Об утверждении Положения о порядке установления организациям минимального количества рабочих мест (квоты) для приема на работу лиц, нуждающихся в социальной защите Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу тәртібінің Ережесін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 маусым 1999 жылғы N 855 "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу мәселелері" туралы қаулысын орындау мақсатында Облыс Әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу тәртібінің Ережесі" қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан және қала әкімдері, әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жұмыс орындарын (квота) белгілеу жұмыстарын жетілдіру мен үйлестіруді іске асырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің - бірінші орынбасары В. Долженковқа жүктелсін.
Басқа 5
Алматы облысы Әкімінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі шешіміне қосымша Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу тәртібі туралы Ереже Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 маусым 1999 жылғы N 855 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін ұйымдарға ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеудің тәртібі туралы үлгі ережеге" сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж, жұмысқа тұруда қиындық көріп жүрген азаматтарға жұмысқа орналасуға ықпал етеді, оның ішінде: - 20 жасқа дейінгі жастарға; - 16 жасқа толмаған мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналарға, мүгедектерге; - жұмыстан соңғы босатылған негізіне қарамастан ұзақ уақыт, бір жылдан астам уақыт бойында жұмысы жоқ адамдарға; - зейнеткерлік алдындағы (зейнеткерлікке шығуына дейін 2 жыл қалған) адамдарға; - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сот шешімі бойынша мәжбүрлі емдеуден өткен адамдарға; - босқындарға, оралмандарға (көшіп келушілерге).
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмыспен қ.3амту үшін меншік нысанына қарамастан ұйымдарға жұмыс орындарының ең аз саны (квота) белгіленеді. Жұмыс орындары (квота) - бұл ұйымдардағы жұмыс орындарының әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды жұмысқа қабылдау үшін белгіленген бөлігі.
Тарау 2. 2. Квоталарды белгілеудің шарттары мен тәртібі
2. Квоталарды белгілеудің шарттары мен тәртібі
Тармақ 3
3. Квота туралы нақты ұсыныстарды әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдар топтарының мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аймақтағы жұмыс күшіне сұранымды және ұсынымды талдаудың, болжаудың негізінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар әзірлейді. Квоталарды белгілеу кезінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдардың жасы мен жыныстық құрамы, мамандығы мен біліктілік деңгейі, сондай-ақ ұйымдардағы қызмет түрі, режимі (тәртібі) сипаты мен әлеуметтік-тұрмыстық еңбек жағдайы ескеріледі.
Тармақ 4
4. Аудандар мен қалалардың әкімдері жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар ұсынған ұсыныстардың негізінде тиісті шешімдерімен өз аумағында орналасқан ұйымдарға әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарды қабылдау үшін жұмыс орындарына квота және оны енгізу мерзімін белгілейді.
Тармақ 5
5. Квота мөлшері (ұйымда жұмыс істейтін адамдар санының 5%-нен аспайтын) жыл сайын кемінде бір жыл мерзімге белгіленеді.
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар белгіленген квота туралы жұмыс берушілерді квотаны енгізуден бір ай бұрын хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес азаматтардың осы Ереженің 1-ші тармағында көрсетілген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін қажетті жұмыс орындарын құрады немесе бөледі.
Тармақ 8
8. Квота бойынша жұмыс орындарына еңбекке орналастыру жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Жұмыс берушілердің әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудегі міндеттері және жауапкершілігі
3. Жұмыс берушілердің әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудегі міндеттері және жауапкершілігі
Тармақ 9
9. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген азаматтарды әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж адамдарға арналған квотаға сәйкес жұмысқа қабылдауға міндетті.
Тармақ 10
10. Белгіленген квоталардың шеңберінде құрылған немесе бөлінген, босаған жұмыс орындары туралы ақпаратты жұмыс берушілер олар пайда болған күннен бастап үш күн мерзім ішінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес жұмысқа біреуді алатын болса, ол туралы 5 күн мерзім ішінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға оның жұмысқа тұрған күні көрсетілген хабарламаны беруге міндетті.
Тармақ 12
12. Ұйымдарды жою немесе қызметкерлерінің санын, штат кестесінің қысқартылуы сияқты шараларды жүргізген кезде квота бойынша белгіленген жұмыс орындарының санын ағымдағы жылдың бітуіне дейін қысқарту тек қана аудан (қала) әкімінің келісімімен ғана болады.
Тармақ 13
13. Аудан (қала) әкімінің жұмыс орындарын квоталау туралы шешімін орындамаған немесе әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастырудан жалтарған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап береді.
Тармақ 14
14. Квотаның есебінен бөлінген жұмыс орындарының толығуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың инспекциясы жүзеге асырады.