Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по предоставлению материальной помощи на компенсацию расходов на коммунальные услуги лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и пенсионерам, имеющий статус персонального пенсионера областного значения

Нұсқаулық · № 16-11-IV · қабылданған 09.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-44179/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по предоставлению материальной помощи на компенсацию расходов на коммунальные услуги лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и пенсионерам, имеющий статус персонального пенсионера областного значения Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 16-11-IV ·09.02.2009
13.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по предоставлению материальной помощи на компенсацию расходов на коммунальные услуги лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и пенсионерам, имеющий статус персонального пенсионера областного значения

Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 16-11-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по предоставлению материальной помощи на компенсацию расходов на коммунальные услуги лицам, которым назначены пенсии за особые заслуги перед Республикой Казахстан и пенсионерам, имеющий статус персонального пенсионера областного значения
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Нұсқаулық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-11-IV
Қабылданған күні
09.02.2009
Көрсетілген редакция
13.07.2012 AI44179_4.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VH000076
ЭКБ идентификаторы
44179
Редакция идентификаторы
AI44179_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:49

0 Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” Заңының 44 бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі нұсқаулық (қосымша берілген) бекітілсін.

2 2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ 16-11-IV шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға және облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызметтерге төлеген шығындарын өтеу үшін материалдық көмек беру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1 1. Жалпы ережелері

1 1. Осы нұсқама Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар мен облыс алдында арнаулы зейнетақы алушы дәрежесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызмет шығындарына өтемақы төлеуге материалдық көмек ұсыну тәртібін анықтайды.

2

2. Осы нұсқаманы қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы мен Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңының 44-бабы болып табылады.

2 2. Материалдық көмек төлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

3

3. Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар мен облыс алдында арнаулы зейнетақы алушы дәрежесі бар зейнеткерлерге коммуналдық қызмет шығындарына өтемақы төлеуге материалдық көмек төлеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ болып табылады.
Материалдық көмекті төлеуге бөлінген қаражатты қаржыландыру және пайдалану облыстық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер қаражаты есебінен 007 «Жергілікті басқарушы органдардың шешімі бойынша жеке санаттағы азамматарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

3 3. Материалдық көмек алу құқығы

4 4. Коммуналдық қызмет шығындарына өтемақы төлеуге материалдық көмек алу құқығына:

1 1) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар;

2 2) облыс алдында арнаулы зейнетақы алушы дәрежесі бар зейнеткерлер ие.

Бірнеше негіздер бойынша бір мезетте материалдық көмек алуға құқығы бар тұлғаларға олардың қалауы бойынша бір негіз бойынша ғана материалдық көмек төленеді.

4 4. Материалдық көмекті тағайындау

5 5. Осы нұсқаманың 4-тармағының 1) және 2)-тармақшаларында көрсетілген азаматтарға ай сайын 2000 (Екі мың) теңге мөлшерінде материалдық көмек ұсынылады.

6 6. Материалдық көмек алу құқығына ие адамдар материалдық көмек алу үшін өтінішпен бірге келесі құжаттарды «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не тапсырады:

- жеке куәлік (көшірмесі);
- арнаулы зейнетақы куәлігі немесе Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Министрлері Кабинетінің жанындағы Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы бекіту жөніндегі Комиссия шешімінің көшірмесі;
- облыс алдындағы арнауалы зейнетақы алушы дәрежесін растайтын құжат;
- азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі);
- екінші деңгейдегі банктен жеке шот нөмірі.
Құжаттар түпнұсқаларымен және көшірмелерімен тапсырылады. Құжаттардың көшірмесі мен түпнұсқасының сәйкестігі «ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің маманымен расталады.

7 7. Азаматтарға материалдық көмек ұсыну өтініш берілгеннен кейін ғана қаралады және сәйкес құжаттар мен өтініш тапсырылған айдан бастап ұсынылады.

8 8. Материалдық көмекті төлеу мен тағайындауды жалғастыру немесе тоқтату сияқты жағдайлар туындаған кезде (көмек алушы қайтыс болса, басқа тұрғылықты жерге көшсе және т.б.) материалдық көмекті төлеу мен тағайындау тоқтатылады немесе сәйкес жағдай туындаған айдан бастап келесі айда жалғастырылады.

9 9. Бородулиха аудандық Мемлекеттік Зейнетақы төлеу орталығы мен аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ай сайын осы нұсқаманың 4 тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген материалдық көмек алушылар санаты базасын салыстырып тексеруді жүргізеді.

5 5. Материалдық көмекті төлеу.

10

10. Материалдық көмекті төлеу Бородулиха ауданындағы екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелеріндегі көмек алушының жеке шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. Материалдық көмекті төлеу жағдайлары мен ШҚО Бородулиха аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен сәйкес екінші деңгейдегі банк арасында жасалған агенттік келісіммен анықталады.

Қолданыстағы