиссиясынан (бұдан әрi - БҚҰК Аттестациялық комиссиясы) аттестациядан өткен үмiткерлерге мынадай санаттар көрсетiлiп бiлiктiлiк куәлiктерi берiледi: - аталған тұлғаға бағалы қағаздар рыногында брокерлiк, дилерлiк қызметтердi жүзеге асыру құқығының берiлгендiгiн растайтын бiрiншi санат; - аталған тұлғаға бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығының берiлгендiгiн растайтын екiншi санат; - аталған тұлғаға бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығының берiлгендiгiн растайтын үшiншi санат.
Тармақ 1.4
1.4. Бiрiншi, екiншi және үшiншi санатты бiлiктiлiк куәлiктерiн алуға үмiткерлерге оқуға және аттестациядан өтуге рұқсат берiлгенде олардың жоғары заңдық, техникалық немесе экономикалық бiлiмдерi не мамандығы бойынша кемiнде үш жыл жұмыс стажы бар орта арнаулы экономикалық бiлiмдерi болу керек. Үшiншi санат бойынша оқуға бiрiншi санатты бiлiктiлiк куәлiктерi бар мамандар жiберiледi.
Тарау ii. II. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының қызметi
II. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының қызметi
Тармақ 2.1
2.1. БҚҰК Аттестациялық комиссиясы - БҚҰК мүшелерiнен және БҚҰК атқарушы аппаратының жауапты қызметкерлерiнен тұратын алқалы орган.
Тармақ 2.2
2.2. БҚҰК Аттестациялық комиссиясы жетi адамнан тұрады және оған Аттестациялық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелерi енедi. Iс қағаздарын жүргiзудi Аттестациялық комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Аттестациялық комиссияның жеке құрамы БҚҰК Төрағасының бұйрығымен айқындалады.
Тармақ 2.3
2.3. БҚҰК Аттестациялық комиссиясы мынадай функцияларды: - бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi бiрыңғай оқу бағдарламаларын әзiрлеудi және бекiтудi; - БҚҰК бекiтiлетiн, оқу орталықтарының қызметiн және бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтiн мамандар даярлаудың тәртiбiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi; - оқу орталықтарының қызметiне бақылау жасауды; - аттестациялауды өткiзудiң кестесiн әзiрлеудi; - тестiлердiң сұрақтарын және емтихан билеттерiн әзiрлеудi және бекiтудi; - аттестациялауды жүргiзудi; - бiлiктiлiк куәлiктерiн берудi жүзеге асырады.
Тармақ 2.4
2.4. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының жиналыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өтедi.
Тармақ 2.5
2.5. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының жиналыстары мүшелерiнiң кемiнде 2/3 болғанда өтедi. Бiлiктiлiк куәлiктерiн алуға үмiткерлердi аттестациядан өткiзу үшiн БҚҰК арнаулы рұқсаты бойынша БҚҰК Аттестациялық комиссиясының құрамын жиналыстары өткiзiлуi мүмкiн. Көшпелi комиссияның құрамын БҚҰК Аттестациялық комиссиясы мүшелерiнiң және БҚҰК атқарушы аппараты қызметкерлерiнiң арасынан БҚҰК Төрағасы айқындайды. Көшпелi комиссия кемiнде үш адамнан тұру керек. Көшпелi комиссия аттестациялауды жүргiзудiң алдында үмiткерлердiң құжаттарын осы Ереженiң 1.4-тармағына сәйкестiлiгiн тексередi.
Тармақ 2.6
2.6. Комиссияның шешiмi БҚҰК Аттестациялық комиссиясының қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауыстарымен қабылданады және тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
Тарау iii. III. Мамандарды аттестациялауға даярлаудың тәртiбi
III. Мамандарды аттестациялауға даярлаудың тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Бiлiктiлiк куәлiктерiн алуға үмiткерлердi даярлауды қолданылып жүрген заңға сәйкес берiлген БҚҰК Рұқсаты бар оқу орталықтары жүзеге асырады. Үмiткерге өздiгiнен даярлануға және осы Ережемен айқындалған тәртiпте аттестациялаудан өтуiне рұқсат етiледi.
