О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы "2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1245 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: "Барлығы, штат саны (бірлік)" деген бағанда: "Ақтөбе" деген жолдағы "2485" деген сандар "2503" деген сандармен ауыстырылсын; "Алматы" деген жолдағы "3714" деген сандар "3784" деген сандармен ауыстырылсын; "Шығыс Қазақстан" деген жолдағы "4035" деген сандар "4101" деген сандармен ауыстырылсын; "Жамбыл" деген жолдағы "2620" деген сандар "2640" деген сандармен ауыстырылсын; "Батыс Қазақстан" деген жолдағы "2320" деген сандар "2343" деген сандармен ауыстырылсын; "Қарағанды" деген жолдағы "3423" деген сандар "3490" деген сандармен ауыстырылсын; "Қостанай" деген жолдағы "3538" деген сандар "3558" деген сандармен ауыстырылсын; "Маңғыстау" деген жолдағы "1159" деген сандар "1166" деген сандармен ауыстырылсын; "Солтүстік Қазақстан" деген жолдағы "2803" деген сандар "2821" деген сандармен ауыстырылсын; "Алматы қаласы" деген жолдағы "1421" деген сандар "1457" деген сандармен ауыстырылсын; "Астана қаласы" деген жолдағы "931" деген сандар "954" деген сандармен ауыстырылсын; "Жиыны" деген жолдағы "41990" деген сандар "42358" деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 266 Қаулысымен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов