Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына, сондай-ақ, Көктөбе ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының 2009 жылғы 05 ақпандағы конференциясының хаттамасына сәйкес, Көктөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көктөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге атаулары берілсін:
Тармақша 1
1) Майтөбе ауылында: Тәуелсіздік, Желтоқсан, Республика, Жеңіс, Достық, Жастық;
Тармақша 2
2) Көктерек ауылында: Бейбітшілік көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.