Об утверждении Правил сдачи квалификационного экзамена руководящими работниками накопительных пенсионных фондов, их филиалов и представительств Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшы лауазымдарын кандидаттар бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы Ереже 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 135 бұйрығымен. Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды, бүкiл мәтiн бойынша "Ұлттық зейнетақы агенттiгі", "Агенттiк", "Агенттiкте", "Агенттiкке", "Агенттiкпен" деген сөздер "Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитет", "Комитет", "Комитетте", "Комитетке", "Комитетпен" деген тиісті сөздермен, соның ішінде қосымшаларда да ауыстырылды және "директор", "директорды", "директормен", "директорға" деген сөздер "төраға, төрағаны, төрағамен, төрағаға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2000 жыл 20 маусым "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Заңына (әрі қарай - Заң), Қазақстан Республикасының басқа да заң актілері мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитеттің (әрі қарай - Комитет) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалып, жинақтаушы зейнетақы қорлардың (әрі қарай - Қорлар), олардың филиалдары мен өкілеттіктерінің үміткер басшы қызметкерлерінің Комитеттегі біліктілік емтиханын тапсыру тәртібін реттейді. Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 2
2. Біліктілік емтиханы үміткерлердің Заң талабына сәйкестігін анықтау және кәсіпкерлігін арттыру мақсатымен жүргізіледі. Бірінші санаттағы Қордың басшы қызметкерлері мен мамандары, екінші санатты талап ететін лауазымдарда қызмет атқара алады. Ескерту: 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 3
3. Агенттік қордың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшы қызметкерлері бойынша тізілім жүргізеді. Комитет осы тізілімді қалыптастыру және оның ішіне кіргізілген Қорлардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшы қызметкерлері туралы мәліметтерді тексеру үшін заң қорғау және басқа мемлекеттік органдардан қажет ақпаратты сұратуға құқылы. Ескерту: 3-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тарау 2. 2. Қорлардың, олардың филиалдары мен өкілеттіктерінің басшы қызметкерлеріне қойылған талаптар
2. Қорлардың, олардың филиалдары мен өкілеттіктерінің басшы қызметкерлеріне қойылған талаптар Ескерту: 2-тараудың аталуы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 4
4. Заңның 40-бабының 1-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерi деп: жинақтаушы зейнетақы қорларының, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атқарушы органының бiрiншi басшысы және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерi мен олардың орынбасарлары, филиал мен өкiлдiктiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi танылады.
Тармақ 5
5. Ескерту: 5-тармақ алынып тасталынды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 6
6. Заң бойынша, Қордың, олардың филиалдары мен өкілеттіктеріндегі тағайындалған лауазымына сәйкессіз болып табылады, немесе, басшы лауазымдарға тағайындала алмайды:
Тармақша 1
1) жоғары білімі жоқтар;
Тармақша 2
2) заңда белгіленген тәртіп бойынша сотталғандығы барлар;
Тармақша 3
3) өткенде банкроттыққа ұшыраған немесе санацияланған, яки аталған адамның басшылығы кезінде еріксіз жойылған заңды тұлғаның лауазымды адамы. Ескерту: 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 7
7. Қордың қызметі басталар алдында, басшы және бас бухгалтер Комитетте біліктілік емтиханын тапсыруы тиіс. Қордың филиалы мен өкілеттіктерінің басшысы мен бас бухгалтері, Қордың филиалы мен өкілеттігінің ашылуына Комитет рұқсат бергеннен кейін, екі ай аралығында емтихан тапсыруға міндетті. Ескерту: 7-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 8
8. Ескерту: 8-тармақ алынып тасталынды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 9
9. Бас бухгалтерлік қызметке үміткер адамның бухгалтерлік еңбек өкілі 3 жылдан кем емес болуы қажет. 📌 ЕСКЕРТУ. ІІ-бөлім 7, 8 және 9 тармақтармен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.05.22. N 67 бұйрығымен .
