Об утверждении Правил ежедневной электронной отчетности банков-кастодианов накопительных пенсионных фондов Күшін жойған
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерінің күнделікті электрондық есеп берушілік қағидаларын бекіту туралы
Зейнетақы активтерінің жай-күйіне шұғыл бақылау жасауды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 04 наурыздағы N 293 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық қызметті лицензиялау туралы ереженің 31-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Директораты Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерінің күнделікті электрондық есеп берушілік қағидалары бекітілсін (қоса берілді).
Тармақ 2
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерінің ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның кастодиан-банкі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоса) күнделікті электрондық есеп берушілік беруді жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес тестік режимде 1999 жылғы 18 қазаннан бастау керектігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктері ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның кастодиан-банкі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоса) жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес күнделікті электрондық есеп берушіліктің кідіріссіз, толық және анық берілуін қамтамасыз ету мақсатында 1999 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде өздерінің бағдарламалық-техникалық кешендерін жаңғыртуға міндеттелсін.
Тармақ 4
4. Жоғарыда аталған Қағидаларға сәйкес күнделікті электрондық есеп берушіліктің жұмыс бабында пайдалану режимінде берілетін күннің Ұлттық комиссия Директоратының жеке қаулысымен айқындалатындығы белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 6
6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Заң басқармасы осы Қаулыны тіркеу мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
Тармақ 7
7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерінің ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның кастодиан-банкі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоса), "Қазақстанның қор биржасы" ЖАҚ-ның (оған осы Қаулыны өз мүшелерінің назарына жеткізу жөніндегі міндетті жүктей отырып) және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның назарына жеткізсін.
Тармақ 8
8. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлімі:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің назарына жеткізсін;
Тармақша 2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерінің күнделікті электрондық есеп берушілік Қағидалары
2) Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасымен бірлесе отырып осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
Ұлттық комиссияның Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясы Директоратының
1999 жылғы 14 қазандағы N 455
қаулысымен бекітілді
Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерінің күнделікті электрондық есеп берушілік Қағидалары
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 04 наурыздағы N 293 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы кастодиандық қызметті лицензиялау туралы ереженің 31-тармағының негізінде әзірленді және жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерінің зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы күнделікті электрондық есеп берушілікті беру тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидаларда қолданылған ұғымдар мыналарды білдіреді:
Тармақша 1
1) "Банк" - жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкі;
Тармақша 2
2) "Ұлттық комиссия" - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы;
Тармақша 3
3) "Есеп берушілік" - Банктердің Бірыңғай нысандардың жиынтығы түріндегі зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы күнделікті электронды есеп берушілігі;
Тармақша 4
4) "Анықтамалық" - Бірыңғай нысандарды толтыру кезінде Банктер пайдаланатын мәліметтердің электрондық базасы;
Тармақша 5
5) "Бірыңғай нысандар" - Банктердің зейнетақы активтерінің жай-күйі туралы күнделікті электрондық есеп берушілігінің бірыңғай нысандары. Бірыңғай нысандардың тізбесі және олардың мазмұны Ұлттық комиссия Директоратының жеке қаулысымен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Банктер өткен күннің есеп берушілігін келесі күні Алматы уақыты бойынша 15.00 сағаттан кешіктірмей Ұлттық комиссияға электрондық поштамен береді.
