Құжат мәтініне өту

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Өзге акт · № 9-8 · қабылданған 23.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.04.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-43666/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 9-8 ·23.12.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

ҚАЗМұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9-8 · қабылданған 23.12.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9-8
Қабылданған күні
23.12.2008
Көрсетілген редакция
15.04.2010 · қолданыстағы 43666_216068.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
15.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZE000080
ЭКБ идентификаторы
43666
Редакция идентификаторы
43666_216068
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:17

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Жаңақала ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына ай сайын берілетін әлеуметтік көмек мөлшері белгіленсін:

1 1) азық-түлік тағамдарының қымбаттауына байланысты 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кедейлік шегінен төмен тұратын атаулы әлеуметтік көмек алушыларға;

2 2) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3 3) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына әскер қатарына соңғы шақырылған тұлғаларға 2,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4 4) бейбітшілік кезде әскери қызметін өтеу барысында қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына - 1 000 теңге көлемінде;

5 5) 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысқаны үшін бұрынғы Совет Одағының орденімен марапатталған әскери жауынгерлерге, мүгедектерге - 2 000 теңге көлемінде;

6

6) "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аймақтарда тұратын бала жасынан мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және 1 топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш, 2 топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш,3 топтағы мүгедектерге 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

2

2. Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін біржолғы әлеуметтік көмек ауданның мұқтаждықта өмір сүріп отырған азаматтардың жекелеген топтарына және аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссияның (әрі қарай комиссия) шешімі негізінде берілетін төмендегі түрлері белгіленсін:

1 1) Шұғыл әлеуметтік қолдауды қажет ететін жағдайда (тұрмыстық қажеттіліктерге отбасының бір мүшесінің өлімі, емделу үшін, онкологиялық және туберкулездік ауруларды емдеу және де басқа қиын жағдайларда) төлем комиссия белгілеген мөлшерде жылына бір рет;

2 2) Жеңіс күніне орай бір жолғы берілетін төлем:

ҰОС қатысушылары мен мүгедектерге - 40 000 теңге;
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге - 5 000 теңге;
Ұлы отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге - 5 000 теңге;
Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне - 10 000 теңге;
Ұлы Отан соғысына қатысқан, оралып қайтыс болған жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне - 5 000 теңге;
Тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген еңбек ардагерлеріне - 3 000 теңге;
Бейбітшілік уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына - 5 000 теңге.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.