О внесении дополнений и изменений в некоторые нормативные правовые акты Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по вопросам пруденциального регулирования деятельности накопительных пенсионных фондов, организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами, и организаций, совмещающих виды профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009.08.05 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009.09.26 N 215 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
Тармақ 6
6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.