О признании недействующими постановлений Пленума Высшего арбитражного суда Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумы қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасында төрелік соттар жүйесінің жойылуына байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының мынадай қаулыларының:
Тармақша 1
1) "Шығындарды өндіру туралы дауларды қараудың тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 5 қаулысының ;
Тармақша 2
2) "Азаматтық заңнаманың негізін Қазақстан Республикасы төрелік соттарының қолдануымен байланысты кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 6 қаулысының ;
Тармақша 3
3) "Төрелік соттарға даулардың ведомстволық бағыныстылығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1994 жылғы 21 шілдедегі N 7 қаулысының ;
Тармақша 4
4) "Мемлекеттік мүлікті жекешелендірумен және мемлекеттіліктен айыру туралы заңнамаларды қолданумен байланысты дауларды шешу тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 3 қаулысының ;
Тармақша 5
5) "Банк қызметімен байланысты дауларды шешу кезінде заңнамаларды Қазақстан Республикасы төрелік соттарының қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 4 қаулысының ;
Тармақша 6
6) "Сапасы төмен тауарлар мен өнімдерді жеткізумен және сатумен байланысты дауларды шешу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 8 ақпандағы N 5 қаулысының ;
Тармақша 7
7) "Кепілдік міндеттемелерімен байланысты дауларды шешу кезінде заңнамаларды қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары төрелік соты Пленумының 1995 жылғы 4 тамыздағы N 4 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.