"Салауатты өмір салты" облыстық кешенді Бағдарламасын бекіту туралы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Салауатты өмір салты" облыстық кешенді Бағдарламасын бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 қарашаның 16-ғы ""Халық денсаулығы" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 4153 Жарлығын орындау мақсатында, облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Салауатты өмір салты" облыстық кешенді Бағдарламасы (№ 1 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандар мен қалалардың әкімдері, басқармалар мен департаменттердің басшылары "Салауатты өмір салты" облыстық кешенді Бағдарламасын сөзсіз орындау шараларын қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Ж. Әмірхановаға жүктелсін.
Басқа 4. "Пайдалы тамақтануға көмектесу" стратегиясын жүзеге асыру шараларының жоспары
Облыс Әкімінің 1999 жылғы 3 тамыздағы № 8-220а шешіміне № 1 қосымша Облыстық "Салауатты өмір салты" кешенді бағдарламасы Алматы облысының "Салауатты өмір салты" Бағдарламасы 1999-2010 жылдарға есептелген. Бағдарламаның басты мақсаты - Алматы облысының әрбір тұрғынының тұрмыс деңгейі мен тіршілік ортасын жақсарту, денсаулық пен салауатты өмір салтына жаңа көзқарасты қалыптастыру болып табылады. Салауатты өмір салты стратегиясын жүзеге асырудағы басымдықтар: - Алматы облысы Әкімінің жанынан салауатты өмір салты жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру; - "Салауатты өмір салты" облыстық Бағдарламасын жасау және іске асыру; - облыс халқының денсаулығын сақтау мен күшейтуге мүмкіндігінше әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау; - облыс халқы арасында салауатты өмір салтын насихаттау; - алғашқы алдын ала емдеудің басымдылығы, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру және дамыту. Салауатты өмір салты стратегиясының негізгі принциптері: - Алматы облысы Әкімінің аппараты деңгейінде үйлестіру және секторлық өзара іс-қимыл жасау; - салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының Ұлттық Орталығы жасаған әдістемелер мен ұсыныстарды пайдалану және енгізу; - халық арасында салауатты өмір салты мен пайдалы тамақтануға ынталандыру механизмін енгізу; - салауатты өмір салты мәселелері бойынша жеке, отбасылық және популяциялық деңгейде Алматы облысы халқының білім дәрежесін арттыру; Салауатты өмір салты стратегиясының басымдық бағыттары: - пайдалы тамақтануға көмектесу; - дене тәрбиесі мен спортты дамыту; - маскүнемдік және нашақорлықпен, шылым шегумен куресу; - жыныс тәрбиесі, жыныс қатынасымен берілетін аурулар мен СПИД-тің алдын алу; - вирус гепатиті мен асқынған ішек инфекциясының алдын алу; - туберкулезге қарсы күрес; - экология және денсаулық. 1. Пайдалы тамақтануға көмектесу стратегиясы Мақсаты - халыққа ұтымды тамақтану принциптерінің есептерін дәлелдеп беру, тамақтану индустриясының дамуына көмектесу, оның салдары - денсаулықты нығайту. Стратегияның негізгі басымдықтары: - халық арасында сапалы және ұтымды тамақтанудың нормаларын тарату; - жұмыс орындары мен оқу орындарында тамақтанудың осы заманғы нормасы бойынша ұтымды тамақтануды қамтамасыз ету; - сәбилер мен репродуктивтік кезеңдегі әйелдер темір