Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5-баптарына сәйкес, "Меңдіқара ауданының 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік жастар бағдарламасы туралы" Меңдіқара аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 152 шешімімен бекітілген Меңдіқара ауданының 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындауда Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан, жастарға білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсетілсін: педагогикалық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 2 студентіне - 2009 жылы 181336 теңге мөлшерінде; медициналық мамандығы бойынша жоғары оқу орнының 1 студентіне - 2009 жылы 180600 теңге мөлшерінде.
Тармақ 2
2. "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы білім алуымен байланысты шығыстарын өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынан Меңдіқара ауданының 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Меңдіқара ауданы әкімінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес үміткерлердің тізімін бекітсін және бюджеттік бағдарламаның әкімшісі "Меңдіқара ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмекті көрсетуді төлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.