О Правилах проведения экспертизы Национальным Банком Республики Казахстан проспектов эмиссий ценных бумаг банков и их отчетов об итогах выпуска и размещения ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобаларына және олардың бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есептерiне сараптама жүргiзу тәртiбi туралы" Ереже жөнiнде
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 3 тамыздағы N 304 қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясымен келiсiлген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобаларына және олардың бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есептерiне сараптама жүргiзу тәртiбi туралы" Ереже бекiтiлсiн және ол мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобаларына және олардың бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есептерiне сараптама жүргiзу тәртiбi туралы" Ереже қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен (1995 жылғы 18 мамырдағы N 251 қаулы) Қазақстан Республикасы аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар эмиссиялаған акциялар мен облигацияларды шығаруға арналған жобаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде сараптама жүргiзу тәртiбi туралы Уақытша нұсқаулық күшiн жойды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.) осы Қаулыны және жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары А.Г.Сәйденовке жүктелсiн.
Басқа 5
Келiсiлген Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi 1997 жылғы 23 мамырдағы
Ұлттық комиссиясы N 220 қаулысымен
1997 ж. "___"____________ Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктердің бағалы
қағаздар эмиссиясының проспектілеріне және олардың бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептеріне сараптама жүргізу ережелері
Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды, кіріспедегі және одан әрі мәтін бойынша "Осы Ереже", "Ереже", "Осы Ережеде", "Осы Ережемен" деген сөздер тиісінше "Осы Ережелер", "Ережелер", "Осы Ережелерде", "Осы Ережелермен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен .
Осы Ережелер бағалы қағаздар және банк қызметi туралы қолданылып жүрген заңға сәйкес әзiрленген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) бағалы қағаздар эмиссиясының жобаларын келiсу және екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банк) бағалы қағаздар шығару қорытындылары жөнiндегi есептерi туралы сараптама жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
Ереже банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясы туралы құжаттарын тiркеу ерекшелiгiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту: 1-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен .
Тармақ 1.1
1.1. Сараптама эмиссия көлемiне, инвесторлардың санына және орналастыру әдiсiне қарамастан барлық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 1.2
1.2. Ұлттық Банктiң сараптама жүргiзуi мен қорытынды беруi мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша а
а) банк құру және акцияларды оны құрылтайшылары арасында орналастыру кезiнде;
Тармақша б
б) банктi қайта құру (бiрiктiру, ажырату, қосу, бөлу, қайта құру) кезiнде;
Тармақша в
в) акциялардың қосымша эмиссиясын немесе акциялардың нақты құнын арттыру жолымен банктiң жарғылық капиталының мөлшерiн арттыру кезiнде;
Тармақша г
г) банктiң жарғылық капиталының мөлшерi өзгермегенмен акциялардың нақты құны өзгерген кезде;
Тармақша д
д) акциялардың нақты құнын кемiту жолымен немесе олардың жалпы санын қысқарту мақсатында өз акцияларының бiр бөлiгiн сатып алу жолымен банктiң жарғылық капиталының мөлшерiн кемiту кезiнде;
Тармақша е
е) облигациялар шығару кезiнде.
Ескерту: 1.2 тармақтың в), г), д) тармақшалары өзгертілді -
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен.
Тармақ 1.3
1.3. Банктi құру кезiнде акциялар эмиссиясын орналастыру жабық әдiспен жүзеге асырылады.
Тармақ 1.4
1.4. Егер банк мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн Ұлттық Банк белгiлеген талаптарды орындамаса, Ұлттық Банк үш күн мерзiм iшiнде уәкiлеттiк берiлген тiркеушi органға алғашқы эмиссияны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi жою қажеттiгi туралы хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 1.5
1.5. Ашық акционерлiк қоғам болып табылатын банк акциялар эмиссиясын жабық әдiспен орналастыруды жүзеге асыруға, бұл шешiм банк акционерлерiнiң жалпы жиналысында қабылданған жағдайда құқылы.
Тармақ 1.6
1.6. Құжаттардың қажеттi пакетi құжаттар осы Ережеге және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясының (бұдан әрi - Ұлттық комиссия) банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының тәртiбiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес жасалады.
Ескерту: 1.6. тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен.
