Об освобождении от оплаты за питание родителей детей, обучающихся в интернатных учреждениях сельских школ Қолданыста
Басқа 0
Ауыл мектептерінің интернат мекемелерінде оқитын балалардың тамақтанғаны үшін ата-аналарын төлемақыдан босату туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы "Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы" № 738 қаулысымен бекітілген, мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы Нұсқаулықтың 3-тармағы негізінде, ауылдық жерлерде тұрып, интернат мекемелерінде білім алатын оқушыларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 13 маусымдағы "Ауыл мектептерінің интернат мекемелерінде оқитын балалардың тамақтанғаны үшін ата-аналарын төлемақыдан босату туралы" № 358/5 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-182 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Ауыл мектептерінің жанындағы интернат мекемелерінде оқитын балалардың ата-аналары 2009 жылғы тамақтану төлемақысынан босатылсын.
Тармақ 3
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Ж. Нығметов) ауыл мектептерінің жанындағы интернат мекемелерінде тәрбиеленетін балалардың тамақтану шығынын білім беру мекемелерін ұстауға бөлінген қаражаттар есебінен толтырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.