Об утверждении Временных правил и размеров оказания адресной социальной помощи малообеспеченным семьям Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмысы төмен отбасыларына бәсірелік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша Ережесін және мөлшерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 15.03.2002 № 3-47 және Алматы облыстық мәслихатының 18.03.2002 № 20-132 шешімдерімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі N 1036 Қаулысына сәйкес, облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Халықтың тұрмысы төмен азаматтарына бәсірелік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша Ережесі және мөлшері N 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен аудан Әкімдеріне материалдық көмек көрсету және бәсірелік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша Ережесі туралы халықтың арасында түсініктеме жұмыстары жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Н.Д. Бөлекбаева): - әлеуметтік қорғаудың бағдарламасы бойынша 807833 мың теңге сомасында бәсірелік әлеуметтік көмек көрсетуде 1999 жылға арналған облыстық бюджеттен көзделінген қаражаттар бөлінсін және шығындар жігіне енгізу үшін облыстық қаржы басқармасына табысталсын; - бекітілген уақытша Ережеге сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді есептеу бойынша қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жұмысы ұйымдастырылсын; - уақытша Ережеге сәйкес әлеуметтік көмекті көрсетуді есептеу бойынша қалалық және аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметі үшін бақылау жүргізуі жүзеге асырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасына (Т.Ә. Әбдіқадіров) бәсірелік әлеуметтік көмекті дер кезінде көрсету үшін қаражаттарды іздестіруде шаралары қабылдансын.
Тармақ 5
5. Облыс Әкімінің 1998 жылғы 5 маусымдағы "Жеке категориялы азаматтарға жеңілдіктер беру тәртібі жөніндегі бекітілген Ереже және оларға байланысты шығындар өтемі туралы" N 6-195 шешімінің күші жойылған деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуы үшін бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Ж.Ә. Әмірханова жүктелсін.
Басқа 7
Облыс Әкімінің шешіміне 1999 жылғы 27 тамыздағы N 8-261 шешіміне N 1 қосымша Бәсірелік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережесі Осы уақытша Ереже Мәслихаттың 1998 жылғы 18 желтоқсандағы "1999 жылға арналған облыстық бюджет туралы" N 24-183 бекітілген шешіміне, облыстық мәслихаттың 1999 жылғы 16 шілдедегі N 27-205 шешіміне енгізілген өзгерістер есебінде, облыстық бюджетпен осы мақсаттарға көзделінген қаражаттардың шегінде қолданып жүрген заңдарға сәйкес облыстың халқына бәсірелік әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша тәртібін белгілейді. І. Жалпы ереже І.1. Бәсірелік әлеуметтік көмек көрсету мына түрде көрсетіледі: - балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету; - бала туғанда әлеуметтік көмек көрсету; - жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге көмек көрсету; - жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету; - жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек көрсету; - тұрмыстық көмек көрсету; - осы Ережеде көзделінген әрбір түрдегі әлеуметтік және материалдық көмек, отбасының алып отырған басқадай көмектерге қарамастан тағайындалып, төленеді. І.2. Жұмыссыздармен және жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге көрсетілетін әлеуметтік көмек отбасына түсетін пайдаға қарамастан тағайындалады. І.3. Лайықты жылға арналған зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерін есептеу үшін республикалық бюджет туралы Заңда бекітілгендей, егер отбасының айлық пайдасын орташа жан басына шаққанда айлық есептеу көрсеткіші екі реттік мөлшерінен аспаса, балалары бар отбасыларына, бала туғанда әлеуметтік көмек, жұмыссыздарға материалдық көмек