О деятельности по оказанию услуг трансфер-агента на рынке ценных бумаг Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету жөніндегі қызмет туралы
Тармақ 2
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 658 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздар рыногын дамытудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженің 4-тармағының 7) тармақшасының негізінде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы(бұдан әрі -"Ұлтты комиссия" деп аталады) Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету жөніндегі қызмет кәсіби қызмет болып табылатындығы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енгізілетіндігі белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының лицензиялау және қадағалау басқармасы 1999 жылғы 01 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын;
Тармақша 2
2) Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агент қызметін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың қағидаларын әзірлесін.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметі - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшіне енгізілгеннен кейін) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушылары қауымдастықтарының назарына жеткізсін.