О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам лицензирования Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған кейінгі жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін. "КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі Тө­ра­ға Ә.Ғ.Сәй­де­нов 2008 жы­л­ғы 11 жел­тоқ­сан ___________________________ (қо­лы, кү­ні, ел­таң­ба­лы мөр)
Басқа 0. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
­Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы на­ры­ғын және қар­жы ұй­ым­да­рын рет­теу мен қа­да­ға­лау агент­ті­гі Бас­қар­ма­сы­ның 2008 жы­л­ғы 28 қа­ра­ша­да­ғы № 182 қа­улы­сы­на қо­сым­ша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.03.2026 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.