Об утверждении Правил бюджетного субсидирования систем управления производством сельскохозяйственной продукции Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесін бекіту туралы "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 170 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы " 2005 жылғы 8 шілдедегі, " 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы " 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Бюджеттік субсидиялау 051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды бюджеттік субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақша 2
2) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
Тармақша 3
3) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде куәландыратын рәсім;
Тармақша 4
4) тапсырыс беруші - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау сатысындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
Тармақша 5
5) тапсырыс беруші-қатысушылар - бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілер;
Тармақша 6
6) тартылған консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 7
7) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылданған және тұтынушылардың қалың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
Тармақша 8
8) штаттағы консультант - халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушінің қызметкері;
Тармақша 9
9) іріктеу - 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген бюджеттік субсидияларды тапсырыс беруші-қатысушылар арасында бөлу үшін бағдарламаға қатысатын тапсырыс беруші-қатысушыларды айқындау.
Тарау 2. 2. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарын әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау тәртібі
2. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарын әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау тәртібі
Тармақ 4
4. Агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыстарын құнын бюджеттік субсидиялау жөніндегі қаражатты бөлу үшін бағдарламаның әкімшісі тапсырыс берушілер арасында іріктеу жүргізеді. 5. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның бүкіл құнынан тапсырыс беруші шығынының 50 %-ынан аспайды.
Тармақ 6
6. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын тапсырыс берушілерді іріктеуді жүргізу үшін бағдарламаның әкімшісі:
Тармақша 1
1) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелері мен хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан болуы және бес адамнан кем болмауы тиіс;
Тармақша 2
2) облыстар, Астана, Алматы қалалары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармалары ұсынған тізім бойынша барлық тапсырыс берушілерге шақыру жібереді.
Тармақ 7
7. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын және мынадай өлшемдерге жауап беретін тапсырыс берушілерді іріктеуді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының резиденті ( белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды немесе жеке тұлға);
Тармақша 2
2) салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы.
Тармақ 8
8. Тапсырыс беруші енгізуді тартылған консультант қамтамасыз ететін халықаралық стандартты пайдалана алады не кәсіпорынның құрылымында саны кемінде екі адам штаттағы қызметкерден тұратын сапа қызметі болғанда оны дербес енгізе алады.
Тармақ 9
9. Тартылған консультантқа қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушімен шарт жасасқан күні халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
Тармақша 2
2) кемінде екі аяқталған жобаға қатысуы;
Тармақша 3
3) штатында тиісті дипломдары, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттары және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесі бар халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сәйкестігін одан әрі растау саласындағы білікті мамандардың болуы (заңды тұлғалар үшін);
Тармақша 4
4) тиісті дипломының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы (жеке тұлғалар үшін). Штаттағы консультантқа қойылатын талаптар:
Тармақша 1
1) тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының және халықаралық стандарттарды әзірлеу және енгізу жөнінде жұмыс тәжірибесінің болуы;
Тармақша 2
2) менеджмент жүйесін әзірлеуші компаниядағы сапа қызметінің қызметкері ретінде кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі.
Тармақ 10
10. Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тапсырыс берушілер осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар тұлға қол қойған, тапсырыс берушінің мөрі басылған, жабық конвертке салынған өтінімді комиссияға ұсынады.
Тармақ 11
11. Тапсырыс беруші өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналарды қоса береді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімге салық берешегінің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының бірінші басшысының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, тиісті салық органының мөрі басылған белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
Тармақша 3
3) консалтингтік (консультациялық) қызметтер көрсететін тапсырыс берушінің негізгі қызметкерлерінің түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдарының, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттарының белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты);
Тармақша 4
4) тапсырыс беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы сертификаттауды жүргізу туралы шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 5
5) өтінімге тапсырыс берушінің бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда өтінімге қол қою құқығына арналған сенімхат;
Тармақша 6
6) тапсырыс берушінің мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 7
7) тартылған консультантпен жасалған халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді көрсетуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 8
8) тартылған консультантқа: заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркелгендігі (қайта тіркелгендігі) туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері және жеке тұлғалар үшін жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
Тармақша 9
9) тартылған консультант туралы қысқаша ақпарат (компанияның даму тарихы, компания қызметінің негізгі бағыттары, халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша іске асырылған жобалар жөніндегі ақпарат, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындармен халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу бойынша жұмыс тәжірибесі);
Тармақша 10
10) халықаралық стандарттарды енгізуді жүзеге асырған, тартылған консультанттың клиенттері туралы ақпарат (мекен-жайы, байланыс телефондары, е-mail);
Тармақша 11
11) консалтингтік қызметтер көрсететін, тартылған консультанттың негізгі қызметкерлерінің (заңды тұлғалар үшін) түйіндемесі (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, білімі, кәсіби тәжірибесі, іске асырылған жобаларға қатысуы және тиісті дипломдардың, семинарларды, курстарды бітіргені туралы сертификаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері қоса берілген байланыс ақпараты). Осы тармақтың 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды консультантты тартқан жағдайда тапсырыс беруші береді.
