Об утверждении Правил предоставления средств из республиканского бюджета на субсидирование ставки вознаграждения (интереса) по кредитам, выдаваемым финансовыми институтами предприятиям по переработке сельскохозяйственной продукции на пополнение их основных и оборотных средств, по лизингу оборудования Қолданыста
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесін бекіту туралы
"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 ақпандағы
N 171 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражаттарын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары өндірістік мақсаттар (қайта өңдеу) үшін өздерінің негізгі және айналым қаражатын толықтыруға кредиттер алған мен лизинг бойынша сыйақы ставкасын төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеуге қаржы институттарында 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі - бағдарлама) бойынша республикалық бюджеттен субсидиялар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорны - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы өнімі - өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты мен өнімі, соның ішінде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер;
Тармақша 3
3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
Тармақша 4
4) қаржы институттары - екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;
Тармақша 5
5) қарыз алушы (лизинг алушы) - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорны;
Тармақша 6
6) негізгі қаражат - шикізатты қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі технологиялық жабдық.
Тармақ 3
3. Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау:
Тармақша 1
1) қарыз алушы (лизинг алушы) қаржы институтымен жасалған кредиттік шартқа (қарыз шартына, қаржы лизингі шартына) сәйкес есептелген сыйақыны уақтылы төлеген;
Тармақша 2
2) кредиттік шартта көзделген кестеге сәйкес кредитті (қарызды, лизингті) уақтылы өтеген жағдайда жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Республикалық бюджеттен берілетін субсидиялар (бұдан әрі - субсидиялар) қаржы институттары ұлттық валютада беретін кредиттер (қарыздар, лизинг) бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті қаржы жылында кредит шарты (қарыз шарты, қаржы лизингі шарты) бойынша өтеу күнгі қолданыстағы қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде ұсынылады. Қаржы институттары шетелдік валютада беретін кредиттер бойынша субсидиялар сыйақы (мүдде) ставкасының 50 %-ы (елу пайызы) мөлшерінде ұсынылады. Қаржы институттары меншікті және/немесе тартылған қаражат есебінен беретін кредит (қарыз, лизинг) сомасы 500000000 (бес жүз миллион) теңгеден немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит (қарыз, лизинг) берілетін күнгі қолданыстағы ресми бағамы бойынша шетелдік валютадағы баламасынан аспауы тиіс.
Егер қарыз алушы (лизинг алушы) қаржы жылы ішінде бірнеше қаржы институттарынан кредиттер (қарыздар, лизинг) немесе бір қаржы институтынан бірнеше кредит (қарыз, лизинг) алған жағдайда субсидиялар осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес жасалған әрбір кредиттік шарт (қарыз шарты, қаржы лизингінің шарты) бойынша беріледі.
Қаржы институты шетелдік валютада берген кредит (қарыз, лизинг) бойынша субсидиялар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит шарты (қарыз шарты, қаржы лизингі шарты) бойынша өтеу күнгі қолданыстағы бағамы бойынша теңгемен төленеді, бұл ретте шекті пайыздық ставка жылдық 17 %-дай (он жеті пайыздан) аспауы тиіс.
Тармақ 5
5. Субсидиялар тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 желтоқсан кезеңінде кредиттер (қарыздар, лизинг) бойынша сыйақыны жеке өтеу кестесіне сәйкес қарыз алушы (лизинг алушы) іс жүзінде аударған және өтеген сыйақы бойынша тоқсан сайын аударылады.
Субсидиялар мерзімі өткен несие берешегі бойынша есептелген және төленген пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге берілмейді.
Тармақ 6
6. Республикалық бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына берілетін сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау:
Тармақша 1
1) дайын өнімді қайта өңдеу және өндіру, атап айтқанда, етті, сүтті, жемістерді, жидектерді, көкөністерді, былғары шикізатын және жүнді, дәнді дақылдарды, шитті мақта, балық және балық өнімдерін қайта өңдеу, нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерін, май-тоң май өнімдерін, қант, құс еті мен жұмыртқа, құрама жем өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға арналған кредиттер (қарыздар) бойынша;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтар сатып алуға арналған кредиттер (лизинг) бойынша жүргізіледі.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру тәртібі
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру тәртібі
Тармақ 7
7. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі құрамында комиссия төрағасы,
мүшелері және хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы
тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болмайды.
Тармақ 8
8. Комиссия ай сайын айдың бірінші сейсенбісінде қарыз алушылардың (лизинг алушылардың) субсидиялар алуға арналған өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысын өткізеді.