Тарау 3. 3. Біліктілік емтиханын тапсыру құжаттарын әзірлеу тәртібі
3. Біліктілік емтиханын тапсыру құжаттарын әзірлеу тәртібі 📌 ЕСКЕРТУ. 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 тармақтары 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 тармақтар болып саналды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігінің 1998.05.22. N 67 бұйрығымен . Ескерту: ІІІ тараудың аталуы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 10
10. Қордың, оның филиалдары мен өкілеттіктерінің басшысы және маманы лауазымына біліктілік емтиханын тапсырушы үміткерлер Комитетке төменде аталған құжаттарын тапсырады:
Тармақша 1
1) біліктілік емтиханын тапсырушы үміткердің өтінішін (1 қосымша);
Тармақша 2
2) сауалнамасын (2 қосымша);
Тармақша 3
3) тігілген және беттері нөмірленген, куәландырылған еңбек кітапшасының, немесе дербес еңбек шартының көшірмесін үміткерлердің жұмыс орны мен жұмыс өткенін куәландыратын жұмысқа алу және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмесін;
Тармақша 4
4) білімі жөніндегі нотариалды куәландырылған құжатының көшірмесі (басшы қызметкерлердің - жоғары білімі туралы);
Тармақша 5
5) шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды жалдаған жағдайда-шетел мамандарын және білікті жұмысшыларды тартуға (жұмысқа қабылдау) лицензиясының көшірмесін. Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 11
11. Ескерту: 11-тармақ алынып тасталынды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 12
12. Комитет кандидатқа біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін қол қою құқығымен лауазымдық тұлғаның міндеттерін атқаруға екі айдан аспайтын мүмкіндік береді. Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 13
13. Ескерту: 13-тармақ алынып тасталынды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тарау 4. 4. Комитеттің біліктілік комиссиясы
4. Комитеттің біліктілік комиссиясы Ескерту: IV тараудың аталуы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 14
14. Жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы лауазымына тағайындауға жататын кандидатуралардың кәсiптiк деңгейiн объективтi бағалау үшiн Комитетте бiлiктiлiк комиссиясы құрылады.
Тармақ 15
15. Агенттікте біліктілік емтиханын сәтті тапсырған кандидатқа өтініште көрсетілген Қордың, оның филиалы мен өкілдігінің басшы лауазымын иеленуге арналған құқықты куәландыратын біліктілік комиссиясы мәжілісінің хаттамасынан көшірім беріледі. Біліктілік комиссиясының төрағасы болып Комитеттің төрағасы есептеледі. Комитеттің төрағасы болмаған кезде, оның міндетін атқарушы тұлға орындайды. Біліктілік комиссиясының ісін жүргізу Комитет төрағасының бұйрығымен тағайындалған хатшыға жүктеледі. Ескерту: 15-тармақ толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 16
16. Комитеттiң бiлiктiлiк комиссиясының отырыстары, әдетте, айына бiр рет және оның кемiнде 4 мүшесi болған кезде өткiзiледi. Шешiм отырысқа қатысушылар санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде бiлiктiлiк комиссиясы төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Тармақ 17
17. Кандидатураның Қорлардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң басшы лауазымын иеленуге сәйкестiгi туралы бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi бiлiктiлiк емтиханының нәтижелерi бойынша айқындалады және хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 18
18. Комитетте емтиханды тапсырған үміткерге, Қордағы оның филиалдары мен өкілеттіктеріндегі басшы лауазымдарды алып жүру құқығын анықтайтын біліктілік куәлігі беріледі. Ескерту: 18-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 19
19. Ескерту: 19-тармақ алынып тасталынды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 20
20. Ескерту: 20-тармақ алынып тасталынды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тарау 5. 5. Біліктілік емтиханын өткізу
5. Біліктілік емтиханын өткізу Ескерту: Ереже 5 тараумен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 21
21. Осы Ереженің 10-тармағына сәйкестелген құжаттарды алысымен, біліктілік комиссиясы үміткерлердің біліктілік емтиханына қатысуы мәселесін қарап, емтиханның болатын күні мен уақытын белгілейді.
Тармақ 22
22. Емтихан болатын күнінен 10 күн ілгері, Біліктілік комиссиясы емтихан тапсырушы үміткерлердің тізімін бекітіп, емтихан тапсыру орны мен уақыты хабарланады.
Тармақ 23
23. Біліктілік комиссиясының хабарламасын алысымен, Қор міндетті түрде, үміткерлердің емтиханға қатысуына рұқсат берілгені (берілмегені) емтихан өту орны, күні уақыты туралы хабарлайды.
Тармақ 24
24. Емтихан тапсырушы үміткердің жеке басын куәландыратын құжаты болуға тиіс.