тапшылығы анемиясын жою; - әсіресе 6 айға дейінгі балаларды емшек сүтімен қоректендіру процентін арттыру; - аумақтық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, барлық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұтымды тамақтанудың принциптерін халық арасында насихаттау, балалардың оқу орындары мен мектептерге арналған пайдалы тамақтану жөніндегі оқу бағдарламаларын жетілдіру; - мектепке дейінгі балалар мекемелерінде ұтымды тамақтануды қамтамасыз ету. "Пайдалы тамақтануға көмектесу" стратегиясын жүзеге асыру шараларының жоспары № Шаралардың атауы Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Орындауына жауапты-лар 1 Халықтың әр түрлі тобына қуат қажеттілігінің физиологиялық нормасы туралы халықты хабардар (әдістемелік ұсыныстар, жадынама, үндеухат, т.б.) ету Алматы обл. Әкімі денс. сақт. Басқ. Бұйрығы 1999-2010 жж. Алматы обл. Әкімі денс. сақтау, білім және Мемсанэпидқадағалау Басқ. 2 Темір сульфаты мен фолий қышқылы бар дәрілерді апта сайын қабылдау, ЮНИСЕФ әдісі бойынша репродуктивтік кезеңдегі әйелдер мен сәбилердің темір тапшылығы жағдайын жоюға бағытталған бағдарламаны кезең-кезеңмен жүзеге асыру ЮНИСЕФ бағдарламасы, облыс Әкімінің денс. Сақтау басқ. Бұйрығы Тұрақты Облыс Әкімінің денсаулық сақтау басқармасы 3 Емшек сүтімен коректендірудің артықшылығын насихаттау. Сәбилер емшек сүтімен қоректендірудің процентін арттыру Алматы обл. Әкімі денс. сақт. Басқ. Бұйрығы Тұрақты Облыс Әкімінің денсаулық сақтау басқармасы 4 Облыс бойынша балалар сүтханасының тоқтап қалған жұмысын қалпына келтіру Алматы облысы Әкімінің өкімдері 2000-2001 жж. Денсаулық сақтау басқармасы 5 Сапа стандарттауынан өткен балалар тағамының азық түліктерін іске асыру мақсатында әрбір елді мекендегі "Балалар тағамды бұрышы" сауда объектілерін анықтау Ауд.қала Әкімдерінің өкімдері 2000 ж. Аудан мен қалалар Әкімдері 6 Қызметкерлер мен оқушылар үшін кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдар мен оқу орындарында ұтымды тамақтануды ұйымдастыру Ведомстволар бойынша бұйрықтар 2000 ж. Мекеме, ұйымд., оқу орынд. әкімшілігі 7 Мектепке дейінгі және мектептердегі балалардың ұтымды тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі семинарлар өткізуді қамтамасыз ету Облыс Әкімі денс. сақтау, білім және Мемсанэпидқадағалау Басқ. Бұырығы 1999-2010 жж. Облыс Әкімі денс. Сақтау, білім және Мемсанэпидқадағалау Басқ. 8 Мектепке дейінгі мекемелер мен оқу рындарында балалардың ұтымды тамақтануына бақылау жасау Облыс Әкімі денс. сақтау, білім және Мемсанэпидқадағалау Басқ. Бұырығы Облыс Әкімі, Мемсанэпидқадағалау Басқ.Бұйрығы 9 Барлық насихат құралдарын пайдалана отырып (мектеп денсаулық, лекция,...БАҚ) халыққа ұтымды тамақтану мен сәбилер емшек сүтімен қоректендірудің принциптерін кеңінен насихаттау Облыс Әкімі денс. сақтау, білім және Мемсанэпидқадағалау Басқ. Тұрақты Облыс Әкімі денс. Сақтау басқармасы 2. Дене тәрбиесі мен спортты дамыту стратегиясы Мақсаты - халықтың денсаулығы мен дене тәрбиесін белсенділігін жақсартуды насихаттау. Стратегияның негізгі басымдықтары: - халықтың дене тәрбиесі және олардың спортпен жаппай шұғылдануына көмектесу; - дене тәрбиесін, спортпен және туризмді медициналық қамтамасыз ету; - халықтың дене тәрбиесін және спортпен шұғылдануын сапалы түрде қалыптастыру. "Дене тәрбиесі мен спортты дамыту" стратегиясын жүзеге асыру шараларының жоспары № Шаралардың атауы Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Орындауына жауапты-лар 1. Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданушыларды дәрігерлік бақылауға алу қызметін жетілдіру Обл Д.С. басқармасының бұйрығы 2000 ж. Алм.обл. Д.С. басқ. 2. Барлық насихаттау құралдары мен БАҚ-ын пайдаланып салауатты өмір салтының негізгі элементі ретінде дене тәрбиесін насихаттау және түсіндіріп тарату Алм.облысы Әкімінің Д.С., спорт ж/е дене тәрбиесі Тұрақты Обл.Әкімінің Д.С., Спорт және дене тәрбиесі басқармалары 3. Халықтың салауатты өмір салтын белсенді түрде қолдануына әсер ететін, материалдық тұрғыдан көтермелеу жүйесін дайындап, енгізу Ауд. Мен қала Әкімдерінің өкімдері 2000 ж. Облыс. Ауд. Мен қала Әкімдері 4. Халықтың тұратын жерлерінде кәсіпорын мен ұйымдарда емдеу-алдын алу және санаторлық-куроттық мекемелерде, демалыс үйлері мен туристік объектілерде дене тәрбиесі мен сауықтыру, бұқаралық спорт жұмыстарына жағдай жасау Ауд. мен қала Әкімдерінің өкімдері 2000-2010 жж Ауд. Мен қалалар Әкімд. Кәсіпор. Мен мекем.әкімшілітері 5. Емдеу мекемелерінде халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарына арналған(мүгедектер, зейнеткерлер) емдік дене тәрбиесі топтарын ұйымдастыру Обл. десаулық сақтау басқ. Буйрығы 2000 ж. Обл. десаулық сақтау басқармасы 6. Оқу орындарындағы спорт және дене тәрбиесіне арналған құрылыстарды, негізгі мақсаты бойынша, салауатты өмір салтын қалыптастыруға пайдалану Облыс Әкімі Білім басқ. Бұйрығы 2000-2010 жж. Облыс Білім басқармасы 7. Жалпы білім беретін мектептердің, мәдениет үйлерінің, спорт кешендерінің құрамында ағарту, дене тәрбиесі және спорт қоғамдық орталықтарын құру Әкімдердің өкімдері, Біл., Спорт және дене тәрбиесі басқармасының бұйрығы 2000-2001 жж. Ауд. мен қалалар Әкімдері, Біл.,Спорт және дене тәрбиесі басқ. 3. Маскүнемдікке, нашақорлыққа және шылым шегуге қарсы күрес стратегиясы Мақсаты - спирт ішімдіктерін, есерткіні пайдалану және шылым шегу денгейін төмендету мақсатында әлеуметтік-мәдени ахуал жасау. Стратегияның негізгі басымдықтары: - салауатты өмір салты бойынша, шылым шегудің, ішімдік және есірткі пайдаланудың денсаулыққа зияны туралы бұқаралық насихат жұмысын жүргізу; - халықтың денсаулығын сақтау және нығайту; - кадрларды әзірлеу. Маскүнемдікке, нашақорлыққа және шылым шегуге қарсы күрес стратегиясын жүзеге асыру бағытындағы шаралар жоспары № Шаралардың атауы Аяқтау үлгісі Орындалу мерзімі Орындауына жауапты-лар 1. Халықтың ішімдік ішумен және шылым шегумен қауіпті деңгейде шұғылданатын, халықтың тобын анықтау мақсатында облыс аудандары мен қалалары халқының, әсіресежастар мен әйелдер арасында спирт ішімдіктерін пайдалану мен шылым шегудің таралу эпидемиологиясын анықтау үшін социологиялық зерделеу жүргізу Алматы облысы Әкімінің өкімі 2000-2001 жж. Обл.Әкімі аппаратының талдау, болжау және социол. зерделеу бөлімі, Обл.Д.