Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қала әкімдігінің 2008 жылы 02 желтоқсан N 2012 қаулысымен бекітілді Нысаналы топтардан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ТӘРТІБІ Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына сәйкес халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шарты
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шарты
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орны Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелер ұйымдастырылады және жергілікті бюджет пен жұмыс берушілердің қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 2
2. Жаңаөзен қаласы әкімдігі жыл сайын ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелердің тізімін, жолданатын жұмыссыздардың санын, жұмыстың түрлерін, көлемін, жұмыс мерзімін, қаржыландыру көздерін айқындайды.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган бекітілген тізім бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілермен шарт жасайды.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орны уақытша орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және нысаналы топтарға әдейі арналады, жұмыс орындарының саны шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және бақылау
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және бақылау
Тармақ 5
5. Жұмыссыздардың еңбекақысы заңмен белгіленген ең төменгі бір айлық жалақы мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен және жұмыс берушінің қаражатынан қосымша ақымен өтеледі.
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер еңбекке ақы төлеу жөніндегі шығындарын қалалық бюджеттен өтеу үшін ай сайын ағымдағы айдың 20 - на дейін заңнамамен белгіленген тәртіпте жергілікті уәкілетті органға: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үзіндісі, жұмыс уақыты есебінің табелін, әлеуметтік жұмыс органдарына қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысы жергілікті бюджеттен қаржыландыруға сұраныс ұсынады.
Тармақ 7
7. Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібінің орындалысын бақылау уәкілетті органға жүктеледі.