Об утверждении Правил приема объектов концессии в государственную собственность Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік сатып алу әдіснамасы департаменті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 642 бұйрығымен бекітілген Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары Осы Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 6-тармақшасына сәйкес әзірленген және Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдаудың тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессия шартының талаптарын орындау нәтижесінде пайда болған концессия объектілері құрылғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе) мемлекеттік мекемелерді және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа) болатын квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, заңды тұлға; концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет; концессия объектінің құрылған сәті – концессия объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілген күн; концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi саласында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тармақ 3
3. Объектілерді мемлекеттік меншікке: республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты - республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган; коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
Тарау 2. 2. Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібі
2. Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібі
Тармақ 4
4. Концессионер мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін құрған (салған) сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде немесе концессия шартында көзделген мерзімде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына – республикалық меншiкке жататын концессия объектiлерiне қатысты немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына – коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты мемлекеттік меншікке концессия объектісін қабылдау туралы өтініш жасайды және құжаттарды осы Қағидалардың қосымшасында келтірілген концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау үшін концессионер мемлекеттік органға ұсынатын құжаттардың тізбесіне сәйкес ұсынады.
Тармақ 5
5. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессионердің өтінішін алған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде тиісінше концессия шартына сәйкес республикалық меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін салудың (құрудың) аяқталғаны туралы концессионердің өтініші және осы концессия объектісін мемлекеттік меншікке қабылдау мүмкіндігін қарау туралы республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органды хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Тиісті сала уәкілетті мемлекеттік органының хабарламасында мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессияның көрсетілген объектісін бекітіп беру көзделетін мемлекеттік заңды тұлға көрсетіледі және көрсетілген концессия объектісін бекіту туралы мемлекеттік заңды тұлғаның жазбаша келісімі қоса беріледі.
Тармақ 7
7. Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары хабарлама алғаннан кейін 10 күндік мерзімде мемлекеттік меншікке қабылдауға және де оны мемлекеттік заңды тұлғаға беруге жататын концессия объектілерін тиісінше республикалық және коммуналдық меншікке қабылдау туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 8
8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін концессионер мен мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісі бекітіліп берілетін мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін қабылдап алу-беру актісін ресімдейді.
Тармақ 9
9. Қабылдап алу-беру актісін ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан, мемлекеттік және орыс тілдерінде үш данада қабылдап алу-беру актісі жасалады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісіне мемлекеттік тіркеу құқығы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 11
11. Мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын концессия объектісін беру және қабылдау кезінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қарастырылады.
Басқа 1. Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдауды жүзеге асыру үшін концессионер ұсынатын құжаттардың тізбесі
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларына қосымша Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдауды жүзеге асыру үшін концессионер ұсынатын құжаттардың тізбесі р/с № Құ­жат­тың ата­уы 1. Кон­цес­сия шар­ты 2. Кон­цес­сия объ­ек­ті­ні пай­да­ла­ну­ға қа­был­дау ак­ті­сі 3. Кон­цес­си­о­нер­дің құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры­ның, кон­цес­си­о­нер­дің әді­лет және са­лық ор­ган­да­рын­да мем­ле­кет­тік тір­ке­лу­ін рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі 4. Мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қа­был­да­у­ға жа­та­тын кон­цес­сия объ­ек­ті­сі­нің құ­нын рас­тай­тын құ­жат