О снижении базовых ставок на земли промышленности (включая шахты, карьеры) и их санитарно-защитные, технические и иные зоны, расположенные в черте населенных пунктов, но за пределами селитебной территории Қолданыста
Басқа 0
Елдi мекендер шегінде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкаларды төмендету туралы
2001 жылдың 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, 2008 жылдың 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiне (Салық Кодексi) сәйкес, қалалық Мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Қаражал қаласы елдi мекендер шегінде, бiрақ селитебтi аумақтан тыс орналасқан өнеркәсiп жерлерiне (шахталарды, карьерлердi қоса алғанда) және олардың санитариялық-қорғаныштық, техникалық және өзге де аймақтарына базалық ставкалар 2009 жылға 30 пайызға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың бюджет және экономика мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының төрағасына (Б. Мусин) жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.