О военной форме одежды и знаках различия военнослужащих Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілерінің сипаттамасы мен суреттері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарының күші жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы" 1997 жылғы 11 ақпандағы N 3356 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 5, 36-құжат); "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери қызметшілерінің әскери киім үлгілері мен айырым белгілері туралы" 1997 жылғы 15 қазандағы N 3678 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 46, 424-құжат).
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.