Тиісті қаржы жылының 3 қарашасынан кейін түскен өтініштерді комиссия қарамайды.
Тармақ 9
9. Комиссия хатшысы бюджеттік бағдарлама әкімшісі нөмірлеуі, тігуі және мөрмен бекітуі тиіс арнайы журналда қарыз алушының (лизинг алушының) өтінішін тіркейді.
Тармақ 10
10. Қарыз алушы (лизинг алушы) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес субсидиялар беру туралы өтініш береді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 2
2) салық төлеушіні тіркеу туралы куәліктік нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 3
3) салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, анықтамаға өтініш тіркелген күннің алдындағы үш айдан аспайтын күн қойылуы тиіс;
Тармақша 4
4) қаржы институты куәландырған кредиттік шарттың (қарыздың, қаржы лизингінің) көшірмесі, қарыз алушының (лизинг алушының) кредит алу туралы несие шотынан үзінді көшірме немесе қарыз алғанын, лизинг затын растайтын құжат, кредитті (қарызды, лизингті) өтеу және ол бойынша пайыздары өтеу кестесі;
Тармақша 5
5) қарыз алушының (лизинг алушының) барлық дерекемелерімен бірге субсидиялар аударуға арналған шоты көрсетілген банктің анықтамалары;
Тармақша 6
6) егер кредиттерді (қарыздарды) қарыз алушы айналым қаражатын толықтыруға алған жағдайда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сатып алынғанын (бұл ретте отандық тауар өндірушілерге басымдылық беріледі) растайтын шарттардың көшірмелері.
Өтініш және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігіліп, парақтары нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің арт жағындағы жіптің ұшы "__" парақ тігілген және нөмірленген. Күні 20__ жыл "__"________" деген сөздер жазылған қағаз парақпен желімделіп, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және қарыз алушының (лизинг алушының) мөрімен бекітілуі тиіс. Конверттегі тігілмеген, жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және қарыз алушыға (лизинг алушыға) қайтарылады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырыс күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және олардың мынадай өлшемдерге сәйкестігін тексереді:
Тармақша 1
1) ұсынылған құжаттардың дұрыстығы және олардың осы Ереженің 10-тармағына сәйкестігі;
Тармақша 2
2) мерзімі өткен салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;
Тармақша 3
3) алынған кредиттің (қарыздың, лизингтің) бағыты осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болуы тиіс;
Тармақша 4
4) қаржы институттары меншікті және/немесе тартылған қаражаттар есебінен берген кредит (қарыз, лизинг) сомасы 500 000 000 (бес жүз миллион) теңгеден немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит (қарыз, лизинг) берілетін күнгі қолданыстағы ресми бағамы бойынша шетелдік валютадағы баламасынан аспауы тиіс.
Тармақ 12
12. Қарыз алушының (лизинг алушының) өтінішін қарау қорытындылары туралы комиссия шешімі отырыс өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді, комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды. Қарыз алушыны субсидиялар алушылар тізіміне қосу туралы немесе бас тарту себебі көрсетіле отырып, тізімге қосудан бас тарту туралы комиссия шешімі 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға (лизинг алушыға) жазбаша нысанда хабарланады.
Тармақ 13
13. Комиссия қарыз алушыны (лизинг алушыны) оң шешім қабылдағаны туралы хабардар еткеннен кейін, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 10 жұмыс күні ішінде қарыз алушымен (лизинг алушымен) субсидиялау туралы шарт жасасады.
Тармақ 14
14. Субсидиялар алу үшін іріктеуден өткен қарыз алушы (лизинг алушы) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін тоқсан сайын осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес өтінімді, кредиттік шарттар бойынша, кредиттерді (қарыздарды, лизингті) қайтару және кредитті (қарызды, лизингті) пайдаланғаны үшін пайыздарды өтеу бөлігінде міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттарды, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағдарламаны іске асыруға қатысатын қарыз алушының (лизинг алушының) қаржы-экономикалық қызметі туралы ақпаратты береді.
Тармақ 15
15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген қарыз алушы (лизинг алушы) ұсынған өтінімнің дұрыстығын тексереді, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ведомость және төлем шоттарын қалыптастырады.
Тармақ 16
16. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қарыз алушыға (лизинг алушыға) субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын жібереді.
Тарау 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 17
17. Қарыз алушы (лизинг алушы):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялар төлеу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығына;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы институттары алдындағы кредитті, лизингті уақтылы және толық қайтару, кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапты болады.