С. басқармасы 2. Салуатты өмір салты жөнінде халықтың денсаулығына, әсіресе жасөспірім қыздарға және жүкті әйелдерге спирт ішімдіктерінің зияны. Еліміздің экономикасына тигізетін кері әсері туралы халық арасында насихат жұмысын тұрақты түрде жүргізу Облыс Денсаулық сақт., Білім басқармаларының бұйрығы 2000-2005 жж. Облыстық денсаулық сақт.және Білім басқ. 3. Облыстық психикалық денсаулық орталығы негізінде әлеуметтік психологиялық көмек көрсету кабинетін құру Облыс Денсаулық сақтау басқ. Бұйрығы 2000 ж. Ауд. Мен қалалар Әкімдері 4. Мемлекеттік меншіктегі мекемелер мен органдарда ішімдікке жол беру мен шылым шегуге тиым салу Облыс ауд. мен қала Әкімдерінің өкімі 2000 ж. ауд. мен қала Әкімдері 5. Жыл сайын мамырдың 31-де Дүниежүзілік шылым шекпейтін Күнін және маусымның 26-да Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күнін өткізу: - санитарлық бюллетеньдердің, плакаттардың...байқау конкурсын өткізу; - КВН, шоу, спорт жарыстарын, телемарафондар өткізу; - бұқаралық акциялар ұйымдастыру. Облыс Денсаулық сақт., Білім басқармалары 1999-2010 жж. Облыс Д.С., Білім басқармасы 6. Нашақорлық, маскүнемдік және шылым шегу сияқты дерттердің алдын алу мен ауруды ерте анықтау, СӨС мәселелері бойынша медициналық қызметкерлердің диплом алғаннан кейінгі, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің және жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша әзірліктерін қамтамасыз ету Обл. Әкімінің Д.С.,Білім басқ. Бұйрықтары 1999-2000 жж. Обл.Д.С. Білім басқ. 7. Оқу орындарында "Денсаулықты қалай сақтау керек" валеологиясы бойынша оқытудың факультативтік түрін енгізу Обл. Әкімінің Д.С.,білім басқ. Бұйрықтары 2000 ж. Облыстық Білім басқармасы 4. Қауіпсіз жыныс қатынастары тәрбиесін қалыптастыруға сондай-ақ, жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар мен ВИЧ/СПИД-тің алдын алуға көмектесу стратегиясы Мақсаты - БППП және ВИЧ/СПИД ауруларымен науқастану жағдайын азайту. Стратегияның негізгі басымдықтары: - халық арасында жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың алдын алу мақсатында насихат-түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізу және СӨС мәселелері бойынша халықтың санитарлық-гигиеналық салауттылығын арттыру. Қауіпсіз жыныс қатынастар тәртібі және жыныстық қатынас арқылы жұғатын ВИЧ/СПИД-тің алдын алу стратегиясын жүзеге асыру шараларының жоспары № Шаралардың атауы Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Орындауына жауапты-лар 1. Салауатты өмір салтына байланысты санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу, әлсіз социумдар мен кәсіпкерлерді дайындықтан өткізу айрықша көңіл бөле отырып, халықтың түрлі әлеуметтік тобын жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар, ВИЧ/СПИД және қауіпсіз жыныс тәртібі туралы қажетті ақпаратпен (үн қағаздар мен кітапшалар шығарып, тарату, теледидар мен радио арқылы сөйлеу, БАҚ-да жариялану) қамтамасыз ету Обл. Әкімінің Д.С. және білім басқ. Бұйрықтары 1999-2000 жж. Обл. Әкімінің Д.С., білім басқ. 2. Облыстың тұрғындарына арнап қазақ және орыс тілдерінде20 минуттік "СПИД-тің алдын алу" видеофильмін жасау Обл. Әкімінің денсаулық сақ. Басқ бұйрығы 2000ж. Облыстық СПИД-тің алды алу және онымен күрес орталығы 3. Жыл сайын Дүниежүзілік СПИД-пен күрес Күнін өткізу: - оқу орындарында шоу: КВН, плакаттар мен санитарлық бюллетеньдер шығару, байқау -конкурстар өткізу Обл. Әкімінің өкімі, Д.