Тармақ 12
12. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігілуі, нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің арғы жағындағы жіптің ұшы "__" парақ тігілді және нөмірленді. Күні 20__ жылғы "__"_______" деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделуі, тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тапсырыс берушінің мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген жекелеген құжаттар болған кезде мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және тапсырыс берушіге қайтарылады.
Тармақ 13
13. Өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі бойынша 5 (бес) күн ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды.
Тармақ 14
14. Комиссия өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жекелеген отырыста тапсырыс берушілердің өтінімдерін олардың толықтығы мен осы Ереженің талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
Тармақ 15
15. Осы Ереженің талаптарына толығымен сәйкес келетін тапсырыс берушілер комиссияның шешімімен тапсырыс берушілер-қатысушылар болып белгіленеді.
Тармақ 16
16. Шығындарды бюджеттік субсидиялау үшін әрбір тапсырыс беруші-қатысушыға бөлінетін қаражат көлемінің үлесін комиссия халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жобаның барлық құнынан тапсырыс беруші шығындарының сомаларына тікелей бара-бар түрде белгілейді.
Тармақ 17
17. Комиссия отырысында ұсынылған құжаттарды қарау және өтінімдерді бағалау хаттамасы (бұдан әрі - комиссия отырысының хаттамасы) жүргізіледі. Комиссия шешімінің нәтижелері комиссия отырысының хаттамасында көрсетілуге тиіс, онда тапсырыс беруші-қатысушылардың атауы, орналасқан жері, тапсырыс беруші-қатысушылар айқындалған өлшемдер, тапсырыс беруші-қатысушыларға бөлінетін бюджеттік субсидиялардың көлемі, сондай-ақ өтінімдердің қабылданбау себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін тапсырыс берушілердің атауы көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы және мүшелері қол қояды. Комиссия шешімі барлық тапсырыс берушілерге жазбаша хабарланады.
Тармақ 19
19. Тапсырыс беруші-қатысушыларды хабарландырған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде бағдарлама әкімшісі мен тапсырыс беруші-қатысушы арасында қаражат аудару тәртібі мен талаптарын, тараптардың жауапкершілігін және өзге де шарттарды көздейтін шарт жасалады.
Тармақ 20
20. Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі жұмыс тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс.
Тармақ 21
21. Бюджеттік субсидиялар алу үшін тапсырыс беруші-қатысушы бағдарламаның әкімшісіне мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық стандарттарды әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға жұмсалған тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын бюджеттік субсидиялауға арналған өтінімді;
Тармақша 2
2) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған, орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
Тармақша 3
3) сәйкестікті растау жөніндегі орган мен тапсырыс беруші-қатысушы қол қойған сертификаттау жөніндегі орындалған жұмыстар актілерінің (бухгалтерлік) нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
Тармақша 4
4) тартылған консультант (консультантты тартқан жағдайда) пен сәйкестікті растау жөніндегі органның қызметтеріне тапсырыс беруші-қатысушының ақы төлегені туралы төлем тапсырмалары мен шот-фактуралардың тапсырыс беруші-қатысушының мөрі мен қолы қойылған көшірмелерін не қызметтерге ақы төленгенін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелерін;
Тармақша 5
5) сапа сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмелерін.
Тармақ 22
22. Осы Ереженің 21-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырыс беруші-қатысушы бағдарламаның әкімшісіне тиісті жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынады.
Тармақ 23
23. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі растайтын құжаттарды қарағаннан кейін осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада бюджеттік субсилиялар төлеу ведомосын және төлеуге арналған шоттарды қалыптастырады.
