Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
ҚАЗКәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-180/IV
- Қабылданған күні
- 17.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2014 · қолданыстағы AI44360_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09UJ000111
- ЭКБ идентификаторы
- 44360
- Редакция идентификаторы
- AI44360_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:45
0 Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сайрам ауданында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық режимінің ставкаларын бекіту туралы" Сайрам аудандық мәслихатының 2006 жылғы 15 ақпандағы N 27-269/ІІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-10-32 тіркелген, 2008 жылғы 16 мамырда "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешімінің 2009 жылдың 1 қаңтарынан күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сайрам аудандық мәслихатының
2009 жылғы 17 желтоқсандағы
N 16-180/ІV шешіміне қосымша
N
Салық салу объектісінің атауы
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
1
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
1
2
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
1
4
Ойын жолы
5
5
Карт
2
6
Бильярд үстелі
3