Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистам образования, культуры, социального обеспечения, работающим в аульной (сельской) местности Қолданыста
Басқа 0
Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2–тармағын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 4-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.