Об ограничении хозяйственной деятельности на территории государственных природных заказников Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында шаруашылық қызметін шектеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 65, 122-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 68, 69-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының бірегей табиғи кешендерін қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы, Қарой, Балқаш маңы мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалдар аумағында, егер мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың кез-келген қызметіне жол бермеу және шаруашылық қызметтеріне шектеу енгізу, соның ішінде:
өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге.
Тармақ 2
2. Тоқты, Лепсі, Жоғарғы Көксу, Қоқан мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағында, егер мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың кез-келген қызметіне немесе оларды молықтыруды нашарлатып жіберсе жол бермеу және шаруашылық қызметтеріне шектеу орнату, соның ішінде:
аң аулауға;
балық аулауға;
кез келген тәсілдермен және құралдармен жабайы жануарларды олжалауға;
өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге;
ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге, жұмыртқа жинауға.
Тармақ 3
3. Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Балқаш, Алакөл, Сарқан, Кербұлақ, Панфилов аудандарының әкімдіктері, "Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Алматы, Қарой, Балқаш маңы, Тоқты, Лепсі, Жоғарғы Көксу, Қоқан мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында қажетті шаралар қабылдасын:
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға ауыртпалықтарды белгілеу;
жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды шаруашылық қызмет шектеулердің енгізілуімен таныстыру.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Д. Досымбековке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.