Тармақ 18
18. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджеттік қаражаттың іске асырылуына, мақсатты пайдаланылуына және бюджеттік бағдарламаның нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты болады.
Басқа 1. Өтініш
Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялауға республикалық
бюджеттен қаражат беру
ережесіне 1-қосымша
Өтініш
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ________________ N қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер бойынша, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру ережесін қарап,
_____________________________________________________________________ (қарыз алушының, лизинг алушының толық атауы)
cубсидияларды алуға және 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуға тілек білдіреді.
Қатысушы туралы мәліметтер
1. Заңды мекен-жайы _________________________________________
2. Іс жүзіндегі мекен-жайы, телефондары, факсы, электрондық
мекен-жайы ________________________________________________________
3. Жарғылық капиталындағы үлестері көрсетілген негізгі
құрылтайшылар _____________________________________________________
4. Басшының тегі, аты, әкесінің аты _________________________
5. Қызметтің негізгі түрлері ________________________________
6. Жұмыс істейтіндердің саны ________________________________
7. Қаржы институтының атауы _________________________________
8. Кредит шартының нөмірі және қол қойылған күні ____________
9. Кредит шартының (қарыз алу шартының, қаржы лизингінің)
сомасы ____________________________________________________________
10. Кредит шартының (қарыз алу шартының, қаржы лизингінің)
қолданылу мерзімі __________________________________________________
11. Кредит (қарыз, лизинг)бойынша сыйақы ставкасы ____________
12. Қарыз қаражатының мақсатты пайдаланылуын бағыттау ________
Басшы _________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Басқа 2. Кредиттер (қарыздар, лизинг) бойынша пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім
Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялауға республикалық
бюджеттен қаражат беру
ережесіне 2-қосымша
Кредиттер (қарыздар, лизинг) бойынша пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындарды өтеуге республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім
Күні 20___ ж ___ ___________
Осымен қарыз алушы (лизинг алушы) ________________________ Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінен 20__ жылғы ___ ___________ N__ субсидиялау шартына
сәйкес республикалық бюджеттен 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер,
жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде)ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы
бойынша N_______ есептік шотқа ___________ кезеңі үшін ____________ теңге сомасында
қаражат аударуды сұрайды.
Басшы _______________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Басқа 3. 2009 жылдың ___ тоқсанына 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын қарыз алушының (лизинг алушының) қаржылық-экономикалық қызметі туралы ақпарат
Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялауға республикалық
бюджеттен қаражат беру
ережесіне 3-қосымша
2009 жылдың ___ тоқсанына 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасын іске асыруға қатысатын қарыз алушының (лизинг алушының) қаржылық-экономикалық қызметі туралы ақпарат
Кезең
Сатып алынған шикізат
Өндірілген дайын өнім
Жұмыс істеушілер саны
Жұмсалған қуат %
Бюджетке төленген салық сомасы (корпоративтік, ҚҚС, әлеуметтік), мың теңге
ақшалай түрде мың теңге
заттай түрде
ақшалай түрде мың теңге
заттай түрде
барлығы
оның ішінде қайта құрылған жұмыс орындары
2009 ж. тоқсан
2008 ж. тоқсан
Басшы ____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Басқа 4. 20__ жылғы _____ N_______ субсидиялау шартына сәйкес 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ведомость
Ауыл шаруашылығы өнімдерін
қайта өңдеу кәсіпорындарына
олардың негізгі және айналым
қаражатын толықтыруға қаржы
институттары беретін кредиттер
бойынша, жабдықтар лизингі
бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялауға республикалық
бюджеттен қаражат беру
ережесіне 4-қосымша
"Бекітемін"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы
_______________________________
20__ жылғы "__" _______________
20__ жылғы _____ N_______ субсидиялау шартына сәйкес 096 "Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қаржы институттары беретін кредиттер, жабдықтар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша кредит (қарыз, лизинг) бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ведомость
Қарыз алушының
(лизинг
алушының)
атауы
Субсидиялау шартының нөмірі мен жасалған күні
Кредит беру шарты
ҚР АШМ субсидияларға іс жүзінде аударған сома
___ кезең үшін қарыз алушыға (лизинг алушыға) қаржы институты есептеген сыйақының барлығы
___ кезең үшін қарыз алушы (лизинг алушы) өтеген сыйақының барлығы
Субсидиялау үлесі %
___ кезең үшін бюджеттен аударылуға тиісті субсидиялау сомасы
кредит сомасы
кредит(қарыз, лизинг) бойынша пайыздық ставка
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Жауапты департаменттердің директорлары (қолы) ____________________
(Т.А.Ә.)