Тармақ 3.2
3.2. Бiлiктiлiк куәлiгiн алуға оқу орталықтарының бiрiнде оқу орталығына мынадай құжаттарды тапсырады: - бiлiктiлiк куәлiгiн алу үшiн кейiннен аттестациялауға жiбере отырып курсқа қабылдау туралы осы Ереженiң N 1 қосымшасына сәйкес фотосуретiмен бiрге өтiнiш; - бiлiм туралы дипломның ксерокөшiрмесi немесе нотариальды расталған көшiрмесi; - заңды тұлғаның мөрiмен расталған еңбек кiтапшасының (келiсiм-шарттың, еңбек келiсiмнiң) ксерокөшiрмесi немесе нотариальды түрде расталған көшiрмесi.
Тармақ 3.3
3.3. Үмiткердiң бiлiктiлiк куәлiгiн алуға ұсынған құжаттары осы Ереженiң талаптарына сәйкес келгенде оқу орталығы осы үмiткердi оқу курсына қабылдауды жүзеге асырады.
Тармақ 3.4
3.4. Мамандар даярлау жөнiндегi кезектi оқу курсының басталуына дейiн үш күннiң iшiнде оқу орталығы БҚҰК-на мынадай құжаттарды ұсынады: - емтихан жүргiзудiң жорамалданған күнiн көрсете отырып оқу курсын жүргiзу туралы N 2 қосымшасына сәйкес өтiнiш; - сабақтардың тақырыбын, оны жүргiзетiн оқытушылардың тегiн, сондай-ақ оларды жүргiзу орындарын және уақытын көрсете отырып оқу курсының кестесiн; - осы курс тыңдаушыларының жобаланған тiзiмi.
Тарау iv. IV. Аттестациялауды жүргiзудiң тәртiбi
IV. Аттестациялауды жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 4.1
4.1. Оқу процесiнiң аяқталуына дейiн бес күн мерзiмнен кешiктiрмей оқу курсы БҚҰК Аттестациялық комиссиясына тыңдаушыларды аттестациялаудан өткiзу туралы N 3 қосымшаға сәйкес өтiнiш және тыңдаушылардың осы Ереженiң 3.2-тармағында аталған құжаттарын тапсыру керек.
Тармақ 4.2
4.2. Егер тыңдаушылардың саны 15 адамнан асып кеткен жағдайда, БҚҰК Аттестациялық комиссиясы аттестацияны аттестацияланушылардың санына байланысты бiрнеше күн iшiнде өткiзуге құқылы.
Тармақ 4.3
4.3. Бiр күнде бiр санаттан артық санаттар бойынша аттестациялауды өткiзуге тәртiпке сәйкес жол берiлмейдi.
Тармақ 4.4
4.4. Оқу орталығының осы Ереженiң талаптарына сәйкес ұсынған құжаттарын қарағаннан кейiн, БҚҰК Аттестациялық комиссиясы оқу орталығының атына күнiн және уақытын көрсете отырып аттестациялауды өткiзу туралы жазбаша ескертпе жiбередi.
Тармақ 4.5
4.5. Аттестациялауды өткiзу күнiне дейiн екi күннiң iшiнде оған жiберiлген тұлғалардың тiзiмiн БҚҰК Аттестациялық комиссиясының төрағасы бекiтедi.
Тармақ 4.6
4.6. Оқу орталықтары ұсынған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сәйкес уақытында немесе тиiстi дәрежеде ресiмделмеген жағдайда, БҚҰК Аттестациялық комиссиясы оқу орталығының атына дәлелдi бас тарту жiбере отырып, аттестациялауды өткiзуден бас тартуға құқылы.
Тармақ 4.7
4.7. Оқу орталығы тыңдаушыларды Аттестациялық комиссияның оларды аттестациялауға жiберу, аттестациялаудың күнi және уақыты туралы шешiмi жөнiнде уақытында хабардар етуi, сондай-ақ Аттестациялық комиссияның аттестациялауға жiберген үмiткерлердiң тiзiмiн айқындау керек.
