Об оказании социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысымен бекітілген "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмектің түрі - үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Белгіленсін: әлеуметтік көмек ағымдағы жылдың оқу кезеңіне өтініш берген айдан бастап тағайындалады, ай сайын, өткен айға, 18 жасқа толмаған әр мүгедек балаға алты есе ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі; әлеуметтік көмек тағайындау және төлеуді тоқтату туындаған жағдайларда тиісті жағдайлар пайда болған айдан кейін келесі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 3
3. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік көмекті қаржыландыру жүргізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған іс-әрекетке қолданылады.