және тұрмыстық көмек көрсетуі тағайындалып, төленеді. І.4. Осы уақытша Ережеде көрсетілген бәсірелік әлеуметтік төлемдерді тағайындау аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінде алушылардың өтініштері бойынша қажетті құжаттарын тапсырумен жүргізіледі. Қабылданған өтініш жеке-жеке әрбір әлеуметтік көмек көрсету түрлеріне бөлініп, арнайы журналда реттік нөмірі мен түскен күні көрсетіліп есепке алынады. Өтініште журналға сәйкес реттік нөмірі, тіркелген күні жазылады және жауапты адамның қолы қойылады. І.5. Төлем аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерінің тапсырылған тізімі бойынша Қазақстан акционерлік ұлттық жинақ банкісінде төленеді. ІІ. Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету ІІ.1. Әлеуметтік көмек көрсету 4 және одан да көп 18 жасқа толмаған балалары бар аз қамтамасыз етілетін отбасыларына 4-айлық есептеу көрсеткіші мөлшерінде әр тоқсанда бір рет тағайындалады. ІІ.2. Егерде баланың әкесінің жұмысқа қабілеті болып, бірақ жұмыссыз ретінде тіркелінбеген болса әлеуметтік көмек көрсетілмейді. ІІ.3. Аз қамтамасыз етілген отбасыларына тұрған орындары бойынша әлеуметтік қорғау органдарына ағымды тоқсанның 2-айының 30-на дейін әр тоқсанда бір рет келесі құжаттарды ұсынады: - әлеуметтік көмек көрсетуін тағайындау туралы өтініш; - әр балаға туу туралы куәлігінің көшірмесі; - отбасын растайтын құжат; - жұмыс, қызмет, оқу орындарынан отбасы мүшелерінің пайдасы туралы анықтама; - жұмыссыздар жұмыссыз ретінде алатын материалдық көмектің мөлшерін көрсетумен тіркелгені туралы анықтама ұсынады; - заңдық тұлғада құрылмаған кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарынан анықтама ұсынады; ІІ.4. Аудандық, қалалық халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері ағымды тоқсанның ақырғы айының 15-не дейін алушылардың тізімдерін құрастырып ағымды тоқсан үшін әлеуметтік көмек көрсету бойынша тағайындауын жүргізеді және тоқсанның соңғы айының 25-не дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылған) жазбаша мәлімет береді. ІІ.5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы алдыңғы тоқсанның І-айының 5-күні өткен тоқсанда жиналған тапсырмаларды жинақтап, облыстық қаржы басқармасына қаржыландыру ашу үшін жинақталған мәлімет ұсынады. ІІІ. Бала туғанда әлеуметтік көмек көрсету ІІІ.1. Бала туғанда әлеуметтік көмек көрсету лайықты жағдай болған кезде біржолғы 4-айлық есептеу көрсеткішінің мөлшерінде аз қамтамасыз етілетін отбасыларына тағайындалып төленеді. ІІІ.2. Көмек отбасындағы күйеуіне немесе әйелінің біреуіне ғана көрсетіледі. Олар болмаған жағдайда немесе өліп қалған болса нақты баланы күтетін адамға беріледі. ІІІ.3. Екі немесе одан да көп бала туылған кезде әлеуметтік көмек әрбір балаға тағайындалып, төленеді. ІІІ.4. Әлеуметтік көмек тағайындалмайды және төленілмейді: - егер бала өлі туса; - жұмысқа қабілеті бар әкесі жұмыс істемей, оқымай және жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайда. ІІІ.5. Бала туғанда әлеуметтік көмек көрсету үшін: - өтініш; - туу туралы анықтама; - отбасы құрамы туралы анықтама; - отбасы мүшелерінің пайдасы туралы жұмыстан, қызметінен, оқу орнынан анықтама. Құжаттары негіз болып табылады. ІІІ.6. Бала туғанда әлеуметтік көмек көрсетудің өтініші сәйкестік құжаттарын бірге тапсырумен, лайықты жағдайдың болған күнінен бастап үш ай ішінде қабылданады. ІІІ.7. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері өтініштердің түсу мөлшері бойынша бала туғандағы әлеуметтік көмек көрсетілуін есептеуі жүргізіледі және ай сайын 30-на дейін облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына мәліметті береді. ІІІ.8. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы келесі айдың 5-не дейін жинақталған мәліметті облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруды ашу үшін беріледі.