С., Білім басқ. Бұйрығы 1999-2010жж. Обл. Әкімінің денсаулық сақ., Білім басқармалары 4. Оқу орындары жоғары сынып оқушыларының оқу жоспарларына жыныс гигиенасының негіздері және БППП алдын алуға байланысты дайындық шараларын енгізу Обл. Әкімінің Білім басқ. Бұйрығы 2000ж. Облыс Білім басқ. 5. Оқушылардың жатақханаларында қауіпсіз секс, жеке қорғану құралдарын, арнаулы оқу орындарының қаржысы есебінен баспа ақпаратын тарату мәселелері жөніндегі консультациялық пункттер ашу Облыс Білім басқ. бұйрығы 2000-2001 жж. Облыс Білім басқармасы 5. Вирус гепатиті, асқынған ішек инфекциясы ауруларының алдын алу және оны азайту стратегиясы Мақсаты - вирус гепатиті мен асқынған ішек инфекциясы ауруларының таралуын азайту және олармен науқастанушылар санын азайту. Стратегияның негізгі басымдықтары: - гигиена саласында вирус гепатитінің және асқынған ішек инфекциясының берілу жолдарын түсіндіруге, бағытталған жаңа стандарттар мен нормативтерді тарату; - балаларды вирус гепатитіне қарсы вакцинациялау бағдарламасын дамыту; - науқас түрлерін, әсіресе халықтың науқастану кауіптілігі жоғары топтардың науқас түрін ерте анықтау жүйесін жетілдіру; - халық арасында вирус гепатиті мен асқынған ішек инфекциясының алдын алу мәселелері жөніндегі санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру; - 1 жасқа дейінгі балалардың тамақтануын жақсарту; - ауыз суымен жабдықтау мен азық-түлік сапасын мемсанэпидқадағалау жүйесін жетілдіру. Вирус гепатитімен асқынған ішек инфекциясы ауруларының алдын алу және оны азайту стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары № Шаралардың атауы Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Орындауына жауапты-лар 1. Вирус гепатиті мен асқынған ішек инфекциясының алдын алуды насихаттау жөніндегі санитарлық- ағарту жұмыстарымен халықты кеңінен қамту Д.С. және Біл., Мемсанэпид. қадағалау бұйрықтары 1999-2010 жж. Д.С. және Біл., Мемсанэпид. қад.басқ. 2. Емшек сүтімен қоректендірудің артықшылығын насихаттау Алматы обл. Әкімінің Д.С.басқар. Бұйрығы 1999-2010 жж. Облыс денсаулық сақтау басқармасы 3. Жаңа туған сәбилерге "В" вирус гепатитіне және 5 жасқа дейінгі балаларға "А" гепатитіне қарсы вакцинация жасау басқ. Обл.Әкімінің Д.С. және Мемсанэпид. қадағалау басқ. Тұрақты Обл. Әкімінің Д.С., Мемсанэпид. Қадағалау басқ. 4. Вирус гепатитімен және асқынған ішек инфекциясымен науқастану деңгейіне мониторинг жүргізу Обл.Әкімінің Мемсанэпид. қадағалау басқ. 1999-2000 жж. Обл.Әкімінің Мемсанэпид қадағалау басқ. 5. Мектепке дейінгі және мектептердің оқу бағдарламаларындағы, жеке гигиена және санитария негіздері ережелерін оқыту жөніндегі салаларын кеңейту Обл.Әкімінің Д.С. және Мемсанэпид. қадағалау басқ. Бұйрығы 1999-2000 жж. Облыс Білім басқармасы 6. Оқу орындарын сапалы ауыз суымен және дезинфекциялаушы құралдармен қамтамасыз ету Обл.Әкімінің Білім, Мемсанэпид. қадағалау басқ.Бұйрығы 2000-2005 жж. Обл. Әкімінің Д.С.,Мемсанэпид қадағалау басқ. 7. Мектептерде вирус гепатитімен ауырған балалардың ыстық және диеталық тамақтануын ұйымдастыру шаралары қабылдансын Обл.