Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы
ҚАЗАлға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 28.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2012 · қолданыстағы AI44152_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CC000070
- ЭКБ идентификаторы
- 44152
- Редакция идентификаторы
- AI44152_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:54
0 Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23-қаңтарындағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының және 2008 жылғы 10-желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 422-бабының 1, 2-тармақтарының негізінде аудандық мәслихаттың кеңейтілген кезекті он бесінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. 2009 жылғы 1 қаңтарынан бастап кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкалары белгіленсін:
1 1) бильярд үстеліне - 5 айлық есептік көрсеткіш;
2 2) ақшасыз ұтыс ойын автоматына - 2 айлық есептік көрсеткіш (Қосымша қоса тіркеледі)
2
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 17-қазандағы екінші сессиясының N 11 "Алға ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған арнаулы салық режиміндегі ақшасыз ойын автоматтарына салынатын жылдық салық ставкаларын бекіту туралы" (аудандық әділет басқармасында 2007 жылдың 1-қарашасында мемлекеттік тіркеу N 3-3-47) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа және Алға ауданы бойынша салық басқармасының бастығы Т.Аққожинге жүктелсін.
4 Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу
4. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихат сессиясының
төрағасы, мәслихат хатшысы: А.Қайрошев
Алға аудандық мәслихатының
2009 жылдың 28 қаңтарындағы
кезекті XV сессиясының N 2 шешіміне
N 1 қосымша
Алға ауданы бойынша салық нысандарына салынатын нақтыланған салық ставкаларын белгілеу
Реттік N
Салық салынатын нысандар
Ставкалар (айлық есептік көрсеткіштерде)
1
Бір ойыншыға арналған ұтыссыз ойын автоматы
2
2
Бір ойыншыдан артық ойыншыларға арналған ұтыссыз ойын автоматы
3
3
Ойын жолы
10
4
Карт
2
5
Бильярд үстелі
5