Айрықша жағдайларда, Есеп берушілікті электрондық поштамен беру мүмкіндігі болмаған кезде оның толтырылған Бірыңғай нысандары Ұлттық комиссияға қағаз таратқышпен беріледі. Бұл ретте әрбір жеке толтырылған Бірыңғай нысанда бірінші басшы (немесе Банктің оның жинақтаушы зейнетақы қорларына кастодиандық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшесіне жетекшілік жасайтын басшы қызметкері) және Банктің бас бухгалтері қол қоюы және Банк мөрінің таңбасымен расталуы керек. Толтырылған Бірыңғай нысандарды қағаз таратқышпен беру оларды кейіннен электрондық поштамен беру міндетінен Банкті босатпайды.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия Банктерді:
Тармақша 1
1) Есеп берушілік берілетін электрондық поштаның мекен-жайларымен;
Тармақша 2
2) Анықтамалықтармен;
Тармақша 3
3) Бірыңғай нысандарды толтыру және Есеп берушілікті жөнелту кезінде қолданылатын және техникалық құжаттамаларға сәйкес келетін барлық Банктерге бірыңғай арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудің жекелеген түрлерімен;
Тармақша 4
4) Бірыңғай нысандарды толтыру және Есеп берушілікті жөнелту жөніндегі нұсқаулармен және әдістемелік ұсыныстамалармен қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия Банктерден алынған Есеп берушіліктің мазмұнындағы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді. Осы мақсаттарда Ұлттық комиссияның Төрағасы өзінің бұйрығымен Ұлттық комиссия орталық аппаратының Есеп берушіліктің және оны өңдеу нәтижелерінің мазмұнындағы Банктердің банктік, қызметтік және коммерциялық құпияларын құрайтын ақпаратқа рұқсат етілетін қызметкерлер шеңберін шектейді.
Тарау 2. 2-тарау. Бірыңғай нысандарды толтырудың және есеп берушілікті жөнелтудің тәртібі
2-тарау. Бірыңғай нысандарды толтырудың және есеп берушілікті жөнелтудің тәртібі
Тармақ 5
5. Анықтамалықтарға және Есеп берушілікті беруге рұқсат алу үшін Банк Ұлттық комиссиядан Банктің бірінші басшысы (немесе Банктің оның жинақтаушы зейнетақы қорларына кастодиандық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшесіне жетекшілік жасайтын басшы қызметкері) және Банктің бас бухгалтері қол қойған және Банк мөрінің таңбасымен расталған Банктің жазбаша өтініші бойынша кез-келген уақытта өзгеруі мүмкін пайдаланушының аты (пайдаланушылардың аттарын) және паролін (паролдерін) алуы керек.
Тармақ 6
6. Бірыңғай нысандарды толтырар алдында Банк Анықтамалықтарды жаңалауды жүргізеді.
Тармақ 7
7. Анықтамалықтарды жаңалағаннан кейін Банк Ұлттық комиссиядан алынған нұсқауларға және әдістемелік ұсыныстамаларға сәйкес Бірыңғай нысандарды толтырады. Бұл ретте:
Тармақша 1
1) Бірыңғай нысандар әрбір жеке жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке-жеке толтырылады;
Тармақша 2
2) Бірыңғай нысандардың жолдары Анықтамалықтарға сілтеме жасала отырып тек қана Анықтамалықтардан алынған мәліметтермен толтырылады;
Тармақша 3
3) зейнетақы активтерінің әрбір жеке қозғалысы Бірыңғай нысанның жеке жолында көрсетілуі керек.
Тармақ 8
8. Бірыңғай нысандарды толтыру аяқталғаннан кейін олар Банктің өз бағдарламалық қамтамасыз етуді және\немесе Ұлттық комиссиядан алынған арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдана отырып қателердің жоқтығына тексеріледі.
Тармақ 9
9. Бірыңғай нысандарда қателер жоқ болған кезде Есеп берушілік Ұлттық комиссияға беріледі.
Тармақ 10
10. Кейіннен (Есеп берушілік Ұлттық комиссияға берілгеннен кейін) Бірыңғай нысандарда қателер табылған жағдайда Банк жедел түрде Ұлттық комиссияға жинақтаушы зейнетақы қорларына кастодиандық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Банктің бірінші басшысы немесе Банктің оның жинақтаушы зейнетақы қорларына кастодиандық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшесіне жетекшілік жасайтын басшы қызметкерлері қол қойған түсіндірме хатты беруге және түзетілген Есеп берушілікті Ұлттық комиссияға беруге міндетті.
Ұлттық комиссияның Төрағасы