Тармақ 1.7
1.7. Ұлттық Банктен бағалы қағаздар эмиссиясына оң қорытынды алған банк үш ай iшiнде Ұлттық комиссияға өзiнiң өтiнiш жасағаны туралы Ұлттық Банктi хабардар етуге мiндеттi. Үш ай бекiткен соң Ұлттық Банктiң оң қорытындысы заң күшiн жояды. Мұндай жағдайда банк бағалы қағаздар эмиссиясы жөнiндегi құжаттарды Ұлттық Банкке сараптамаға тағы да беруге мiндеттi.
Тармақ 1.8
1.8. Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу және бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы құжаттар Ұлттық комиссияның қарауына құжаттар жөнiнде оң қорытынды мен Ұлттық Банктiң жарғылық капиталды арттыру туралы (бағалы қағаздар эмиссиясы кезiнде) немесе бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептеу жөнiнде рұқсат берген хаты болмағанда ғана қабылданады.
Ескерту: 1.8. тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен .
Тарау 2. 2-тарау. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының
проспектілеріне сараптама жүргізу тәртібі
2-тарау. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының
проспектілеріне сараптама жүргізу тәртібі
Ескерту: 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен.
Тармақ 2.1
2.1. Бағалы қағаздар эмиссиясының жобаларына сараптама жүргiзу үшiн банк Ұлттық Банкке мынадай құжаттар бередi:
Тармақша а
а) ерiктi нысанда жасалған және банк басшысы қол қойған өтiнiш;
Тармақша б
б) бағалы қағаздардың бұрынғы эмиссиясын тiркеу және бұрынғы шығару қорытындысы бойынша есептi қабылдау туралы тiркеушi орган құжаттарының көшiрмелерi;
Тармақша в
в) банктiң жарғысы мен құрылтайшы шартына өзгерiстер және жарғы мен құрылтайшы шартына (егер ондайлар болса) нотариат куәландырған өзгерту мен толықтыру енгiзу туралы банктiң өтiнiшi;
Тармақша г
г) заң талаптарына сәйкес жасалған, бағалы қағаздар эмиссиясының (құжатты немесе құжатсыз) нысанын, сондай-ақ жарғылық капиталды қалыптастырудың көздерiн көрсете отырып акциялар эмиссиясы туралы шешiм қабылдаған акционерлердiң жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесi;
Тармақша д
д) банктер үшiн Ұлттық комиссия белгiлеген нысан бойынша (үш дана) жасалған эмиссия жобасы;
Тармақша е
е) банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензиясы бар соңғы аяқталған қаржылық жыл iшiндегi банктiң пайдасы мен зияны туралы балансы мен есебiнiң дұрыстығын растайтын аудитордың немесе аудиторлық ұйым есебiнiң көшiрмесi;
Тармақша ж
ж) құрылтайшылардың және (немесе) акционерлердің уәкілетті аудиторлық қызмет растаған соңғы аяқталған қаржы жылындағы баланстық есептері және пайда мен шығын туралы есептері, құрылтайшы және (немесе) акционер болып саналатын ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөрмен растаған соңғы есеп беру күніндегі уәкілетті аудиторлық қызмет растамаған баланстық есептері және пайда мен шығын туралы есебі.
Ескерту: 2.1. тармақ толықтырылды және өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен .
Тармақ 2.2
2.2. Банктi қайта құру кезiнде бағалы қағаздар эмиссиясы жобасына сараптама жүргiзу үшiн Ұлттық Банкке қосымша мынадай құжаттар берiледi:
Тармақша а
а) бiрiктiру, қосу кезiнде - өткiзу актiсiнiң, бiрiктiру (қосы) туралы шарттың көшiрмелерi және заңда белгiленген тәртiппен жасалған бiрiктiрiлген баланс;
Тармақша б
б) ажырату, бөлу кезiнде - ажырату балансын;
Тармақша в
в) қайта құру кезiнде - өткiзу актiсiнiң көшiрмесi мен жаңадан құрылған банктiң тiркелген күнгi балансы.
Қалай болған күнде әрбiр тартылған (қайта құрылған) банктiң акциялар эмиссиясын жою туралы Ұлттық комиссия құжатының көшiрмесi қосымша берiледi.