Тармақ 25
25. Үміткерлердің емтиханы екі кезеңде өтеді:
Тармақша 1
1) бірінші кезең-тест жүргізу;
Тармақша 2
2) екінші кезең-ауызша емтихан;
Тармақ 26
26. Емтихан барысында үміткерлерге оқу құралдарын, анықтама, арнайы және басқа да әдебиетті, жазбаларды (соның ішінде электрондық түрін) пайдалануға тыйым салынады. Қойылған талаптарды бұзған жағдайда, немесе, емтихан тапсыруға ішімдік, есірткі, улы заттар қызуымен келген үміткер емтиханнан шығарылып, емтиханды тапсырмаған болып есептеледі.
Тармақ 27
27. Тест жүргізу кезінде үміткерге варианттардың бір түрі ұсынылады. Сұрақтардың саны 50-ден аспауға тиіс. Тест сұрақтарына дұрыс жауап берілгендігін комиссия хатшысы немесе Біліктілік комиссиясының мүшесі анықтайды (техникалық бағдарлама арқылы жүргізілген тест қорытындысы автоматты шығады). Ауызша емтиханға тестің 60 пайызына дұрыс жауап берген үміткер жіберіледі. Тест бойынша кем мөлшері дұрыс жауап берген үміткер емтиханнан өтпеген болып есептеледі.
Тармақ 28
28. Ауызша емтихан бойынша үміткер билеттегі үш сұраққа жауап беруге тиісті. Әрбір аттестация бойынша емтихан билеттері бөлек дайындалып, нөмірленеді. Ауызша емтиханды төрт адамнан кем емес Біліктілік комиссиясының мүшесі қабылдайды. Үміткерлердің жауабын бағалау осы Ереженің 3 қосымшасындағы емтихандық билеттері үлгісі бойынша жүргізіледі. Ауызша емтиханның нәтижесі екі баллды жүйе бойынша - "сынақтан өтті", "сынақтан өткен жоқ" деп бағаланады. "Сынақтан өткен жоқ" деп бағаланған үміткер біліктілік емтиханын тапсыра алмаған болып есептеледі.
Тармақ 29
29. Емтиханнан өтпеді деп танылған үміткер шағым беруге құқылы. Шағым Комитет төрағасының бұйрығымен тағайындалған Шағым комиссиясы құрамына кіретін екі мүшесі және Шағым комиссияның төрағасымен қаралады. Біліктілік комиссиясының төрағасы мен мүшелері бір мезгілде Шағым комиссиясының мүшесі бола алмайды. Емтиханнан өтпеді деп танылған үміткер өзінің шағымын жазбаша түрде, негізгі кінәраттарын мазмұндап, танылған күнінен кешіктірмей тапсыруға тиісті. Шағым комиссиясы шағымды түскен күннен бастап, үш жұмыс күні аралығында қарауға тиісті. Қарау қорытындысы хаттамамен ресімделіп, Шағым комиссиясының барлық мүшелерінің қолы қойылып, орындау үшін Біліктілік комиссиясына тапсырылады.
Тармақ 30
30. Біліктілік емтиханынан өтпеді деп танылған үміткер бір айдан кейін, емтиханнан өтпеді деп танылған біліктілік емтиханын өткізу міндеттерінің орындалу мерзімінен кешіктірмей, емтихан тапсыруын қайталауға құқы бар. Біліктілік емтиханын қайта тапсыру туралы еркін түрде жазған өтінішін үміткер Біліктілік комиссиясының төрағасы атына тапсырады.
Тарау 6. 6. Біліктілік куәліктері. Біліктілік куәлігін қайтару
6. Біліктілік куәліктері. Біліктілік куәлігін қайтару Ескерту: Ереже 6 тараумен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 31
31. Біліктілік емтиханын тапсырған үміткерге мемлекеттік және орыс тілінде жазуы бар біліктілік куәлігі беріледі. (4 қосымша)
Тармақ 32
32. Біліктілік комиссиясының хатшысы берілген, мерзімі ұзартылған, қолданылу мерзімі тоқтатылған және қайтарылған куәліктердің журналын жүргізеді.
Тармақ 33
33. Біліктілік куәліктері Комитетте беріледі.
Тармақ 34
34. Біліктілік куәлігінің иегері, мерзімі бітісімен, осы Ережеге сәйкес жұмыс өткелі бір жылдан кем емес жағдайда, емтиханды қайта тапсыруға құқы бар.
