О некоторых проблемах предприятий, производящих вино-водочную продукцию Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арақ-шарап өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен. Алматы облысы аумағында арақ-шарап өнімін өндіретін кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметінің тоқтап қалмауын және лицензияларды негізсіз кері қайтарып алуды болдырмау үшін, сондай-ақ салықтар мен төлемдердің бюджетке жоспарлы түрде түсуіне және өндірушілердің шығаратын өнімдерін ұлғайтуға көмек көрсету мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудан мен қала әкімдері: - алкогольді өнімдерді өндіруші кәсіпорындардың қызметін ерекше бақылауға алсын; - кәсіпорын бақылаушы органдар тарапынан жабылып қалған жағдайда, оның жұмысын жандандыруға шұғыл шаралар қолдансын; - мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері спиртті тек "Талғарспирт" АҚ-нан сатып алсын.
Тармақ 2
2. Экономика комитеті (Е. Адасбаев) арақ-шарап өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың ағымдағы мәселелерін шешуге іс жүзінде көмек көрсету мақсатында әдістемелік кеңес құрсын.
Тармақ 3
3. Салық комитеті (Л. Нұрбекова), салық полициясы комитетінің басқармасы (С. Куринов) арақ-шарап бұйымдарын өндіруші кәсіпорындарда акциздік постылардың жұмысын күшейтсін, ҚР Үкіметінің 1998 ж. 16.06-дағы " Алкогольдi өнiмдердiң айналымын реттеу жөнiндегi шаралар туралы" N 543 Қаулысын сөзсіз орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Ішкі істер басқармасы (Т. Құлыбаев), салық полициясы комитетінің басқармасы (С. Куринов), Алматы облыстық Кеден басқармасы (А. Мырзахметов) контрабандалық әкелімдерге және акцизі жоқ тауарларды өндіру мен сатуға күресті күшейтсін.
Тармақ 5
5. Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту комитеті (Ғ. Толқымбаев) "Алматы облысында 1999-2000 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау Бағдарламасы" бойынша спиртті өнімдерді өндіруші кәсіпорындарға несие беру жүйесі арқылы қолдау мен дамытуға бағытталған шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет (Я. Баратов): - есептегіштер құнының негізділігі және оларды спиртті ішімдік өнімдерін өндіретін кәсіпорындарда орнату үшін көрсетілетін қызметтің өзіндік құны туралы мәселелерді қарасын; - "Талғарспирт" АҚ-да белгіленуіне бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 7
7. Ұсынылсын: - алкогольді өнімдерді шығаратын өндіруші кәсіпорындар спиртті "Талғарспирт" АҚ-нан сатып алсын; - сауда кәсіпорындары сатуға негізінен Алматы облысы аумағында шығарылған арақ-шарап өнімдерін қабылдасын; - алкогольді өнімдерді шығару және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі Шығыс Қазақстан аумақтық басқармасы (Н. Камардинов) алкогольді өнімдерді шығару және көтеріп сату лицензиясын кері қайтарып алған жағдайда, аудан мен қала әкімдеріне хабарлап отырсын; - жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жабылып қалмауын және өндірістің тоқтап қалу жағдайларын болдырмау мақсатында, лицензиялау туралы заңды бұзған әрбір кәсіпорынмен алдын-ала жұмысты мына ретте:
Тармақша а
а) лицензиялау туралы заңды бұзушылық пен оны жою мерзімі көрсетіліп, нұсқама жазып беру;
Тармақша б
б) кәсіпорын басшыларына әкімшілік жолмен өндіріп алу шаралар қолдану;
Тармақша в
в) лицензияларды кері қайтарып алуды жүргізбейінше, лицензияларды ұзақ мерзімге кері қайтарып алу тәжірибесі тоқтатылсын.
Тармақ 8
8. "Жетісу", "Огни Алатау" газеттерінің редакциялары осы шешімді жарияласын.
Тармақ 9
9. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В. Долженковқа жүктелсін.