Құжат мәтініне өту

Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қаулы · № 29 · қабылданған 26.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.02.2016 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-44195/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 29 ·26.01.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗОблыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 29 · қабылданған 26.01.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
29
Қабылданған күні
26.01.2009
Көрсетілген редакция
09.02.2016 · қолданыстағы 44195_154825.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
09.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09Z0003020
ЭКБ идентификаторы
44195
Редакция идентификаторы
44195_154825
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:56

0 Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің төмендегі қаулыларына келесідей өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1

1) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Бұрын жергілікті маңызы бар дербес зейнеткер болған адамдарға материалдық көмектер белгілеу туралы" 2001 жылғы 13 қарашадағы N 48 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1143 тіркелген, 2001 жылғы 24 қарашада облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысының 2-тармағындағы "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Анищенко)" деген сөздер "О блыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы " деген сөздермен ауыстырылсын;

2

2) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы" 2001 жылғы 13 қарашадағы N 49 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1144 тіркелген, 2001 жылғы 24 қарашада облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және олармен теңестірілген адамдарға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 заң күші бар Жарлығының 20-бабын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкімінің қосымшаға сәйкес кейбір қаулылары мен шешімінің күштері жойылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.

7 Облыс әкімдігінің

2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 29 қаулысына
ҚОСЫМША
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі мен әкімінің
күші жойылатын қаулылары
мен шешімінің тізімі

1

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету ретінде Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерін пайдалану туралы" 2005 жылғы 31 наурыздағы N 102 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2925 тіркелген, 2005 жылғы 31 наурызда облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысы.

2

2. Батыс Қазақстан облысы әкімінің "Батыс Қазақстан облысында кең таралған пайдалы қазба байлықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімдердегі қол қойылған бонустардың мөлшерін белгілеудің тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 16 қарашадағы N 196 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 630 тіркелген) шешімі.

3

3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарының оқулықтарды қайтарымды негізде ақысыз пайдалануы туралы" 2003 жылғы 14 қарашадағы N 233 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2361 тіркелген, 2003 жылғы 9 желтоқсанда облыстық "Орал өңірі" және "Приуралья" газеттерінде жарияланған) қаулысы.