Тармақ 24
24. Тапсырыс беруші-қатысушыларға бюджеттік субсидияларды төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшелеріне төлеуге арналған шоттардың тізілімін екі данада және төлеуге арналған шотты ұсынады.
Тармақ 25
25. Іріктеуді жүргізу кезінде қаражат толық бөлінбей қалған жағдайда, сондай-ақ тапсырыс беруші-қатысушылар бөлінетін бюджеттік субсидиядан бас тартқан жағдайда, бағдарламаның әкімшісі іріктеудің жүргізілетін күні мен орнын бекіте отырып, қайта іріктеу жүргізеді.
Тармақ 26
26. Тапсырыс беруші-қатысушылар бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы, қаражатты орынсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 27
27. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы, бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуы және нәтижесіне жеткізу үшін жауапты болады.
Басқа 1. Өтінім
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесіне 1-қосымша Өтінім ______________________________________________________________ (тапсырыс берушінің атауы) 051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді. 1. Бағдарламаны іске асыруға қатысушы туралы мәліметтер Толық атауы ________________________________________________________ Заңды мекен-жайы ___________________________________________________ Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық мекен-жайы ____________________________________________________________________ Жарғылық капиталының мөлшері, теңге ________________________________ Меншікті капиталының мөлшері, теңге ________________________________ Құрылтайшылар ______________________________________________________ Банктік деректемелері ______________________________________________ Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары ____________________________________________________________________ Негізгі қызметінің түрі ____________________________________________ Жылдық айналымы, сомасы ____________________________________________ Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны __________________________________       2. Тартылған консультанттың қысқаша сипаттамасы Толық атауы ________________________________________________________ Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйелерін әзірлеу, енгізу жөніндегі жұмыс тәжірибесі ____________________________________________________________________ Сертификат алған кәсіпорындардың саны ______________________________ Заңды мекен-жайы ___________________________________________________ Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық мекен-жайы ____________________________________________________________________ Құрылтайшылар ______________________________________________________ Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телфондары ____________________________________________________________________ Қызметшілер саны ___________________________________________________        3. Жобаның қысқаша сипаттамасы Жобаның жалпы құны ________________________________________________; Төлем шарттары _____________________________________________________ Жоба бойынша жұмыстардың басталған және аяқталған күні _____________ Р/с N Жұ­мыстар­дың ке­зең­де­рі мен түр­ле­рі­нің ата­уы Құ­ны (тең­ге) Жұ­мыстар­дың ба­стал­ған және аяқ­тал­ған кү­ні Оның ішін­де орын­дал­ған жұ­мыстар­дың ак­ті­сі ұсы­ныл­ды 4. Жобаны іске асырудан жоспарланатын нәтижелер ____________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ __________________________ ________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) м.о. (қолы, күні)
Басқа 2. Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын бюджеттік субсидиялауға арналған өтінім
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесіне 2-қосымша Халықаралық стандарттарды әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі тапсырыс беруші-қатысушының шығындарын бюджеттік субсидиялауға арналған өтінім Күні 20__ ж.____ __________ Осымен тапсырыс беруші-қатысушы ____________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 200__ жылғы ____ _________ N __ халықаралық стандарттар әзірлеу, енгізу және сертификаттау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын бюджеттік субсидиялау туралы шартқа сәйкес 051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша тапсырыс берушінің (банк атауы) N ______ шотына республикалық бюджеттен ____________ теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды. ____________________   м.о.    ______________________________________ (кәсіпорынның атауы)             (кәсіпорынның бірінші басшысының                                           қолы мен Т.А.Ә.)
Басқа 3. 051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін бюджеттік субсидиялау ережесіне 3-қосымша "Бекітемін" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы _______________________________ 20__ жылғы "___" _______ N ____ 051 "Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость Р/с N Тап­сы­рыс бе­ру­ші­нің ата­уы Суб­си­ди­я­ла­у­ға ар­нал­ған шар­ттың N және кү­ні Бар­лық көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер со­ма­сы (тең­ге) Оның ішін­де Тө­ле­у­ге жа­та­ты­ны (тең­ге) кон­суль­та­ци­я­лық сер­ти­фи­кат­тық Төлеуге жататын сома __________________________________ теңге                              (цифрмен, жазбаша) Қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және ДСҰ департаментінің директоры            ________________ Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің директоры                     ________________