Әкімінің Білім, Мемсанэпид. қадағалау басқ.Бұйрығы 2000-2005 жж. Обл. Әкімінің Д.С.,Мемсанэпид қадағалау басқ. 8. Қоғамдық тамақтандыру мен сауда және демалыс объектілерін санитарлық бақылауға алуды күшейту Обл.Әкімінің Мемсанэпид. қадағалау басқ.Бұйрығы 2000-2005 жж. 6. Туберкулезге қарсы күрес жөніндегі стратегия Мақсаты - туберкулезбен науқастану жағдайын тұрақтандыру және азайту. Стратегияның негізгі басымдықтары: - БДҰ (ВОЗ) ұсынған, туберкулезды емдеу және оның диагностикасының жаңа тәсілдері; - Балаларды туберкулезге қарсы иммунизациялау; - Халық арасында туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу. Туберкулезге қарсы күрес стратегиясын жүзеге асыру шараларының жоспары № Шаралардың атауы Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Орындауына жауапты-лар 1. Халық арасында туберкулездің алдын алу және салауатты өмір салтына байланысты санитарлық- ағарту жұмыстарын жандандыру Обл.Әкімінің Д.С.,Мемсанэпид қадағалау басқ. Тұрақты Обл. Әкімінің Д.С.,Мемсанэпид қадағалау басқ. 2. Туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің мамандары мен жалпы жүйенің медициналық қызметкерлерін ДОТС терапия әдістемесі бойынша оқытуды қамтамасыз ету Обл.Әкімінің денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы 1999-2010 жж. Обл.денсаулық сақт.басқармасы 3. Облыстық туберкулезге қарсы күрес мекемелерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Тендерлік негіздегі мақсаттық сатып алу 2000-2010 жж. Обл.денсаулық сақт.басқармасы 4. Жаңа туған сәбилер мен 1-сынып оқушыларын туберкулезге қарсы иммунизациялау Обл.Әкімінің Д.С., Мемсанэпид қадағалау басқ. Бұйрығы Тұрақты Обл. Әкімінің Д.С.,Мемсанэпид қадағалау басқ. 7. "Денсаулық және қоршаған орта" стратегиясы Мақсаты - халықтың қоршаған ортаны таза сақтау мәселелері жөніндегі мәдениетін арттыру. Стратегияның негізгі басылымдықтары: - қоршаған орта факторларының адам ағзасына қолайсыз әсер етуіне байланысты ауру мен өлім-жетімді азайту; - қоршаған ортаны қорғау және жақсартуға байланысты саясатты жүзеге асыруға халықты, қоғамдық ұйымдарды кеңінен тарту. "Денсаулық және қоршаған орта" стратегиясын жүзеге асыру шаралары жоспары № Шаралардың атауы Аяқтау нысаны Орындалу мерзімі Орындауына жауапты-лар 1. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды ұйымдастыру Обл.Әкімінің Д.С.,Мемсанэпид қадағалау басқ. бұйрығы 1999-2010 жж. 2. Ауыз суымен қамтамасыз ету көздері мен су құбырларының санитарлық-техникалық жағдайына, атмосфералық ауаның ластауына, облыстағы қолайсыз экологиялық жағдайдың есептеріне талдау жасау. Ауыз суымен қамтамасыз ету мен қоршаған ортаның сапасына мониторинг ұйымдастыру Обл.Әкімінің Д.С.,Мемсанэпид қадағалау басқ. және Қорш.Ортаны қорғ.Басқ.Бұйрығы 2000ж. Обл.Әкімінің Мемсанэпид қадағалау басқ.,Қорш.Ортаны қорғ. Басқ. 3. Оқу орындарының оқу бағдарламаларына қоршаған орта гигиенасы мәселелерін енгізу Білім басқармасының бұйрығы 2000-2001 жж. Облыс білім басқармасы 4. "Денсаулық мектебі" жобасы бойынша облыста осы атқа сай мектепті анықтау Обл.Әкімінің Д.С., Мемсанэпид қадағалау басқ. Бұйрығы 1999-2001 жж. Облыс білім, қорш.ортаны қорғау басқармасы.