Тармақ 2.3
2.3. Бағалы қағаздар эмиссиясының жобасы бойынша Ұлттық Банктiң терiс қорытынды беруiне мыналар негiз болып табылады:
Тармақша а
а) берiлген құжаттардың қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмеуi;
Тармақша б
б) эмиссия жобасына, эмитенттiң нақты қаржылық жағдайына енгiзiлген мәлiметтердiң сәйкес келмеуi;
Тармақша в
в) Ұлттық Банкте келiсiмнен өтпеген банктiң мынадай басшы қызметкерлерiнiң: банктiң директорлар кеңесi төрағасының, банк Басқармасы Төрағасының және банктiң бас бухгалтерiнiң болуы;
Тармақша г
г) банк депозиторлары мен кредиторлары мүдделерiн қорғау мақсатында Ұлттық Банк белгiлеген пруденциалдық нормативтердi банктердiң бұзуына әкеп соғатын жарғылық капиталдың азайту туралы шешiмдер қабылдауы;
Тармақша д
д) құрылтайшылардың және (немесе) акционерлердiң (акцияларды орналастырудың жабық әдiсi кезiнде) қанағаттанғысыз қаржылық жағдайы, ол:
- банктiң акцияларын төлеу үшiн олардың өз қаражатының болмауын;
- олардың банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң болуын;
- құрылтайшы сот банкрот деп танығанына не танымағанына қарамастан, активтерден артық мiндеттемелердiң болуын;
- жарғылық қорды көбейту туралы шешiм қабылданған күннен бұрынғы 3 ай iшiнде зиянның болуын;
- өткен үш жыл iшiнде құрылтайшы-банкке тоқтатып қою режимiн тағайындау түрiнде санкция қолдануды көрсетедi.
Ескерту: 2.3. тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен.
Тармақ 2.4
2.4. Ұлттық Банктiң қорытындысын керек ететiн бағалы қағаздар эмиссиясы туралы құжаттар, сондай-ақ жарғы мен құрылтайшы шартына өзгертулер мен толықтырулар (егер ондайлар болса) Ұлттық Банкке эмитенттер эмиссия туралы шешiм қабылдаған сәттен бастап бiр ай мерзiм iшiнде берiледi және олар 2.1 және 2.2 тармақтарда көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн берген сәттен бастап бiр ай iшiнде қаралады.
Тармақ 2.5
2.5. Бағалы қағаздар эмиссиясының жобасы бойынша оң қорытынды беруден бас тарту туралы Ұлттық Банктiң хабарламасы банкке жазбаша түрде жеткiзiледi.
Тармақ 2.6
2.6. Ұсынылған құжаттарға ескертпелер болмаған жағдайда бағалы қағаздар эмиссиясының жобасының екi данасы Ұлттық Банкте сараптамадан өткенi туралы белгiсi бар және оның эмиссия жобасы жөнiндегi қорытындысы Ұлттық комиссияға беру үшiн банкке қайтарылады, жобаның үшiншi данасы Ұлттық Банкте қалады.
Тарау 3. 3-тарау. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерге сараптама жүргізу тәртібі
3-тарау. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерге сараптама жүргізу тәртібі
Ескерту: 3-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен.
Тармақ 3.1
3.1. Банктердiң бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерге сараптама жүргiзу үшiн мынадай құжаттар берiледi:
Тармақша а
а) эмиссия сомаларын, нақты қалыптасқан жарғылық қордың мөлшерiн көрсете отырып, ерiктi нысанда жазылған, банк басшысының қолы қойылған өтiнiш;
Тармақша б
б) Ұлттық комиссияның нормативтiк құқықтық актiлерi белгiленген нысан бойынша банктiң басшысы, бас бухгалтерi, тексеру комиссиясының төрағасы қол қойған және банктiң мөрiмен куәландырылған бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есеп (үш дана). Бұл есептi аудитор немесе банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқығына лицензиясы бар аудиторлық ұйым растауы керек;
Тармақша в
в) банктiң басшысы, бас бухгалтерi қол қойған және банктiң мөрiмен куәландырылған осы эмиссияны орналастыру мерзiмi аяқталған сәттегi банктiң балансы;
Тармақша г
г) банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе бес проценттен асатын акционерлердің соңғы аяқталған қаржы жылының уәкілетті аудиторлық қызмет куәландырған, баланстық есептері және пайдасы мен шығыны туралы есептері, сондай-ақ банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе артық акционер болып саналатын ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырған баланстық есептері және пайда мен шығын туралы есептері;
Тармақша д
д) банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе артық акционерлердің құрылтай құжаттарының нотариус куәландырылған көшірмелері.
Ескерту: 3.1. тармақ өзгертілді,толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен.