Тармақ iv
IV. Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету және жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек көрсету IV.1. Жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсету және жұмыссыздарды жерлеуге материалдық көмек көрсету лайықты жағдайлар болған кезде отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді ұйымдастыруды өзіне алған адамға 10-реттік есептеу көрсеткіші мөлшерінде тағайындалып, төленеді. IV.2. Әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуді тағайындау және төлеуі үшін туыстарынан немесе жерлеуді ұйымдастырған адамның атынан өтініш және азаматтардың жағдайының актілерін жазу бөлімімен берілген өлу туралы анықтама негіз болып табылады IV.3. Жерлеуге әлеуметтік және материалдық көмек көрсету өтініш лайықты жағдай болған күннен бастап, 3-ай ішінде қабылданады. IV.4. Аудандық және қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері жерлеуге әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуге түскен өтініштерді есептеп, мөлшерін әр айдың 30-на дейін басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған мәліметті облыстық басқармаға ұсынады. IV.5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы келесі айдың 5-не дейін облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруды ашуы үшін жинақталған мәліметті береді.
Тармақ v
V. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтерін қолдануының төлеміне тұрмыстық көмек көрсету V.1. Шағын қамтамасыз етілетін отбасыларына, олардың жиынтық пайдасының отбасы мүшелеріне екі айлық есептеу көрсеткішінен аспайтындарға тұрмыстық көмек көрсетіледі. V.2. Егерде отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адам, не жұмыс істемей, не оқымаса, не әскер қатарында қызмет етпесе және ол адам жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелінбесе тұрмыстық көмек тағайындалмайды және төленбейді. V.3. 1999 жылдың 1-сәуірінен бастап тұрмыстық көмек көрсету үшін келесі құжаттар: - өтініш; - отбасы құрамын растайтын анықтама; - отбасы мүшесінің пайдасы туралы анықтама негіз болып табылады. V.4. Тұрмыстық көмекті есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 тамыздағы N 1266 қаулысында ескертілген және қолданып жүрген заңда көрсетілгендей коммуналдық қызметті қолдану және үй көлемінің әлеуметтік нормалары қолданылады. V.5. Аудандық және қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері тоқсанның соңғы айының 25-не дейін тоқсан сайын тұрмыстық көмекке берілген сомалары мен мекен-жайын көрсетумен негізгі жалдаушылар мен меншік пәтер алушылардың жеке шоты негізінде тізімдері құрастырылады. Құрастырылған тізімдері І-ші басшының, бас бухгалтердің қолы қойылып, елтаңба мөрі басылып куәландырылады және облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынылады. V.6. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы берілген құжаттарды тексергеннен кейін облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруды ашу үшін жинақтық мәліметті ұсынады. VІ. Жұмыссыз азаматтарға материалдық көмек көрсету VІ.1. Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыс бастылығы туралы" Заңның 6 бабында белгіленген тәртіпте жұмыссыз статусын алған азаматтарға бір айлық есептеу көрсеткішінің мөлшерінде азаматтарға материалдық көмек көрсетіледі. VІ.2. Материалдық көмек көрсетудің жалпы мерзімі 12-айлық кезең ішінде 3-айдан аспауы керек. VІ.3. Материалдық көмекті тағайындау үшін: - өтініш; - отбасы құрамын растайтын анықтама; - отбасы мүшелерінің пайдасы туралы анықтамалар негіз болып табылады. VІ.4. Жұмыссызды кәсіби оқыту немесе қоғамдық жұмысқа жіберген жұмыссыздарды кезектен алмайды, бірақ материалдық көмек көрсетуі тоқтатылады. VІ.5. Материалдық көмек көрсету төлемі және жұмыссыз статусын алып тастау бір мезетте тоқталады. Жұмыссызға көмек көрсетуді тоқтату жұмыспен қамту сұрақтары жөніндегі өкілеттік органның шешімі бойынша белгіленген тәртіпте жүргізіледі. VІ.6. Аудандық және қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері өтініштердің түсуіне қарай материалдық көмек көрсетудің мөлшерін анықтап, әр айдың 30-на дейін І-ші басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылған тапсырманы облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына ұсынады. VІ.7. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы келесі айдың 5-не дейін облыстық қаржы басқармасына қаржыландыруды ашу үшін жинақталған тапсырманы ұсынады.