Селолық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Селолық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі белгіленсін.
Тармақ 2
2. "2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2008 жылғы 22 мамырдағы № 176 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Соқытбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Әкімдіктің
2009 жылғы 12 қаңтардағы
№ 25 қаулысына қосымша
2009 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) жалпы білім беру мектептерінің оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, ақпараттық технологиялар жөніндегі, мектеп-интернаттарының және орта бастауыш пен орта кәсіптік, қосымша білім беру жөніндегі директордың орынбасары;
Тармақша 2
2) білім беру мектебінің барлық мамандықтағы мұғалімдері;
Тармақша 3
3) әлеуметтік педагог;
Тармақша 4
4) педагог-ұйымдастырушы;
Тармақша 5
5) қосымша білім беру педагогі;
Тармақша 6
6) педагог-психолог;
Тармақша 7
7) балабақша және мектеп жанындағы интернат меңгерушісі;
Тармақша 8
8) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
Тармақша 9
9) музыкалық жетекші;
Тармақша 10
10) аға вожатыйы;
Тармақша 11
11) лагерь бастығы (қорғаныс-спорт, сауықтыру, мектеп, еңбек пен демалыс);
Тармақша 12
12) оқу-өндірістік (оқу) шеберхананың меңгерушісі;
Тармақша 13
13) зертхана, кабинет меңгерушісі;
Тармақша 14
14) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 15
15) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 16
16) аға әдістемеші, әдістемеші;
Тармақша 17
17) медициналық бике;
Тармақша 18
18) кітапханашы;
Тармақша 19
19) психо-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
Тармақша 20
20) балетмейстер;
Тармақша 21
21) хормейстер;
Тармақша 22
22) жаттықтырушы-оқытушы;
Тармақша 23
23) бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.
Тармақ 2
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) директор;
Тармақша 2
2) сектор, бөлім меңгерушісі;
Тармақша 3
3) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, суретші-қоюшы;
Тармақша 4
4) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;
Тармақша 5
5) кітапханашы;
Тармақша 6
6) режиссер;
Тармақша 7
7) музыкалық жетекші, аккомпаниатор;
Тармақша 8
8) мәдени ұйымдастырушы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) меңгеруші;
Тармақша 2
2) әлеуметтік қызметкер.