Об утверждении Правил регистрации, учета и мониторинга бюджетных кредитов Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 198-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы N 437 (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 3349 тіркелген) бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2009 жы­л­ғы 26 қаң­тар­да­ғы N 30 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­тіл­ді Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесі (бұдан әрі - Ереже) бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі, бюджет кредиттерін пайдалану, өтеу және қызмет көрсету, бюджет кредиттерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру барысы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2. Бюджет кредиттерін тіркеу
2. Бюджет кредиттерін тіркеу
Тармақ 2
2. Бюджет кредиттерін тіркеуді:
Тармақша 1
1) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) кредит шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу кітабына жазу арқылы жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Ереженің N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша тіркеу кітабы нөмірленген, бауланған және мынадай:
Тармақша 1
1) республикалық бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджет ақшасының есебінен бюджеттік кредиттер бойынша - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган басшысының мөрімен және қолымен куәландырылған болуы тиіс.
Тармақ 4
4. Бюджет кредиттерін қайта құрылымдау немесе кредит шарттарына өзгерістер енгізу кезінде бюджет кредиттерін тіркеу осы Ереженің 2-тармағында көзделген тәртіппен кредит шартына жасалған қосымша келісімдердің негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. Бюджет кредиттерін есепке алу
3. Бюджет кредиттерін есепке алу
Тармақ 5
5. Бюджеттен берілген кредиттерді есепке алу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен республикалық бюджеттен қаражат алушының арасында, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджет қаражатын алушының арасында кредит шарты талаптарының сақталуын бақылау мақсатында тіркелген кредит шартының негізінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Осы Ереженің Бюджеттен берілген кредиттерді есепке алу N 2 қосымшаға сәйкес қарыз алушылар мен сенімгердің (агенттердің) бөлінісінде кредит шартының негізгі есептік сипаттамалары деректерінің тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Кредит көлемдерін есепке алу төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Республикалық бюджеттен берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, республикалық бюджеттен қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның есепке алуына жатады. Жергілікті бюджеттерден берілген бюджет кредиттері жасалған кредит шарттарының, тиісті жергілікті бюджеттерден қаражат алушылардың бюджет кредиттерін игеру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі есептілігінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның есепке алуына жатады.
Тарау 4. 4. Бюджет кредиттерінің мониторингі
4. Бюджет кредиттерінің мониторингі
Тармақ 9
9. Бюджет кредиттерінің мониторингін жүргізу мыналарды:
Тармақша 1
1) осы Ереженің N 3 қосымшасына сәйкес бюджет кредиттерін пайдалану, өтеу және қызмет көрсету барысы туралы кредиттерді, банк-қарыз алушыларды, түпкілікті қарыз алушыларды, сенімгер (агенттер) және қаржылық агенттіктерді меңгеру жөнінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері беретін ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды;
Тармақша 2
2) бюджет кредиттерінің уақытылы өтелуін және оған қызмет көрсетуді, сондай-ақ мерзімі өткен берешекке өсімді есептеуді және ақы төлеуді бақылауды;
Тармақша 3
3) бюджет кредиттері бойынша мерзімі ұзартылған берешекті қадағалауды және есепке алуды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген шетел валютасына теңгенің ресми бағамын есепке алуды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы қарыздарын қайта кредиттеу кезінде қарыз алудың құбылмалы мөлшерлемесін өзгертуді есепке алуды;
Тармақша 5
5) бюджет кредиттерін басқарудың мақсаттары үшін талдамалы, жоспарлы және болжамды есеп айырысуларын орындауды;
Тармақша 6
6) есепті деректер мен есептілікті талдау және салыстыру арқылы бюджет кредиттерін пайдаланудың тиімділігін бағалауды жүзеге асыруды қамтиды.
Тармақ 10
10. Бюджет кредиттері мониторингінің нәтижелері бюджет кредиттерін алу, қызмет көрсету мен өтеу және қағаз тасушыдағы да және ақпаратты жинаудың, өңдеудің және сақтаудың электрондық жүйесін пайдалана отырып та ағымдағы кредиторлық берешектің жағдайы туралы есептер, кестелер, диаграммалар түрінде ресімделеді.
Тармақ 11
11. Бюджет кредиттері мониторингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жойылған кәсіпорындарға-қарыз алушыларға қойылатын талаптардың тоқтатуын ескере отырып бюджеттік кредиттер бойынша үкіметтік талаптардың сомалары түзетуге жатады.
Басқа 1. Кредит шарттарын тіркеу кітабы
Бюд­жет кре­дит­те­рін тір­кеу, есеп­ке алу және мо­ни­то­рин­гі ере­же­сіне 1 қо­сым­ша Кредит шарттарын тіркеу кітабы Тір­кеу кү­ні Тір­кеу N Кре­дит шар­ты­ның ата­уы Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ның аты-жө­ні,те­гі және қо­лы 1 2 3 4
Басқа 2. Кредит шартының негізгі есептік сипаттамалары деректерінің тізілімі
Бюд­жет кре­дит­те­рін тір­кеу, есеп­ке алу және мо­ни­то­рин­гі ере­же­сіне 2 қо­сым­ша Кредит шартының негізгі есептік сипаттамалары деректерінің тізілімі Кре­дит ті ре­сімд еудің N және кү­ні Банк-қа рыз алушы­лар дың шо­ты­на бюд­жет­тік бағ­дар­ла ма­лар әкім­ші­ле рі­нің бюд­жет шот­та­ры нан кре­дит­ті есеп­теу кү­ні Кре­дит­тің мақ­са­ты Ва­лю­та­сы Кре­дит тің мөл­ше­рі Сый­а­қы став ка­сы Кре­дит­ті иге­ру ке­зе­ңі Кре­дит­тің мер­зі­мі Кре­дит­ті өтеу 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Басқа 3. Бюджет кредиттерін пайдалану, ө теу және қ ызмет көрсету барысы туралы мәліметтер
Бюд­жет кре­дит­те­рін тір­кеу, есеп­ке ішу және мо­ни­то­рин­гі ере­же­сіне 3 қо­сым­ша Бюджет кредиттерін пайдалану, ө теу және қ ызмет көрсету барысы туралы мәліметтер Бюд­жет кре­ди­ті­нің со­ма­сы Есеп бе­ру мер­зі­мі­нің ба­сы­на негіз­гі бо­ры­штың қал­ды­ғы Есеп бе­ру мер­зі­мін­де­бюд­жет кре­ди­ті­нің мең­ге­рі­луі Есеп бе­ру мер­зі­мін де бюд­жет кре­ди­ті нің өте­луі Есеп бе­ру мер­зі­мі­нің со­ңы­на негіз­гі бо­рыш тың қал­ды­ғы Негіз­гі бо­рыш бой­ын­ша мер­зі­мі өт­кен бе­ре­шек Қарыз алушы (соң­ғы қарыз алушы, се­нім біл­ді­ріл ген өкіл­дер) 1 2 3 4 5 6 7