Тармақ 4.8
4.8. Аттестациялау тәртiпке сәйкес БҚҰК емтихан орталығында өткiзiледi. Қажет болған жағдайда, БҚҰК Аттестациялау комиссиясы БҚҰК Төрағасының бұйрығы бойынша үмiткерлердi аттестациялауды олардың оқыған орындарында жүзеге асыра алады. Бiлiктiлiк куәлiгiн алған үмiткер аттестациялауға оның жеке басын куәландыратын құжатпен келу керек.
Тармақ 4.9
4.9. Үмiткер аттестациялауға себептi жағдаймен келе алмағанда, өткiзiлмеген аттестациялаудың күнiн және келмеу себебiн көрсеткен өтiнiш негiзiнде басқа кез келген күнi өткiзiлетiн аттестациялауға жiберiледi.
Тармақ 4.10
4.10. Аттестациялау екi кезеңде өткiзiледi: бiрiншi - тесттен өту; екiншi - ауызша емтихан.
Тармақ 4.11
4.11. Әрбiр үмiткердi аттестациялауға кететiн жалпы уақыт 80 минуттан аспайды. Оның iшiнде тесттен өтуге - 30 минуттан көп емес, билет бойынша даярлануға - 30 минуттан көп емес.
Тармақ 4.12
4.12. Тесттен өту тесттiң сұрақтарына жазбаша түрде немесе компьютерлiк техниканы пайдаланумен жауап беру нысанында жүзеге асырылады. Тесттен өту кезiндегi сұрақтардың саны 50 аспау керек.
Тармақ 4.13
4.13. Тест сұрақтарының кемiнде 80% жауап берген үмiткер тәртiпке сәйкес ауызша емтиханға жiберiледi. Тесттен өтудiң нәтижелерi бойынша ауызша емтиханға жiберiлмеген үмiткер аттестациялаудан өтпеген болып саналады.
Тармақ 4.14
4.14. Ауызша емтихан емтихан билеттерiнiң сұрақтарына және БҚҰК Аттестациялық комиссиясы мүшелерiнiң бекiтiлген Бағдарлама шеңберiндегi сұрақтарына ауызша жауап беру нысанында жүргiзiледi.
Тармақ 4.15
4.15. Ауызша емтиханды бағалау кезiнде мынадай шкала қолданылады: "қанағаттанарлықсыз", "қанағаттанарлық", "жақсы", "өте жақсы".
Тармақ 4.16
4.16. Ауызша емтиханнан "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" деген бағалар алған үмiткерлер аттестацияланған болып танылады. Ауызша емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған үмiткерлер аттестацияланбаған болып танылады.
Тармақ 4.17
4.17. Аттестациялаудан өту кезiнде үмiткерге анықтамалық, арнаулы және өзге де әдебиеттi, сондай-ақ қандай да болмасын жазбаларды қолдануға тыйым салынады. Аталған талаптарды және әдеп нормаларын бұзған жағдайда, үмiткер аттестациялаудан шығарылып жiберiледi. Аттестациялаудан шығарылып жiберiлген үмiткер аттестацияланбаған болып саналады.
Тармақ 4.18
4.18. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына жауап беруге даярлану кезiнде үмiткерлер осы Ереженiң N 5 қосымшасына сәйкес белгiленген үлгiдегi арнаулы бланкаларды қолданады.
Тармақ 4.19
4.19. Үмiткерлердiң жауап беруге даярлануларына арналған бланкаларды және Аттестациялық комиссия мүшелерiне арналған ведомостардың бланкаларын оқу орталықтары осы Ереженiң N 5 және N 6 қосымшаларына сәйкес дайындайды және аттестациялаудан өткiзу туралы өтiнiшпен бiрге БҚҰК Аттестациялық комиссиясының хатшысына берiледi.
Тармақ 4.20
4.20. Аттестациялық комиссияның мүшелерi емтихан билеттерiнiң сұрақтарына берген үмiткердiң жауаптары үшiн өздерiнiң бағаларын осы Ереженiң N 6 қосымшасына сәйкес келетiн ведомостқа қояды.