Тармақ 35
35. Емтиханды қайта тапсыру осы Ереженің 22-29 тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Емтиханды қайта тапсыру барысында табысты нәтижеге жеткен үміткердің біліктілік куәлігін қолдану мерзімі үш жылға ұзартылады, біліктілік куәлігіне арнайы баға қойылып, тапсырылған куәліктер журналына тиісті жазбалар енгізіледі.
Тармақ 37
37. Егерде, емтиханды тапсыру барысында біліктілік куәлігінің иегері емтиханнан өтпеді деп танылған жағдайда, біліктілік куәлігі үш күннің ішінде қайтарылады.
Тармақ 38
38. Біліктілік комиссиясының ұсынысы бойынша, Комитеттің шешімі мен мерзімі бір айдан үш айға дейін біліктілік куәлігін қолдануға тоқтату салуына негіз болатын жағдайлар:
Тармақша 1
1) біліктілік емтиханын тапсырушы біліктілік куәлігінің иегері Қорға немесе Біліктілік комиссиясына тапсырған құжаттарында жалған мәліметтер бергенінде;
Тармақша 2
2) біліктілік куәлігі иегерінің кезекті біліктілік емтиханын тапсыра алмағандығын мойындауы;
Тармақша 3
3) қылмыс жасаған біліктілік куәлігінің иегеріне қатысты соттың шешімінің заңды күшіне енуі.
Тармақ 39
39. Біліктілік куәлігі қайтарылған жағдайда:
Тармақша 1
1) Комитет, біліктілік куәлігі қайтарылған тұлғаның жұмыс орнына хабарлайды;
Тармақша 2
2) Қор, біліктілік куәлігі қайтарылған қызметкерін, Комитеттің ескертуін алған заматтан, қызмет атқаруда шеттетіп, ол жөнінде Комитетті 3 күндік мерзімде хабардар етеді.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелері
7. Қорытынды ережелері Ескерту: Ереже VІІ тараумен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен .
Тармақ 40
40. Үміткерлерді біліктілік емтиханына дайындауды Оқу орталықтары атқарады.
Тармақ 41
41. Үміткер, Оқу орталығында алдын ала дайындықтан өтпей, біліктілік емтиханын тапсыруға құқылы.
Тармақ 42
42. Комитеттің шешімімен келіспеген жағдайда, үміткер сот арқылы шағымдануға мүмкіншілігі бар.
Басқа 1. Өтініші
№ 1 қосымшасы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитеттің біліктілік комиссиясының төрағасы _____________________ _____________________ (аты-жөні) Ескерту: 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен . Өтініші Жинақтаушы зейнетақы қорының, филиалының, өкілеттігінің басшы лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға маған рұқсат беруіңізді сұраймын. Қосымша құжаттардың тізімі:
Тармақша а
а) лауазымға үміткердің сауалнамасы;
Тармақша б
б) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған ксерокөшірмесі;
Тармақша в
в) төлқұжатының (жеке куәлігінің) ксерокөшірмесі;
Тармақша г
г) жойылмаған, жабылмаған сотталғандығы туралы ақпараты (Бас прокуратураның жанындағы АжҚСО-нан);
Тармақша д
д) белгіленген тәртіппен куәландырылған еңбек кітапшасының ксерокөшірмесі. Тегі, аты-жөні қолы№ Үміткердің ______________ __________200_
Басқа 2. ҮМІТКЕРДІҢ САУАЛНАМАСЫ
№ 2 қосымшасы ҮМІТКЕРДІҢ САУАЛНАМАСЫ ___________________________________________________________ лауазымы, қордың, филиалдың, өкілеттіктің атауы суреті Үміткердің өмірбаяны туралы мәліметтер 1. Тегі___________________________ Аты _____________________ жөні________________________________________________________ 2. Бұрын қолданылған тегі туралы, өзгерту себептері көрсетіп мәлімделсін. ___________________________________________________________ тегі, қолданылған уақыты, қолдану (өзгерту) себептері 3. Туған жылы, күні, айы ___________________________________ ____________________________________________________________ 4. Туған жері ______________________________________________ ____________________________________________________________ 5. Ұлты_____________________________________________________ 6. Отбасы жағдайы __________________________________________ 7. Толық мекен жайы _______________________________________________________ ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ 8. Азаматтығы_______________________________________________ 9. Жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ ____________________________________________________________ 10. Телефон нөмірі__________________________________________ ____________________________________________________________ (код, үй, жұмыс, мобильді нөмірлері көрсетілсін) 11. Білімі және жұмыс тәжірибесі (біліктілігін арттыру курстарды қоса). ____________________________________________________________ Оқу орны бітірген мамандығы диплом оқу орнының жылы сертификат орналасқан жері _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ диплом, сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі тіркелсін. 