Об упразднении некоторых населенных пунктов Енбекшильдерского района Акмолинской области Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы
1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының 3,
11 баптарына
сәйкес, Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы № а-3/44 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2008 жылғы 17 наурыздағы № С-6/7 «Кейбір елді мекендерді тарату және Еңбекшілдер ауданының есепті мәліметтерінен шығару туралы» шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының кейбір елді мекендері тұрғындардың көшіп кетулеріне байланысты таратылсын:
Кеңащы селолық округінің Қарасор селосы;
Бірсуат селолық округінің Тассу селосы;
Мамай селолық округінің Итемген селосы.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.