Тармақ 4.21
4.21. Аттестациялау аяқталғаннан кейiн тест жүргiзудiң және ауызша емтиханның нәтижелерi бойынша жасалған хаттамаға Аттестациялық комиссияның мүшелерi және хатшысы қол қояды.
Тармақ 4.22
4.22. Аттестациялаудан өтпеген деп танылған тұлға нәтижесi бойынша аттестациялаудан өтпеген деп танылған аттестациялау өткiзiлген күннен бастап бiр айдан ерте емес уақытта қайтадан аттестациялаудан өтуге құқылы.
Тармақ 4.23
4.23. Қайтадан аттестациялаудан өтуге рұқсат беру туралы өтiнiшпен үмiткер БҚҰК жүгiнедi.
Тармақ 4.24
4.24. Егер үмiткер қайтадан аттестациялаудың нәтижесi бойынша аттестацияланбаған деп танылса, онда оның кемiнде бiр жылдан кейiн атестациялаудан өтуге құқығы бар.
Тармақ 4.25
4.25. Аттестацияланбаған деп танылған үмiткердiң шағым беруге құқығы бар.
Тармақ 4.26
4.26. Бiлiктiлiк куәлiктерiн алуға аттестациялаудан өтпеген үмiткерлердiң шағымдарын қарау мақсатында, БҚҰК Төрағасының бұйрығымен құрамында Аппеляциялық комиссияның төрағасы және екi мүшесi бар Аппеляциялық комиссия құралады. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының төрағасы бiр мезгiлде БҚҰК Аппеляциялық комиссиясының төрағасы бола алмайды.
Тармақ 4.27
4.27. Негiзгi талаптары дәлелдi түрде баяндалған шағымы туралы жазбаша өтiнiштi аттестацияланбаған тұлға БҚҰК Аппеляциялық комиссиясы Төрағасының атына үмiткердi аттестацияланбаған деп танылған күннен кешiктiрмей бередi.
Тармақ 4.28
4.28. Аппеляциялық комиссия шағым туралы жазбаша өтiнiштi қарап, аттестацияланбаған үмiткердiң талаптарының негiздi немесе негiздi еместiгi туралы шешiм қабылдайды.
Тармақ 4.29
4.29. Шағымды қараудың мерзiмi - шағым туралы өтiнiштi берген күннен бастап үш күннен аспайды. Шағымды қараудың нәтижесi хаттамамен ресiмделедi және орындау үшiн БҚҰК Аттестациялық комиссиясына берiледi. Қайтадан шағым жасауға жол берiлмейдi.
Тарау v. V. Бiлiктiлiк куәлiгiн берудiң және қолданудың тәртiбi
V. Бiлiктiлiк куәлiгiн берудiң және қолданудың тәртiбi
Тармақ 5.1
5.1. Аттестациялаудан өткен үмiткерге осы Ереженiң N 4 қосымшасында белгiленген үлгi бойынша және осы Ережемен айқындалатын тәртiпте бiлiктiлiк куәлiгi берiледi.
Тармақ 5.2
5.2. Оқу орталығы аттестациялау жүргiзiлген күннен кейiн үш күндiк мерзiмде аттестациялауды жүргiзу туралы хаттамаларды және қол қойылған бiлiктiлiк куәлiктерiн алу үшiн БҚҰК Аттестациялық комиссиясының хатшысына жүгiнедi.
Тармақ 5.3
5.3. Аттестациялаудан өткен тұлға бiлiктiлiк куәлiгiн оқу орталығында немесе БҚҰК алады.
Тармақ 5.4
5.4. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының хатшысының арнаулы журналға осы Ереженiң 5.1 және 5.2-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды оқу орталығына берген күнi тиiстi жазбаларды жазуы арқылы БҚҰК берiлген бiлiкшiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады. Оқу орталығының уәкiлеттi өкiлi аталған журналға алынған бiлiктiлiк куәлiктерiнiң саны үшiн қол қоюға мiндеттi.
