О введении в действие Инструкции о таможенном контроле за товарами, выпускаемыми с таможенных складов лицам, пользующимся на территории Республики Казахстан таможенными льготами Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын адамдарға кеден қоймаларынан шығарылатын тауарларға кедендiк бақылау туралы нүсқауды күшiне енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының 32, 33 тарауларындағы кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын шет ел адамдарының Қазақстан Республикасы аумағында тұтынуына арналған тауарларына кедендiк ресiмдеудi реттеу мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын шет елдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге, олардың дипломатиялық қызметкерлерiнiң мүшелерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға кеден қоймаларынан шығарылатын тауарларға кедендiк бақылау туралы нұсқаудың 1997 жылдың 1 тамызынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстың кеден басқармаларының бастықтары мен кедендердiң бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге, олардың дипломатиялық қызметкерлерiнiң мүшелерi мен оларға теңестiрiлген адамдарға кеден қоймаларынан шығарылатын тауарларға кедендiк бақылау туралы Нұсқау
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi Төрағасының Орынбасары В.Д. Кирдановқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге, олардың дипломатиялық қызметкерлерiнiң мүшелерi мен оларға теңестiрiлген адамдарға кеден қоймаларынан шығарылатын тауарларға кедендiк бақылау туралы Нұсқау
Тарау 1. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Нұсқау тауарларды кедендiк ресiмдеуде реттеу үшiн жасалып отыр және шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер, сонымен қатар солардың дипломатиялық құрамының мүшелерi мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн Кеден қоймалары туралы ереженi қолданудың тәртiбiн (ҚР КҚ 16.10.95 ж. N 147-П бұйрығы) анықтайды. Дипломатиялық құрамның мүшелерi бөлiнiп ҚР-нан тысқары тұрақты тұратын төмендегiдей жеке тұлғалар: - ҚР СIМ берген "дипломатиялық карточкалары барлар"; - тiзбелерi тиiстi халықаралық келiсiмдермен уәж етiлген өкiлдiктерде, халықаралық ұйымдарда белгiлi бiр лауазымдарды атқарып отырғандар мен ҚР СIМ берген тиiстi құжаты барлар түсiндiрiледi. Аталған өкiлдiктер мен адамдардың Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының IХ тарауына сәйкес кеден жеңiлдiктерi бар.
Тармақ 1.2
1.2. 1.1-тарауда көрсетiлген мақсаттардағы тауарлар осы Ереженiң талаптары сақталатын жағдайларда ғана кеден қоймаларына орналастырылады, оларда сақталады және кеден төлемдерi төленбей шығарылады.
Тармақ 1.3
1.3. 1.1-тарауда көрсетiлген мақсаттарға ашылатын жабық үлгiдегi кеден қоймалары мамандандырылған болып табылады, яғни оларға Қазақстан Республикасы аумағында кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын адамдарға арналған тауарлар орналастырылады.
Тармақ 1.4
1.4. Жарлықта көрсетiлген кеден қоймалары мен олардың иелерiне қатысты талаптар кедендiк бақылауы осы Нұсқаумен реттелетiн қоймаларға қолданылады.
Тарау 2. II. Тауарларды мамандандырылған кеден қоймаларына орналастыру
II. Тауарларды мамандандырылған кеден қоймаларына орналастыру
Тармақ 2.1
2.1. Тауарларды мамандандырылған кеден қоймаларына орналастыру ҚР КҚ 16.10.95 ж. N 147-П бұйрығымен көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 2.2
2.2. Мамандандырылған кеден қоймасының құрамына тауарларды көрсетуге (көрмеге қоюға) арналған үй-жайлардың, сондай-ақ Жарлықтың 47-бабында көзделген тауарлармен операцияларды жасауға арналған технологиялық үй-жайлардың кiруi мүмкiн.
Тармақ 2.3
2.3. Мамандандырылған кеден қоймасына тауарларды орналастыру процедурасы Кеден қоймалары туралы ереженiң 6-тарауында көзделген процедуралармен сәйкес келедi.
Тармақ 2.4
2.4. Көрме үлгiлерi ретiнде орналастырылған тауарлар уақытша әкелудiң кеден режимiмен ресiмделедi не кеден қоймасында жатқан болып есептеледi.
Тарау 3. III. Мамандандырылғын кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен операциялар
III. Мамандандырылғын кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен операциялар
Тармақ 3.1
3.1. Мамандандырылғын кеден қоймасына орналастырылған тауарлармен кеден қоймалары үшiн кеден заңдарымен белгiленген барлық операциялардың жүргiзiлуi мүмкiн.
