Об утверждении "КОНКУРСНЫХ УСЛОВИЙ РАЗМЕЩЕНИЯ ОБЪЕМОВ ИМПОРТА ЭТИЛОВОГО СПИРТА И ВОДКИ МЕЖДУ ЗАЯВИТЕЛЯМИ НА ПОЛУЧЕНИЕ ЛИЦЕНЗИИ" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн орналастыруға лицензия алудың конкурстың шарттары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен арақтың импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысының орындалуы үшiн бұйырамын: Өтiнiм берушiлер арасында "Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн орналастыруға лицензия алудың келесi конкурстың шарттары бекiтiлсiн:
Тармақша 1
1) Этил спиртi мен арақ импортының көлемiн алудағы конкурсқа экономика және Сауда министрлiгiнiң этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң импортын лицензиялау жөнiндегi комиссиясына (бұдан былай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 P971031_ қаулысымен айқындалған құжаттардың толық пакетiн тапсырған барлық өтiнiм берушiлер тең құқымен қатыса алады. Этил спиртi импортының конкурсына тек, алкоголь өнiмдерi өндiрiсiне лицензия тапсырған өтiнiм берушiлер қатысады.
Тармақша 2
2) Комиссия бекiтiлген импорт көлемiн (санымен алғандағы) және аталмыш импорт көлемiн орналастыруға арналған конкурстың өткiзілуi мерзiмiн көрсете отырып, конкурстың өткiзiлуi мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабар конкурстың басталу мерзiмiнен 15 күн бұрын берiледi.
Тармақша 3
3) Конкурстың әрбiр қатысушысы жарияланған конкурсқа бiр ұсыныс бере алады.
Тармақша 4
4) Конкурсқа қатысушы құжаттарды дайындап ұсынуға кететiн шығындардың барлығын өзi көтередi.
Тармақша 5
5) Комиссия лицензия алуға ұсынылған құжаттарды тоқсанның алғашқы он күнi iшiнде қабылдайды. Аталмыш мерзiмнен кейiн берiлген арыздар жалпы негiзде, келесi тоқсанның бiрiншi он күндiгiнде кезектi қарауға қабылданады. Конкурсқа қатысып, одан өте алмаған өтiнiм берушiлер келесi конкурстарға қатысу үшiн қата арыз бере алады.
Тармақша 6
6) Комиссия, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысында және осы бұйрықтың 9-шы тармағында көрсетiлген шарттарға сәйкес ұсынылған құжаттарды бағалап, салыстырады.
Тармақша 7
7) Комиссия, конкурстың құжаттары конкурс шарттарына сай келген қатысушыларға лицензия беру жайлы шешiм шығарады. Бұл ретте конкурсқа қатысушының қаржылық, техникалық және өндiрiстiк мүмкiндiгi ескерiледi.
Тармақша 8
8) Этил спиртi және арақтың енгiзуге рұқсат етiлген көлемiн бөлгенде, басымдық алатын импорттаушылар:
Тармақша а
а) жоғары сапалы өнiмдi әкелушiлер (медалi, дипломы және басқалары барлар);
Тармақша б
б) инвестиция берушiлер және Қазақстан аумағында жұмыс орнын жасаушылар;
Тармақша в
в) арақ әкелген жағдайда - алкоголь өнiмдерi өндiрiсiне лицензиясы жоқ, өтiнiм берушiлер;
Тармақша г
г) салық және кедендiк жеңiлдiктерi жоқтар;
Тармақша д
д) мемлекеттiк бюджет пен Зейнетақы қорына қарызы жоқтар;
Тармақша е
е) алкоголь өнiмдерiн сақтауға және көтерме сатуға лицензиясы барлар.
Тармақша 9
9) Этил спиртi мен арақтың импортқа рұқсат етiлген көлемi экономикалық жөнiне қарай тоқсан бойынша бөлiнедi. Бұл ретте этил спиртi мен арақтың импортталатын көлемнiң жылдық үлесi оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағында бiр жылдық сатып өткiзу көлемiнiң (саны бойынша) 20 процентiнен аспауға тиiстi.
Тармақша 10
10) 9-шы тармақта көрсетiлген талаптар ескерiлiп конкурстан өткен екi немесе одан да көп өтiнiм берушiлер болғанда олардың арасында импорт көлемi былай бөлiнедi: - этил спирт үшiн - бүгiнгi өндiрiс қуаты және өндiрiс технологиясы ескерiле отырып (Стандарттау жөнiндегi агенттiктiң қорытындысы); - араққа - берушi аймақтар ескерiле отырып, басқа қатысушылардың жазбаша келiсiмi болғанда, тең көлемде, немесе бiреуiнiң немесе бiрнешеуiнiң пайдасына орай.
Тармақша 11
11) Өтiнiм берушi бұрын алынған лицензияда көрсетiлген импорт көлемiн толық пайдалана алмаған жағдайда, босаған квоталар жаңа лицензия бергенде пайдаланылуы мүмкiн.
Тармақша 12
12) Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
Тармақша 13
13) Лицензия қолданыстағы рет-жөнiмен берiледi.