Тармақ 5.5
5.5. Бiлiктiлiк куәлiктерiнiң күшi осы Ереженiң N 4 қосымшасына сәйкес бiлiктiлiк куәлiгiнiң бланкесiнде көрсетiлген Аттестациялық комиссияның шешiмi шығарылған күннен бастап үш жыл iшiнде қолданылады.
Тармақ 5.6
5.6. Білiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн, маманның оны осы Ережемен айқындалған тәртiпте ұзартуға құқығы бар.
Тармақ 5.7
5.7. Бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн және кәсiби деңгейiн ұстап тұру мақсатында бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстейтiн маман қайтадан аттестациялаудан өтуi керек.
Тармақ 5.8
5.8. Қайтадан аттестациядан өту үшiн маман БҚҰК мынадай құжаттарды ұсынады: - фотосуретiмен бiрге осы Ереженiң N 8 қосымшасындағы үлгi бойынша қайтадан аттестациялаудан өтуге жiберу туралы өтiнiш; - заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылған еңбек кiтапшасының (келiсiм-шарттың, еңбек келiсiмiнiң) көшiрмесiн; - қолданылу мерзiмi өткен бiлiктiлiк куәлiгiнiң түпнұсқасы.
Тармақ 5.9
5.9. БҚҰК Аттестациялық комиссиясы маманның ұсынған құжаттарын қарай келiп, аталған маманды аттестациялаудан өтуге жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмiне енгiзе отырып, аттестациялаудан қайтадан өтуге жiбередi және бұл туралы оны хабардар етедi.
Тармақ 5.10
5.10. Аттестациялауды қайтадан жүргiзудiң тәртiбi осы Ережемен айқындалған аттестациялауды жүргiзу тәртiбiне сәйкес болады.
Тармақ 5.11
5.11. Аттестациялауды қайтадан жүргiзу нәтижесiнде ауызша емтиханнан "қанағаттанарлықсыз" баға алған маман аттестациялаудан қайтадан өтпеген болып танылады, оның бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi ұзартылмайды және тоқтатылған болып саналады.
Тармақ 5.12
5.12. Аттестациялауды қайтадан жүргiзу нәтижесiнде ауызша емтиханнан "өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" деген бағалар алған маман аттестациялаудан қайтадан өткен болып танылады, және оның бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аттестациялаудан қайтадан өткен күннен бастап үш жылға ұзартылады, бұл туралы берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiледi, ал бiлiктiлiк куәлiгiнiң бланкесiне БҚҰК арнаулы штампы қойылады.
Тармақ 5.13
5.13. Қазақстан Республикасының заңдарын және саудаластықтарды ұйымдастырушылардың немесе өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың ережелерiн бұзу анықталған жағдайда, БҚҰК Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша БҚҰК бiлiктiлiк куәлiктерi бар мамандарды мерзiмiнен бұрын аттестациялаудан өтуге мiндеттеуге құқылы.
Тарау vi. VI. Берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасау
VI. Берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасау
Тармақ 6.1
6.1. Бақылау бiлiктiлiк куәлiктерi бар тұлғалардың қызметiнiң қолданылып жүрген заңның талаптарына сәйкестiлiгiн анықтау мақсатында жүзеге асырады.
Тармақ 6.2
6.2. Бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасауға қолданылып жүрген заңның талаптарына сәйкес мамандардың қызметтерiне тексерiс жүргiзу кiредi.
Тармақ 6.3
6.3. Тексерiстердi жоспарлы тәртiпте және қолданылып жүрген заңды бұзу туралы ақпарат келiп түскен жағдайларда БҚҰК жүзеге асырады.
Тармақ 6.4
6.4. Берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасауды БҚҰК атқарушы аппаратының уәкiлеттi бөлiмшесi (бұдан әрi Бөлiмше) жүзеге асырады. Бөлiмше: - оқу орталықтарын қызметiн талдауды; - Аттестациялық комиссияның жиналыстарын өткiзуге құжаттар әзiрлеудi; - аттестациялауды өткiзуге құжаттар әзiрлеудi; - аттестациялаудың нәтижелерiн ресiмдеудi; - оқу орталықтарымен хат жазысуды; - берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiн мамандардың пайдалануларына бақылау жасауды; - бiлiктiлiк куәлiктерiн тоқтата тұруға және қайтарып алуға құжаттар әзiрлеудi жүзеге асырады.