Тарау 4. IV. Мамандандырылғын кеден қоймасынан тауарларды шығару мен кеден төлемдерiн алудың ерекшелiгi
IV. Мамандандырылғын кеден қоймасынан тауарларды шығару мен кеден төлемдерiн алудың ерекшелiгi
Тармақ 4.1
4.1. Мамандандырылғын кеден қоймасынан тауарларды шығаруды кеден органы осы Нұсқаумен белгiленген шығарудың шарттары орындалған жағдайда кеден төлемдерiн алмай-ақ жүргiзедi.
Тармақ 4.2
4.2. Тауарларды кеден төлемдерiн алмай-ақ шығаруға Қазақстан Республикасының заңдарымен кейбiр шет ел адамдарына берiлген кеден жеңiлдiктерi негiз болып табылады.
Тармақ 4.3
4.3. Мамандандырылғын кеден қоймасынан тауарларды жеңiлдiк шарттарымен шығару осындай жеңiлдіктi пайдаланылатын адамдардың өтiнiштерiне сәйкес жүргiзiледi. Бұл арада шығару қызметкерлерi не олардың отбасы мүшелерi өтiнiштерiн ресiмдеген дипломатиялық, консульдық, басқа да мекемелердiң атына шағын көтерме топтамаларымен жүргiзiледi. Өтiнiштер белгiленген нысан бойынша (Нұсқауға қосымша) жүргiзiледi және тиiстi мекеменiң (елшiлiктiң, консульдықтың, ұйымның) мөрiмен куәлендiрiледi.
Тармақ 4.4
4.4. Тауарларды шығару кезiнде өтiнiштердi бiр тапсырысқа жинақтаған тиiстi заңды тұлға еркiн айналымға шығарылатын тауарларды өз бетiнше не делдал (оның iшiнде қойма иесi арқылы) арқылы мәлiмдейдi. Тауарларды шығару кезiнде олардың құнына кiретiн, қоймасында сақтағаны үшiн төлемдер ғана төленедi.
Тармақ 4.5
4.5. Мамандандырылған кеден қоймасының иесi тауарларды бақылау мен шығаруды реттеу мақсатында сенiмдi мүдделi адамдармен бiрге тауарларды алу үшiн қызметкерлердi және мамандандырылған тапсырыстарды шығарудың кестелерiн анықтайды.
Тармақ 4.6
4.6. Осы Нұсқаудың 1.1-тармағында көрсетiлмеген басқа да адамдар үшiн тауарларды шығару Қазақстан Республикасының аумағында кеден қоймалары үшiн белгiленген кәдiмгi тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.
Тарау 5. V. Мамандандырылған кеден қоймасы арқылы тауарлардың қозғалысы туралы есеп беру
V. Мамандандырылған кеден қоймасы арқылы тауарлардың қозғалысы туралы есеп беру
Тармақ 5.1
5.1. Кеден қоймалары үшiн кеден заңдарымен белгiленген есеп беруден басқа мамандандырылған кеден қоймасының иелері өтiнiштер тiркеудi жүргiзедi, шығарылатын тауарларға ерекшелiктер мен шот-фактураларды ресiмдейдi, сенiмдi адамдар мен кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын адамдардың тiзбесiн жүргiзедi.
Тарау 6. VI. Мамандандырылған кеден қоймасының иесiне қойылатын басқа да талаптар
VI. Мамандандырылған кеден қоймасының иесiне қойылатын басқа да талаптар
Тармақ 6.1
6.1. Мамандандырылған кеден қоймасындағы жұмыс уақытының бақылаушы кеден органының жұмыс уақытынан қысқа болуы мүмкiн емес.
Тармақ 6.2
6.2. Тауарларды сақтау мен операциялар жүргiзуге арналған қоймаға бiрлесе анықталған тiзiм бойынша кеден қызметкерлерiнiң, қойма қызметкерлерiнiң ғана кiру құқығы бар.
Тармақ 6.3
6.3. Кеден жеңiлдiктерiн пайдаланатын адамдардың тауарларды көрсету мен оларды сатып алғаны үшiн өтiнiштердi ресiмдеу мақсатында қоймаға кiре алады. Кеден жеңiлдіктерiн пайдаланатын адамдарды мамандандырылған кеден қоймасының көрме (көрсету) жайына кiргiзу сол адамның жеңiлдiк пайдаланатын адамдар санатына (ҚР СIМ берген дипкарточка және басқа да құжаттар) жататынын растайтын құжатты сол адам ұсынған соң жүргiзiледi.
Тармақ 6.4
6.4. Қоймадан шығарылатын тауарлар үшiн өзара есептесу мәселелерi толығымен қойма иесiне жүктеледi.
Тарау 7. VII. Қорытынды ережелер
VII. Қорытынды ережелер
Тармақ 7.1
7.1. Мамандандырылған кеден қоймаларында кедендiк бақылау мен ресiмдеудiң тәртiбiн бұзушылықтар Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес қудаланады.