12. Қызметтік және ғылыми жұмыстары туралы қосымша мәліметтері ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ 13. Еңбек жылдары атқарған жұмысы (бөлек бетте қосымша ретінде берілсін) 14. соңғы лауазымы (мекеменің атауы, жұмыс сипаты, лауазымға тағайындалған уақыты) 15. біліктілігіңізді анықтайтын басқа да маңызды ақпаратты беруіңізге болады _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ ____________________________________________________________ ҮМІТКЕР ТУРАЛЫ ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР 1. Соңғы мекен жайыңыз. Кері хронология тәртібінде, соңғы бес жылда тұрған жеріңізді көрсетіңіз. Тұрған мерзімін көрсетіңіз. Қала обылыс_______________________________________________ көше _____________________________________үй__________пошта индексі __________________________________________________________ _______нан дейін ___________________ (айы, жылы) 2. Сот ісіне жауапкер немесе жауапкер мекеменің атынан лауазымды тұлға ретінде қатысқаныңыз бар ма? (иә, жоқ), қатысқан жағдайда, төмендегі кесте бойынша толық ақпарат беріңіз: ________________________________________________________________ Сот ісінің мерзімі соттың мекен Соттың талап аты, сипаты жайы, атауы шешімі сомасы ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 3. Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген, алынбаған сотталғандығыңыз бар ма?_________________________________________ _______________________________________________________________ 4. Сіз басқарған кәсіпорын, банк қаржылық тапшылыққа, өтелмес қарызға, санацияға, лажсыз жойылуға ұшырады ма? Ұшыраған себептері _____________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ Мәселені шешу нәтижесі_______________________________________ ________________________________________________________________ САУАЛНАМАДАҒЫ МӘЛІМЕТТЕРДІ МАҚҰЛДАУ Осы өмірбаяндылы жабық ақпараттардың толық және шынайы екендігін мақұлдаймын, Комитетке негіз болатын, басшы лауазымға тағайындалатын келісімнен бас тартып, акционерлер алдында тағайындалған лауазымнан босату туралы мәселе қоюға себеп болған мәліметтерді, бұрмалауды және қателіктерді мойындаймын. Менің жеке өмірбаянымдағы барлық мәнді өзгерістер туралы Комитетті хабардар етуге міндеттенемін. ________________________________ (Тегі, аты жөні баспа әріппен жазылсын) _____________________________________(қолы) ________________(қол қойылған күні)
Басқа 3. Емтихан ведомості
№ 3 қосымшасы Ескерту: 3 қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен . Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитеті Емтихан ведомості Біліктілік емтиханы өткізілген уақыты: _________________ 20___ Біліктілік комиссиясы төрағасының тегі, аты-жөні _________________________________________________________________ рет.  үміткер  тест қоры- билет  N 1  N 2  N3  қосым  қорытындысы: N              тындысы    N      сұр  сұр  сұр ша     "сынақтан ақ   ақ   ақ  сұр    өтті" сынақ ақ     тан өткен жоқ" _________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (Біліктілік комиссиясы төрағасының қолы) (Біліктілік комиссиясы хатшысының қолы)
Басқа 4. Біліктілік куәлігі N_________________
№ 4 қосымшасы Ескерту: 4 қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті Төрағасының 2000 жылғы 19 желтоқсандағы N 156-Ө бұйрығымен . Біліктілік куәлігі N_________________ Куәлік берілген ______________________________________________ ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты ілік септікте жазылады) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитеттің біліктілік комиссиясының шешімі бойынша, ___________________________________________жинақтаушы зейнетақы уақыт форматы "ХХ" айы ХХХХ жылы" қорларында_____________________________________________________ қызмет атқаруға рұқсат беріледі. Қолдану мерзімі _____________________________ "ХХ" айы "ХХХХ" жылы Біліктілік комиссиясының төрағасы (қолы) (тегі, аты) Біліктілік комиссиясының хатшысы (қолы) (тегі, аты) М.О.(Комитет мөрінің таңбасы) Алматы қаласы