Тармақ 3.2
3.2. Ұсынылған құжаттарды қарау кезiнде талдау жасауға жататындары:
Тармақша а
а) ұсынылған есептегi мәлiметтердiң толық болуы және бағалы қағаздар эмиссиясы шығару жай-күйiнiң қолданылып жүрген заңға сәйкестiгi туралы тұжырым жасауға мүмкiндiк беретiн құжаттар;
Тармақша б
б) есептiң, баланс пен басқа да материалдардың құрылтайшы құжаттарының мәлiметтерiне сәйкес келуi;
Тармақша в
в) олардың қолданылып жүрген заңға сәйкес келуi.
Ескерту: 3.2. тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен .
Тармақ 3.3
3.3. Бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептердi қараған кезде Ұлттық Банк:
Тармақша а
а) банктен осы акционерлiк қоғам қызметiнiң ерекшелiктерiне қатысты қосымша құжаттар беруiн талап етуге;
Тармақша б
б) бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы ұсынылған есептердегi ақпарлар мен мәлiметтердiң дұрыстығына тексеру жүргiзуге;
Тармақша в
в) бағалы қағаздар эмиссиясының бұрын тiркелген материалдарын қарауға құқылы.
Тармақ 3.4
3.4. Бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепке қол қойған басшы, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының төрағасы ондағы мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн қолданылып жүрген заңға сәйкес толық жауап беретiн болады.
Тармақ 3.5
3.5. Банк бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептің сараптамасынан өту үшін бағалы қағаздар орналастырылған соң әрбір алты айдан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде, сондай-ақ бағалы қағаздар орналастыру аяқталғаннан кейін 15 күнтізбелік күні ішінде құжаттар пакетін ұсынады. Егер алты айдан кейін эмиссиясы тіркелген бағалы қағаздың бір де біреуі орналастырылмаған болса, банк 15 күннің ішінде бұл жөнінде Ұлттық Банкке еркін нысанда жазылған хабарлама ұсынатын болады.
Ұлттық Банк есеп келіп түскеннен кейінгі күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепті қарап, ескертпелер болмаған жағдайда қабылдайды немесе осы Ережелердің 3.9 тармағына сәйкес есепті қабылдаудан бас тартатыны туралы эмитентке хабарлайды.
Ескерту: 3.5. тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен.
Тармақ 3.6
3.6. Банк тіркелген бағалы қағаздар эмиссиясының көлемін толық орналастырмаған жағдайда осы Ережелердің 3.1. тармағында көрсетілген құжаттарды ("г") тармағындағыдан басқасын) заңда белгіленген мерзімде береді, сондай-ақ банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе бес проценттен асатын акционерлердің соңғы аяқталған қаржы жылының уәкілетті аудиторлық қызмет куәландырған баланстық есептерін және пайдасы мен шығыны туралы есептерін, сондай-ақ банктің жарғылық капиталындағы үлесі бес процентке тең немесе артық акционер болып саналатын ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырған баланстық есептерін және пайда мен шығын туралы есептерін береді.
Бұрынғы, оның ішінде ағымдағы эмиссиясының нәтижелері бойынша жарғылық капиталда 5 процент және одан да көп болатын акционерлердің үлесі олардың қосымша акциялар сатып алуына байланысты көбейген жағдайда, осы акционерлердің соңғы аяқталған қаржы жылының уәкілетті аудиторлық қызмет куәландырған баланстық есептері және пайдасы мен шығыны туралы есептері, акционер болып саналатын ұйымның бірінші басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөрмен куәландырған баланстық есептері және пайда мен шығын туралы есептері Ұлттық Банкте болмаған жағдайда беріледі.
Ұлттық Банк бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептің сараптамасынан өту үшін банк берген құжаттар пакетін қарау қорытындылары бойынша бағалы қағаздар эмиссиясының нақты орналастырылған көлемінің есебін қабылдайды.
Ескерту: 3.6. тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен.
Тармақ 3.7
3.7. Есеп беріліп отырған кезең ішінде бағалы қағаздардың орналастырылмағаны жөнінде банк берген хабарламаны Ұлттық Банк назарда ұстау үшін қабылдайды.
Ескерту: 3.7. тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен.
Тармақ 3.8
3.8. Бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептi қабылдаған жағдайда (оны қабылдағаннан бас тартқан жағдайда) Ұлттық Банк есептiң екi данасын банкке қайтарады және бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есеп берілген кездегі бағалы қағаздар эмиссиясының нақты төленген көлемін көрсете отырып (оны қабылдаудан бас тарту себебiн көрсете отырып) жазбаша қорытынды бередi, ол кейiннен мемлекеттiк тiркеу үшiн Ұлттық комиссияға ұсынылады.
Ескерту: 3.8. тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен .
Тармақ 3.9
3.9. Егер:
- есепте баяндалған ақпараттар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңын бұзатын болса;
- қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы
есеп толық көлемде берiлмесе;
- берiлген есептегi ақпараттың мәлiметi дәл болмаса;
- есеп мәлiметтерiнiң дұрыс еместiгi байқалса;
- бағалы қағаздар эмиссиясының тiркелген көлемiнiң артықтығы байқалса Ұлттық Банк эмитентке бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы оң қорытынды беруден бас тартуға құқылы.
Ескерту: 3.9. тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен.
Тармақ 3.10
3.10. Ұлттық Банктiң бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есеп бойынша оң қорытынды беруден бас тартқаны эмитентке жазбаша түрде қорытындыға қол қойылған күннен бастап жетi күн iшiнде жеткiзiлуге тиiс.
Тармақ 3.11
3.11. Ұлттық Банк берiлген есеппен келiсуден бас тартқан жағдайда, есептi қайталап ұсынылған кезде қарай мерзiмi жаңартылады.
Тармақ 3.12
3.12. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептi қайталап ұсыну Ұлттық Банктiң бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептi қабылдаудан бас тартқаны жөнiнде банктi хабардар еткен сәттен бастап бiр ай iшiнде жүзеге асырылады.
Тармақ 3.13
3.13. Банк бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептi белгiленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда Ұлттық Банк эмиссияны болмай қалды деп тану туралы Ұлттық комиссияға жүгiнуге құқылы.
Тармақ 3.14
3.14. Ұлттық Банк қорытындылауы үшiн банк берген мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған жағдайда, Ұлттық Банк эмиссияны болмай қалды деп тану туралы Ұлттық комиссияға жүгiнуге құқылы.
Тарау 4. 4-тарау. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілерін және олардың бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерін есепке алу және ресімдеу
4-тарау. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының проспектілерін және олардың бағалы қағаздарды шығару және орналастыру қорытындылары туралы есептерін есепке алу және ресімдеу
Ескерту: 4-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен.
Тармақ 4.1
4.1. Осы Ережелерде сараптық қорытынды алу үшiн көзделген қажеттi құжаттар пакетi Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне ұсынылады.
Өшiрiп жазылған немесе соңынан қосып жазылған, сөздерi сызылған және өзге де ескертiлмеген түзетулерi бар құжаттар қарауға қабылданылмайды.
Тармақ 4.2
4.2. Оң қорытынды беру Ұлттық Банк төрағасы орынбасарының қолымен ресiмделедi. Банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобалары мен бағалы қағаздар эмиссиясының және орналастыру қорытындылары туралы олардың есептерiнiң барлық даналарының бiрiншi бетi сол жақтағы жоғары бұрышына орналасқан мынадай тұжырымдармен куәландырылады: "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiлген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары". Банктердiң бағалы қағаздар шығаруға арналған эмиссия жобасы мен бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы олардың есебiне Ұлттық Банк төрағасының орынбасары қол қояды және Ұлттық Банктiң мөрi соғылады.
Ескерту: 4.2. тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен .
Тармақ 4.3
4.3. Ұлттық Банкпен келiсiлген банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобасы мен бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындысы туралы олардың есебiнен бiр данасы банктiң заң iсiне тiгiледi. Қалған даналары бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу және (немесе) бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы есепті Ұлттық комиссияның бекiтуi үшiн өтiнiш иесiне қайтарылады.
Ескерту: 4.3. тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331
қаулысымен.
Тармақ 4.4
4.4. Ұлттық комиссияда мемлекеттiк тiркелгеннен (немесе бекiтiлгеннен) кейiн 2 апта мерзiмде банк Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне бағалы қағаздар шығару эмиссиясы жобасының нотариат куәландырған көшiрмесiнiң бiр данасын, эмиссияны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесiмен қоса және бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы бекiтiлген есептiң нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 4.5
4.5. Ұлттық Банк белгiленген тәртiппен банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобасы мен бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы олардың есебiн есепке алып тiркейдi.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Ескерту: 5-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 331 қаулысымен .
Тармақ 5.1
5.1. Банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының жобалары мен бағалы қағаздар шығару және орналастыру қорытындылары туралы олардың есебi бойынша оң қорытынды беруден бас тарту туралы Ұлттық Банктiң шешiмiне банктер сот тәртiбiмен шағымдана алады.
Тармақ 5.2
5.2. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешiледi.
Ұлттық Банк
Төрағасы