Тармақ 6.5
6.5. БҚҰК iс-әрекетi бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңдардың нормаларын бұзуға әкеп соққан маманға оны осы ережеге сәйкес қайтадан аттестациялаудан өткiзе отырып жазбаша ескерту жасауға құқылы.
Тарау vii. VII. Бiлiктiлiк куәлiгiн қолдануды тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi
VII. Бiлiктiлiк куәлiгiн қолдануды тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi
Тармақ 7.1
7.1. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының ұсынысы бойынша шығарылған БҚҰК шешiмiнiң негiзiнде, берiлген бiлiктiлiк куәлiгiн бiр айдан үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру жүзеге асырылады.
Тармақ 7.2
7.2. Берiлген бiлiктiлiк куәлiгiн тоқтата тұру:
Тармақша а
а) маманға бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi тарабынан елеулi талаптар қойылған;
Тармақша б
б) оқу орталықтарына немесе БҚҰК құжаттар тапсыру кезiнде анық емес мәлiметтер берiлген жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 7.3
7.3. Бiлiктiлiк куәлiгiн қолдануды тоқтата тұру маманның жоғарыда аталған мерзiмге бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке құқығынан айыруға әкеп соғады.
Тармақ 7.4
7.4. Бiлiктiлiк куәлiгiн қолдануды тоқтата тұруға әкеп соққан негiздер жойылғаннан кейiн, БҚҰК Аттестациялық комиссиясының ұсынысы бойынша БҚҰК шешiмiмен бiлiктiлiк куәлiгiн қолдану жаңартылады.
Тармақ 7.5
7.5. БҚҰК Аттестациялық комиссиясының ұсынысы бойынша БҚҰК шығарған қаулысының негiзiнде мынадай:
Тармақша а
а) тоқтата тұру үшiн негiз қайтадан туындаған;
Тармақша б
б) Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарын бұзу анықталған және Аттестациялық комиссияның шешiмiмен өзiнiң қызметiнiң нәтижесiнде жеткiлiксiз түрде бiлiктi деп танылған;
Тармақша в
в) экономикалық қылмыс жасағандығы үшiн сотталғандығы болған;
Тармақша г
г) салдарынан бiлiктiлiк куәлiгiн қолдануды тоқтатыла тұрған заң бұзушылықтар үш айдың iшiнде жойылмаған жағдайларда бiлiктiлiк куәлiктерiн қайтарып алу жүзеге асырылады.
Тармақ 7.6
7.6. Бiлiктiлiк куәлiгi оның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Тармақ 7.7
7.7. Бiлiктiлiк куәлiгiн қайтарып алу мамандарға немесе олар қызметкерлерi болып табылатын заңды тұлғаларға хабарламаларды бiр мезгiлде баспасөзде хабарлай отырып жiберу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7.8
7.8. Қолданылып жүрген заңды дөрекi түрде қасақана бұзу салдарынан бiлiктiлiк куәлiгiнен айырылған маман қайтадан аттестациядан өтуге құқылы емес.
Тармақ 7.9
7.9. Куәлiгiнен айырылған маманның БҚҰК шешiмi жөнiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген тәртiпте шағым жасауға құқығы бар.
