О признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қазандағы N 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 38, 426-құжат);
Тармақша 2
2) "Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 528-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы N 1078 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 43, 504-құжат).
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.