О мерах по организации бесперебойного лекарственного обеспечения социально-уязвимых слоев населения в условиях экономического кризиса Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Экономикалық дағдарыс жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы Экономикалық дағдарыс жағдайында дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету және дәрілік заттардың бағаларының өсуін тежеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары бастапқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында дәріхана ұйымдарын ашу жолымен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етсін және құрылған дәріхана ұйымдары арқылы дәрілік заттарды бөлу тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттар өнімін берушілермен шарт жасассын.
Тармақ 2
2. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
Тармақ 4
4. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.