Басқа 1
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ережеге N 1 қосымша Фотосурет Оқу орталығы _____________________________________________ (оқу орталығының толық атауы) ______________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) ӨТIНIШ Менi бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курсқа қабылдауды және _____________________________ санатты бiлiктiлiк куәлiгiн алу үшiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында аттестациялаудан өтуге жiберудi сұраймын. Туған жылы _________________________ Жынысы______________________________ Бiлiмi, диплом бойынша мамандығы _______________________________ Оқу орынның атауы _______________________________________________ Жұмыс стажы: жалпы ______________________________ оның iшiнде қаржы рыногындағы _____________________________ Жұмыс орны ________________________________________________ Қызметi ___________________________________________________ Төлқұжаты _________________________________________________ (сериясы, нөмiрi, құжатты кiм және қашан берген) Тұратын мекен-жайы: _______________________________________ Телефон нөмiрi: жұмысының _____________________ пәтерiнiң _____________________ Өтiнiшке қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi; - бiлiм жөнiндегi дипломның көшiрмесi; - еңбек кiтапшасының көшiрмесi. Қолы: Күнi:
Басқа 2
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ережеге N 2 қосымша Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Аттестациялық комиссияның төрағасы ________________ ӨТIНIШ _____________________________________________ (оқу орталығының толық атауы) Сiзге 199__ жылдың _____________ бастап ______________ шейiн ___________________ санат бойынша бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлайтын курстың жүргiзiлетiндiгiн хабарлайды. Аттестациялауды жүргiзу жобаланған күн "__"___________ 199__ж. Тыңдаушылардың саны ________________ адам. Қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi: - курстардың кестесi; - тыңдаушылардың тiзiмi. Оқу орталығының жетекшiсi _____________________________________ "____"_______________ 199___ж.
Басқа 3
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ережеге N 3 қосымша Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Аттестациялық комиссияның төрағасы ________________ ӨТIНIМ _____________________________________________ (оқу орталығының толық атауы) 199__ жылдың _____________ бастап ______________ шейiн даярлықтан өткен тыңдаушыларды ___________________ санатты бiлiктiлiк куәлiгiн алу үшiн 199__ "__"___________ аттестациялаудан өткiзудi сұрайды. Қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi: - тыңдаушылардың тiзiмi; - тыңдаушылардың құжаттары. Оқу орталығының жетекшiсi _____________________________________ "____"_______________ 199___ж.
Басқа 4
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ережеге N 4 қосымша ______________________ санатты N __________________ Бiлiктiлiк куәлiгi Осы куәлiк ____________________________________________________ берiлдi, себебi ол Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы бекiткен оқу бағдарламасына сәйкес, бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау курсында оқыды. Аттестациялық комиссияның 199__ жылғы "___"________________ шешiмiмен бағалы қағаздар рыногындағы маман квалификациясы берiлдi және бағалы қағаздар рыногында ____________________________ ___________________________________________________________________ (қызметтiң түр) жүзеге асыруға лицензия алу үшiн құқық берiледi. Ұлттық комиссияның Төрағасы ___________________ Аттестаицялық комиссияның Төрағасы ___________________ Хатшысы ___________________ М.О. Алматы қаласы
Басқа 5
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ережеге N 5 қосымша Аты-жөнi ______________________________________________________ _______________________________________________________________ Күнi __________________________________________________________ Оқу орталығының атауы _________________________________________ Билеттiң N _______________ 1-сұрақ ______________________________________________________ 2-сұрақ ______________________________________________________ 3-сұрақ ______________________________________________________
Басқа 6
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ережеге N 6 қосымша Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы "_____"___________ 199__ж. Оқу орталығы __________________________________________________ Аттестациялық комиссияның мүшесi ______________________________ __________________ емтиханның нәтижесi бойынша ведомосы ______________________________________________________________ | N |Үмiткердiң |билеттiң| 1 | 2 | 3 | бағасы | | |аты-жөнi | N | сұрақ | сұрақ | сұрақ | | |___|___________|________|_______|_______|_______|_____________| |___|___________|________|_______|_______|_______|_____________| |___|___________|________|_______|_______|_______|_____________|
Басқа 7
Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлаудың, берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң пайдаланылуына бақылау жасаудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және қайтарып алудың тәртiбi туралы ережеге N 7 қосымша Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Аттестациялық комиссияның төрағасы ________________ ӨТIНIШ ______________________________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты) БҚҰК Аттестациялық комиссиясының 199__ жылғы "___"_______________ шешiмiмен берiлген ____________ санатты N _________ бiлiктiлiк куәлiгiнiң қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн қайтадан аттестациялаудан өтуге жiберудi сұраймын. Қолы: Күнi: